3.2.Социалисттер қатарындағы қайшылықтар.
1900 ж. өтетін СЖП X сьезінде М. Хилкуит, М. Хейс және Дж. Гарриман бас қарған фракция Де Леонеге тойтарыс беруді ұйғарды. Олар тек Де Леоненің саясатын ғана сынап қоймай оны СЖП-ның басшылығынан кетіруді көздеген еді [44].
СЖП ішіндегі алауыздық басында принципиалдық мәсөлөлр бойынша басталған еді (мысалы, трөд-юниондарға қатысты ұстанған тактика бойынша), бірақта келе-келе ол партияының көсемдерін сынауға айнала бастады. Аяғында 1899 ж. «Фолькцайтунг» газетінің төңірегіндегі топтасқан Хилкуиттің фракциясы, партияның кезекті сьезін күтпей, төтенше мәжілісті шақырып, онда атқарушы хатшы етіп; Л. слободинді сайлады, ал партияның ортақ газеті «Пиплдың» редакторлық орны бос деп жариялады. Сөйтіп тарихта болмаған жағдай қалыптасты. СЖП атымен 2 партия қызмет ете бастады: біріншісі, орталығы Нью-Йорктегі Бикман-Стриттегі ұлттық хатшы Кун бақарған партия; екіншісі, сол қалада Уильям-Стриттегі ұлттық хатшы Слободин басқарған партия. Екі партияның атынан «Пипл» деп аталған екі газет шыға бастады. Де Леонені жақтаушылар партияның атын өздері алу үшін сот ісін бастап жеңіп шықты. Тек осы оқиғалардан кейін ғана Хилкуиттің фракциясы 1900 ж. Рочестер қаласында өзінің сьезін шақырып - оны СЖП ұлттық сьезі деп атап, онда өздерінің жаңа бағдарламасын, партияның жаңа билеу тәтіптерін және келешекте социал-демократиялық партиямен қосылу туралы қарарды қабылдады.
Бұл социал-демократиялық партияның құрылу тарихы В. Бергөрдің атымен тығыз байланысты еді. В. Бергер австриядан шыққан иммигрант, мектеп мүғалемі еді. Ол социал-реформизмнің әдеттегі өкілі еді. В. Бергер муницйпалдық социализмнің уағыздаушысы еді. Ол социализмді мемлекеттік меншікке ( транспортқа, поштаға және т.б.) қоғамдық меншікті орнату арқылы жетуді көздеген еді. 1892 ж. Бергер СЖП Милуоки бөлімшесіндегі «Милуоки форвертс» газетінің редакторы орнын алды. 1893 ж. ол СЖГІ идеялық және саяси мақсаттарымен келіспейтінін, сондықтан Милуоки бөлімшесінің партиядан шығып Социал-демократиялық қоғам құратынын жариялады. Бұл қоғам АЕФ мен Популисттік партиямен тығыз байланыстар орната бастады. Бергердің Социал-демократиялық қоғамының ықпалымен 1897 ж. Чикагода АҚШ-ғы тағы да бір социал-демократиялық ұйым - «Американың әлеуметтік демократия» қоғамы құрылды. Оның көсемі болған атақты социалист Ю.Дебс бұл уақыттаҚиыр батыстағы бір штатта " кооперативтік колония" құрумен әркет етіп жүрген еді. 1898 ж. «Американың әлеуметтік дөмократия» қоғамы өзінің бағдарламасын қабылдады. Онда былай делінген еді «Біз капитализмді жеңуге қоғамдық билікті тартып алу арқылы жетеміз.... Ол үшін біз штаттардың бірінде коопертивтік өндірс құрамыз, ал келешекте біз Ұлттық Кооперативтік Республиканы жариялаймыз". Бірақта X сьездің көптеген делегаттары Ю.Дебстің бұл утопиялық "колонизациялық жоспарын" қолдамай, сьезден кетіп қалып, өзіндік "Американың социал-демократиялық партиясын" құрды. Келешекте өз қателіктерін түсінген Ю. Дебс ол партияға қосылған еді [45].
