8
9
балкарском языке бурундукъ и бурунлукъ «намордник»,
сандыкъ и санлыкъ «ящик». С другой стороны в
карачаево-балкарском языке аффикс –лык, -лик, -лук,
-люк может присоединиться ко всем существительным,
прилагательным, наречием, числительным, и придают
им значение «материал такого же размера, столько,
сколько будет соответствовать предмету (понятию,
признаку, количеству). Например: бычаклыкь «столько,
сколько нужно для изготовления ножа» и др» /1/.
Қазақ тіл білімінде –лық, -лік қосымшасын екі
функциялы деп атаған Қ.Шаяхметов оның зат есім мен
сын есім тудырушы функциясын негізгі функциясы
деп көрсетеді. Форма тудырушы функциясын мынадай
сипатта анықтайды: жалқы есімдерге қосылып форма
тудырушы функция орындайды; есімдіктерге жалғанып
форма тудырады; модаль сөздерге қосылып стильдік
мақсаттағы дәлдеуші, нақтылаушы рөл атқарады; түрік
изафетіндегі тіркестердің соңғы сыңарына қосылып,
форма жасайды (Ат теріндік бірдеме ауларсыздар),
етістіктің есімше негіздеріне қосылып форма тудырушы
қызметте болады (Одан бас тарт деуіңізді озбырлық,
басынғандық, қорлағандық деп білемін) /2/.
Ы.Маманов бұл тұлғаның форма жасаушылық
қызметіне кеңінен тоқталған. Зат есімдерге, сын
есімдерге, сан есімдерге, етістіктің есімше формалары,
сонымен бірге жер-су, қала, адам аттарын білдіретін
жалқы есімдерге түгелдей жалғанады. Бірақ –лық, -лік
қосымшасы жалғанған зат есімдердің барлығы түгелдей
тілдің сөздік құрамына енбей, тек сөйлеу кезінде
қолданылатын сөздік формаға енетінін атап көрсетеді.
Зат есімге –лық, -лік қосымшасы жалғанған сөздің
лексикалық бүтін болып қалыптасқан туынды түбір сөз
немесе тек сөйлеу ішінде қолданылатын уақытша сөз
екендігін зат есімге тән септік, көптік, тәуелдік, иелік
формалармен түрлендіру арқылы айырады.
Сонымен бірге –лық, -лік қосымшасы жалғанған
сын есімдердің туынды түбір зат есім немесе сөйлемде
уақытша қолданылатын сын есімнің субстантив
формасы екендігін айырудың басты өлшемі олардың
септік, көптік формаларымен түрлену, түрленбеуінде
болатындығын көрсете келе, былай деп жазады: «Егер
туынды түбір зат есім болатын болса, онда көптік, септік
формаларымен тікелей түрленеді. Сын есімнен зат есім
болып қалыптаспаған субстантив форма сөйлемнен
тыс дербес қолданылмайды және септік, көптік
формаларымен түрленбейді. Олар тек ілік септігімен
матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамында тәуелді
формада қолданылады (үйдің аласалығы, ағаштың
түзулігі, баланың жылауықтығы) /3/.
-Лық, -лік қосымшасының форма жасушылық
қызметі туралы Ы.Маманов былай деп тұжырым
жасайды: «-Лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
қосымшасы зат есім, сын есім, сан есім және өткен
шақ формасына түгелдей жалғанады. Бір сөз табын
немесе бірнеше сөз табын толық қамту грамматикалық
форма тудырушы морфемаға тән қасиет. Олай болса,
-лық, -лік қосымшасының о бастағы негізгі қызметі
форма тудырушы екендігі, келе-келе бұл формадағы
кейбір сөздердің белгілі бір ұғымда ұдайы қолданылу
нәтижесінде мағыналары нақтыланып, туынды түбір
сөзге айналуы-заңды құбылыс» /3/.