Құрылған "Американың социал-демократиялық партиясы" социал-реформизм идеяларына негізделген В. бергердің платформасын қабылдады. Ол платформаның негізі болған - тресттелген өнеркәсіпті ұлттандыру және муниципалдық меншікті орнату идеясы болды. В. Бергердің ойынша, тресттер мен монополиялардың өсуі американ экономикасының "плутократиялық социализмге" айналғанын көрсетеді. Ол дегеніміз жеке меншікке негізделген кооперацияланған ірі өндірістің құрылуы. Социалисттердің негізгі мақсаты, В. Бергердің ойынша, - бұл қалыптасқан жүйені - "демократиялық социализмге" айналдыру, ал ол үшін каптализмнің негізгіқайшылығы жою керек, өнеркәсіпті басқару мен табысты бөлуді жеке меншік иелерінің қолынан - мемлекетке тапсыру керек. Өндірісті ұлттандыру мен қоғамдық пайдалану мекемелрін муниципализациялау арқылы капитализмнен бейбіт жолмен социализмге көщуге болады. Бір сөзбен айтқанда, В. Бергер "социализмге реформалар арқылы келгісі келіп жатыр. Реформисттік жол пролетариаттың саяси күресіне мін қояды. Социал-демократиялық партияның басшыларының айтуынша, жұмысшылардың күресі атқару және заң шығару мекемелеріне өз өкілдерін сайлау барысында сайлаумен ғана шектелу керек. Социал-демократиялық партияның қызметі тек сайлаушылардың дауыстарына ие болумен ғана шектеледі. Сондықтан тред-юниондар қаншама Ю.Дебстің қара басын силағанымен, ол басқарған Социал-демократиялық партияны және оның бағытын қолдамады.
1899 ж. бастап Социал-демократиялық партиямен СЖП мүшесіндегі Хилкуиттің фракциясының арасында бірігіп Біріккен социалисттік партияны құру туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл бірігу жоспары екі топтада күшті оппозицияны туғызды. Екі топтың да басшыларына ұзақ түсіндіру жұмысын жүргізу қажет болды, бұл бірігудің екі топқа да пайдалы екенін түсіндіру үшін 1900 ж. Индианаполисте өткен сьезде екі партияның өкілдері кездесті.
Бұл сьезде - ол Социал-демократиялық партияның кезекті сьезі еді Хилкуит, Гарриман және Хейс сөз сөйлеп, рочестер фракциясының атынан екі партияның тактикалық және идеялық негіздерінің бірлестігін айтып бірігуге шақырды. Ең қызу дау туғызған партияның аталуы туралы мәселе болды. Бергер және оның серіктестері біріккен партияның деп аталуын қодаған еді. Бұл мәселелерді шешу үшін Арнайы бірктіру комитеті құрылды. Бұл сьезде, сонымен қатар, президенттіке екі кандидатура ұсынылды - Ю. Дебс - Социал-демократиялық партиядан және Гарриман вице-президенттікке СЖП-дан [46].
13 шілде 1900 ж. рочестірлік фракция өзінің соңғы мәжілісін өткізіп Социал-демократиялық партияның құрамына кіретінін бекітті. Жаңа атқару комитетінің бірінші мәжілісінде жаңа партияның ұлттықхатшысы болып У. Бутмер тағайындалды. Ол Бруклиндегі Социал-демократиялық партиясының бөлімшесінің мүшесі еді.
Жаңа партияның Құрылтай сьезінің алдындағы айларда "біріккен партия" бірігуге қарсылық білдірген оппозициямен күресті. Әсіресе бірігуге қарсы болған Социал-демократиялық партияның чикаголық бөлімшесі еді. Олар тіпті қарсылық ретінде партияның құрамынан шығып кеткенде еді.