Ы.Мамановтың жоғарыдағы тұжырымдарын
басшылыққа ала отырып, А.Жаңабекова
–лық, -лік
қосымшасы туралы мынадай пікір айтады: «-лық, -лік
10
11
қосымшасы барлық зат есімдерге жалғану мүмкіндігі
бар жұрнақ. Бірақ бұл тұлға жалғанып жасалған
сөздердің барлығы бірдей сөздік құрамға енетін дербес
лексикалық единица бола алмайды. –Лық, -лік тұлғасы
жалғанып жасалған нақты зат атаулары тілімізде көп
емес. Мысалы: инелік, орындық, түндік, кездік, өсімдік,
сыйлық, базарлық, қалыңдық, т.б. Бұл аталған сөздер,
әрине, -лық, -лік қосымшасының қатысуымен жасалған
туынды сөздер екендігі дау тудырмайды. Бірақ бұл
сөздерді –лық, -лік қосымшасының сөз тудырушылық
қабілетінен тумаған, сөзжасамның синтетикалық
тәсілінен гөрі, семантикалық тәсілінің қатысуымен
жасалған, яғни, мағына дамуының нәтижесінде сөздік
қалыпқа жеткен сөздер деп қарауымыз керек. Себебі,
-лық, -лік қосымшасы жалғанған сөздердің барлығы
бірдей дербес сөз бола алмайды, атрибут-анықтауыштық
мәнде қалып қойған туылымдар көптеп кездеседі.
Мысалы, үйлік, көйлектік, дәптерлік сияқты, т.б. сөз
формаларын жоғарыда берілген сөздермен бірқатарда
алып қарауға болмайды. Бұл сөздердің алдыңғы
сөздерден құрылымы жағынан еш айырмашылығы
жоқ. Бұл сөздер алдыңғылардай сөздік қорға енетін
туынды сөздер емес, сөйлеу үдерісінде қолданылатын
сөз формалары ғана. Ы.Маманов оларды уақытша
сөздер деп атаған. Осы тілдік фактілерден –лық, -лік
қосымшасы бір зат есім сөздерге жалғанғанда сөз
тудырады да, екінші бір зат есім сөздерге жалғанғанда
сөз тудырмайды десек, қандай заңдылыққа сүйенеміз?
Басқа сөз таптарын қарастырмай-ақ, бір сөз табының
құрамындағы осындай қайшылықты тұстары –лық, -лік
қосымшасын басқаша тануға итермелейді» /4/.
Ғалым пікірін ескерер болсақ, жоғарыда
көрсетілгендей
–лық, -лік қосымшасының тілдік
табиғаты әлі де толығырақ зерттеуді қажет етеді. Бұл
орайда мынадай мәселелердің басы ашылуы тиіс:
1) –лық, лік қосымшасы сөзжасамдық
қосымшаларға қойылатын талаптарға жауап бере ме?
Яғни, сөзді талғап жалғана ма, әлде талғамай жалғанып,
грамматикалық абстракция жасай ма?
2) –лық, -лік жалғанған сөзіне қандай мағына
үстейді? Жаңа мағына жасай ма, әлде грамматикалық
мағына үстей ме?
3)–лық,
-лік
тұлғалы
сөздер
мен
сөзформаларының түсіндірме сөздіктерде берілу
дәрежесі қандай? Олардың сөз таптарына қатысы
қалай көрсетілген? Олардың мағыналары қалай
ашылған? Оларды салыстыра отырып, мағыналық
ерекшеліктерін анықтау керек.
4) –лық, -лік қосымшасының негізгі функциясы
қандай? Сөзжасамдық қызметі бірінші ме, әлде форма
жасаушылық қызметі бірінші ме?
5) –лық, -лік қосымшасы жалғанып жасалған
сөздер сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы
жасалған ба, әлде лексика-семантикалық тәсілдің
қатысуымен жасалған ба?
-Лық, -лік қосымшасының тілдік табиғаты,
оның сөзжасамдық ерекшеліктері мен функционалды-
семантикалық мүмкіндіктері арнайы зерттеуді қажет
етеді. Бұл орайда -лық, -лік қосымшасы туралы
айтқан Ы.Маманов пікірлерінің маңызы зор және алда
жазылатын зерттеу жұмыстарына теориялық бағыт
беретіндігі анық.