СЖП-ның бөлінуі және жаңа социалисттік партияның құрылуы шарасыз еді. ХІХ ғ. аяғындағы таптық күрестің өсуі мен шиеленісуі, оның тұрлерінің өзгеруі социалисттерден жұмысшы қозғалысына деген жаңа көзқарасты, жаңа ынтаны, саяси белсенділікті талап етті. СЖП ХІХ ғ. аяғындағы жұмысшы қозғалысында социализмнің идеяларын насихаттау мен таратуда өз ролін атқарды. Социалисттердің ықпалымен пролетариаттың таптық сана-сезімі қалыптасты, оның тәуелсіз саяси іс-әрекеттері өсті. Бірақта СЖП құрылған уақытынан бастап, онда идеологилық және тактикалық мәселелер бойынша талассыз фракциялық күрес үзілмеді, ал ол әрине социалисттердің қызметінің нәтижесіне әсерін тигізбей қоймады. Және де айта кететін жағдай, СЖП жаппай көпшілік пролетарлық партия емес еді және фермерлік қозғалыстарына деген қатынастарында өзініңлассальяншылдық сектанттық
көзқарастарынан толық арыла алмады. СЖП профсоюздердің күнбе-күнгі жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсартуға арналған күресінен де тыс қалды. Қорыта айтқанда, социалисттер ұйымдасқан жұмысшы қозғалысының негізгі бағытынан оқшауланып қалды. Және де ол келешекте социалисттердің жұмысшы табының қозғалысынан толық оқшаулануына әкелер еді.
Сондықтан ХІХ ғ. аяғында социалисттік қозғалысына құйылған жаңа жауынгерлік жаңарған күштер СЖП басшыларының көне бағытымен келіскісі келмеді. Сондықтан жаңа құрылған партия социалисттік қозғалыстағы сектанттық қателіктерден арылу керек еді, баяғыдан да гөрі тиімдірек, жұмысшылар арасында социалисттік идеяларды насихаттауы керек еді және пролетариаттың экономикалық және саяси күресіне тікелей араласу керек еді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1861-1865 жж. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ-да пролетариаттың саны өсті. Олар ірі кәсіпорындарында топтасты.
Американ жұмысшылары мынадай негізгі топтарға бөлінетін еді: жоғары мамандығы бар жұмысшылар, мамандығы жоқ жұмысшылар. Жұмысшылардың бірінші тобы "жұмысшы аристократиясын" құрды. Олар таза жүыстарда істейтін еді, олардың жалақыс да, әлауқаты да жақсы болды. Мамандығы жоқ жұмысшылар - американ жұмысшы табының негізігі бөлігіне жатты. ХІХ ғ. 70 жж. американ жұмысшы табының жағдайы европалық пролетариатпен салыстырғанда жақсырақ болды, бірақта оған қарамастанолардың жағдайы өте қиын болды. Жұмыс күні 12-13 сағатқа созылды. Сондықтан 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес басталды.
Тұрмыс жағдайлары да нашар болды. Жұмысшыларды қинаған жалақының аздығы, еңбекті қорғау зандары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің болмауы еді. Ең қиын күнді басынан кешірген американ әйелдері мен балалары еді. Өндірістің кеңейуіне байланысты оларды кеңінен пайдалана бастады. Өз еңбегі үшін олар ер адамдармен салыстырғанда екі есе кем жалақы алатын еді.
Бұлардан да гөрі қиынырақ жағдайда болған иммигранттар еді. Олар ең ауыр, лас жұмыстарды істеді, арнайы аудан "геттоларда" тұрды. Капиталисттік қанаумен қатар, әсіресе қара және сары нәсілділер нәсілшілдік езгіге де душар болды.
ХІХ ғ. 70 жж. АҚШ-да ұйымдасқан жұмысшы қозғалысы болмады. Біртұтас жұмысшы одағының құрылуына кері әсерін тигізіп жатқан мынындай факторлар бар еді:
Батыстағы көп "бос" жерлердің болуы. Қанау күшейе түскенде, жұмысшылар отбасы мүшелерін алып, батысқа қашып кететін еді. Өзіндік меншік иесі болу армандары, американ жұмысшы тұрақсыздығын туғызды.
Американ жұмысшы табының арасында практицизм, меншіктік, өзімшілдік көзқарастардың кеңінен таралуы.
Американ қоғамында көп ғасырлар бойы уағыздалған нәсілшілдік теориялар ақ нәсілді американ жұмысшыларын сары, қара нәсілділермен одаққа баруға жібермеді.
Айлакер американ буржуазиясынын, жұмысшылардың әрбір тобын бірі-біріне айдап салуы.
Бірақ ортақ өмір, ортақ мүдделер, ортық мақсаттар обьективтік тұрде американ пролетариатының барлық топтарын жақындастырды. ХІХ ғ. 80 жж. ұлттық көлемдегі пролетариаттың экономикалық ұйымдары - тред-юниондар пайда болды: Еңбек серілерінің ордені ( ЕСО) және Американ еңбек федерациясы (АЕФ). ЕСО - демократиялық кәсіподақ болды. Оның есігі нәсілі мен жынысына қарамай барлық жұмысшыларға ашық болды. АЕФ ақ нәсілді, жоғары маманды американ жұмысшыларының цетік кәсіподағы болды. Ол нәсілшілдік, ұлтшылдық бағытта тұрды. ХІХ ғ. 80-90 жж. американ жұмысшыларының 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресі басталды. Сол күрестің ең шырқау кезеңі болған - тақты Пульман және Гомстед стачкалары еді. Бұл стачкалар барысында пролетариат өзінің қас жауы буржуазия екенін түсініп, саяси күреске бетін бұра бастады, саяси партияның қажеттігін түсінді.
І- Интернационалдың АҚШ-ғы секцияларының қызметі, социалисттік идеялардың таралуы, социалисттік топтардың партиясының құрылуына әкелді.
Социалисттік жұмысшы партия (СЖП) құрылған күнінен бастап онда үш идеялық бағыт қалыптасты: лассальяншылдық, анархисттік және марксисттік. Бұл партияны құрған неміс иммигранттары болғандықтан, оның алғашқы онжылдығында қызметінде басым болған лассальяншылдар еді. Олар американ социалисттік қозғалысында лассальяншылдық идеяларды кеңінен таратты. Лассальяншылдықтарға тән қателіктер: жұмысшылардың экономикалық күреспен шұғылданып, саяси күреске араласпауын; пролетариаттың табиғи одақтастары болған шаруалар мен ұсақ буржуазиямен одақтаспау және т.б. қателіктер ХІХ ғ. 80-90 жж. СЖП-ге тән еді.
ХІХ ғ. 90 жж. СЖП-да анархисттік бағы қалыптасты. Оның көсемдері болған Германиядан АҚІІІ-на көшіп келген И.Мост және оның ізбасарлары еді. Олар өзімен бірге АҚШ СЖП - на анархисттік идеяларды алып келді. Бұл СЖП - ғы екі бағытпен қажымас күрес жүргізген марксисттік бағыттағы американ социалисттерінің кішкентай ғана тобы болды. Оны көсемдері болған Ф.А. Зрге мен Ф. Дицген еді. ХІХ ғ. 70-90 жж. СЖП-ғы фракциялық күрес партияны әлсіретіп, оның кәсіподақтық қозғалысына ықпалын азайтып жіберді.
ХІХ ғ. 80-90 жж. Д. Де Леоне басқарған СЖП АЕФ реформизмімен батыл күресті. Де Леоненің басшылығымен СЖП кәсіподақтарда социалисттік идеяларын насихаттауды күшейтті. Социалисттік партияның кәсіподақтарымен байланысын күшейту үшін ол АЕФ - на қатысты екі тактиканы жариялады: "іштен бұрғылау" және "екі жақты немесе параллельді юнионизм".
"Іштен бұрғылау" тактикасы АЕФ-на социалистердің еніп социалисттік насихатты жүргізі арқылы оны іштен ыдырату - нәтижесіз қалды. "Паралельдік юнионизм" тактикасы АЕФ -на қарсы жаңа кәсіподақ -"Жұмысшы қоғамдары мен кәсіподақтардың социалисттік Альянсын құру да нәтижесіз болды. Бұл СЖП -ның АЕФ -на қатысты ұстанған екі тактикасының да нәтижесіз болуы, СЖП - ң жұмысшылар арасында беделін түсіріп жіберді және оған қатты әсер еткен партияның көсемі Д.Де Леоненің кәсіподақтық қозғалысқа қатысты ұстанған догматикалық сектанттық саясаты да еді. ХІХ ғ. 90 жж. СЖП ұйымдасқан жұмысшы қозғалысының экономикалық күресінен оқшауланып қалды.
Д. Де Леоне басқарған СЖП ХІХ ғ. 80-90 жж. фермерлік қозғалысты қолдаған жоқ. Американ социалисттерінің ойынша, фермерлер келешекте социалисттік революция жеңгеннен кейін меншіктері тәркіленетін өткінші тап болды. СЖП фермерлік қозғалысты басқармақ түгіл фермерлік Халықтық партияны немесе Популисттік партияны пролетариаттың мүддесі мен мақсаттарына қарсы шыққан партия деп жариялады. Нәтижесінде СЖП американ фермерлерінің қолдауынан айрылып, халық қозғалысынан оқшауланған кішігірім социалисттік топқа айналды.
ХІХ ғ. соңғы ширегінде АҚШ-ғы құрылған тресттерге қарсы күрес барысында монополияларға қарсы идеология қалыптасты. Оны уағыздаған ұсақ буржуазиялық идеологияның негізгі көсемдері Г. Джордж, Э. Беллами, Г.Д. Ллойд болды. Олардың идеяларының ықпалымен АҚШ-ғы " ұлттандырушылық" қозғалыс қалыптасты. Бұл қозғалысқа көптеген социалисттер қатысқан еді. Бұл қозғалыстан келешекте американ социалисттік қозғалысын басқарған Д. Де Леоне, Ю.Дебс шыққан еді.
Монополияларға қарсы нақты күрес барысында социалисттер мен ұсақ буржуазиялық каптиализмді сынаушылардың берік одағы құрыла бастады. ХІХ ғ. 90 ж. мен 1914 ж. аралығында, империализм дәуірінде, американ жұмысшы табының саны өсті, пролетарлық сана толық қалыптасты.
Автоматизациялау, конвейерлік жүйенің қалыптасуыпролетариаттын қанауын күшейтті. Нақты жалақы азайды, жұмыс күні өспегенімен қысқармады. Үкімет еңбекті қорғау мен әлеуметтік сақтандыру заңдарын қабылдаған жоқ. Осы себептерге байланысты XX ғ. басында АҚШ-да стачкалық қозғалысөршіді. Оның ішіндегі ең ірісі: 1902 ж. Пенсильвания кеншілерінің стачкачы еді. АЕФ-ның опасыздық саясатының нәтижесінде бұл стачкалар жеңіліп қалды. СЖП бұл стачкаларды басқарған жоқ, себебі бұл уақытта СЖП-да фракциялық күрес жүріп жатқан еді.
ХІХ ғ. 90 ж. СЖП екі фракцияға бөлініп кетті: делеондық және М. Хилкуит басқарған фракция. Келешекте М. Хилкуиттің фракциясы В. Бергер құрған Социал-демократиялық партиясымен бірікті.
Американ социалисттік қозғалысының жіктелуі обьективтік оқиға еді. Империализм дәуірі американ социалисттерінен жаңа стратегияны, жаңа тактиканы, жаңа күрес тәсілдерін талап етті. Ал догматикалық, сектанттық бағытта тұрған кішігірім сектаға айнала бастаған СЖП бұл талаптарға сәйкес келмейтін еді. Сондықтан жаңаша ұйымдастырылған жұмысшы қозғалысына дұрыс көсем болатын партия қажет еді.
22 шілде 1901 ж.АҚШ-да СЖП мен қатар жаңа партия құрылды. Ол Американ социалисттік партиясы деп аталды. Ол құрылғаннан бастап онда негізгі үш топ қалыптаса бастады: оңшыл, солшыл социалисттер, центристтер.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР
Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годыХІХв.).-М., 19бб.-15 б.
Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. В 5-ти томах. - М.1949-1989. Т.2.-302 б.
3. Сол жерде.
История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. - М., 1985. Т.2. 1877-1918.-59 б.
Сол жерде.
Богина Ш.А. Иммиграция в США накануне и в период гражданской войны(1850-1865 гг). - М., 19б5. - 53 б.
Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тред юнионизма.-М., 1976. г-,118 б.
Зорге Ф.А. Рабочее движение в Соединенных Штатах Америки. -СПб., 1907.-205 б.
Международные социалистические конгрессы. - СПб., 1909. - 49 б.
Куропятник Г.П. Фермерское движение в США. От грейнджеров до Народной партии. 1876-1896. - М., 1971.-231 б.
Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. - 315 б.
Международные социалистические конгрессы. - 58 б.
Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. - 320 б.
Бриссенден П.Ф. Промышленные рабочие мира. - М.-Л., 1926. – 7б.
Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годы ХІХв.).-217 б.
Сол жерде.
Энгельс Ф. Приложение к американскому изданию " Положение рабочего класса в Англии. // К. Маркс и Ф.Энгельс. Соч., 2 изд. Т.21. - С. 265.
Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. - 325 б.
Лапицкий М.И. Д. Де Леоне. - М. 1987. - 24 б.
Солжерде. -26 б.
21. Кислова А.А. Де Леон и его роль в распространении социалистических идей в США // Американский ежегодник. - М., 1978.
-С. 45.
Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. - М., 1930- С. 58.
Сол жерде. - 62 б. •
Зубок Л.И. Очерки истории рабочего движения в США. 18б5-1918. М., 1962.-23 б.
История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. - М.,1985. Т.2. 1877-1918.-114 б.
Козенко Б.Д. Юджен Дебс - социалист. - Саратов, 1967. -56 б.
Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. - М., 1930.-С. 61.
Согрин В.В. Формирование антимонополистической идеологии в США в конце ХІХ в. // Вестник МГУ. Серия 8. История. 1970. - С. 67.
Сол жерде. - 69 б.
Ленин В.И. Политический кризис и провал оппортунистической практики // Полное собрание сочинений. - Т.13. - С. 326 б.
Супоницкая Н.М. Монополии и антимонополистическое движение в США конца ХІХв. -М., 1991.-251с.
Баталов Э.Э. Социалистическая утопия и утопическое сознание вСША.-М., 1982.-65 б.
Международное рабочеө движение. Вопросы истории и теории. В 7-томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. - М., 1976-1978. Т.2. - 14 б.
34. Сол жерде. - 152 б.
Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. - М., 1958. 68 б...
Сол жерде. 70 б.
Сол жерде. - 72 б.
Лапицкий М.И. У. Хейвуд. - М., 1974. - 86 б.
Йелн С. Из истории рабочего движения в США. - М., 1950. 132 б.
Солжерде.-138 б.
Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тредюнионизма. - 12б б.
Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. - М., 1958. 71 б.
Сол жерде. - 76 б.
Эггерт З.К. Д. Де Леоне - идеолог анархо-синдикализма в американском рабочем движении // Из истории социалистическихидей.-М., 1955. - С. 4б.
Козенко Б.Д. Юджен Дебс - социалист. - 22б.
Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории. В 7-томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. - М., 1976-1978. Т.2. - 424 б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ДЕРЕКТЕР
Де Леоне. Избранные произведения. - М. - Л., 1932.
Зорге Ф.А. Рабочее движение в Соединенных Штатах Америки. -СПб., 1907.
Международные социалистические конгрессы. - СПб., 1909.
Соединенные Штаты Америки. Конституции и законодательные акты/ Под ред. О.А. Жидкова. - М., 1993.
Хилкуит М. История социализма в Соединенных Штатах Амөрики . - СПб., 1908.
АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТ
Аскольдова С.М. Начало массового рабочего движения в США. (80-е годы ХІХв.). -М., 1966.
Аскольдова С.М. Формирование идеологии американского тредюнионизма. - М., 1976.
Баталов Э.Э. Социалистическая утопия и утопическое сознание в США.-М., 1982.
Богина Ш.А. Иммиграция в США накануне и в период гражданской войны(1850-1865 гг.). - М,, 19б5.
Богина Ш.А. Иммиграционное население США. 1865-1900. - Л., 1976.
Бустрин Д. Американцы: Демократический опыт.- М., 1993.
Валюженич А.К. Социалистическая мысль и движение в США:. - М., 1983.
Бриссенден П.Ф. Промышленные рабочие мира. - М.-Л., 1926.
Быков Б.В. Юджен Дебс - вождь американского пролетариата. - М.,1971.
Волкова И.В. "Популизм и консерватизм" - к истории американской
политической мысли конца ХІХ в. - М., 1992.
Зубок Л.И. Очерки истории рабочего движения в США. 1865-1918. -М., 1962.
История США. В 4-х томах. / Ответст. ред. Г.П. Куропятник. - М., 1985.Т.2. 1877-1918.
Йелн С. Из истории рабочего движения в США. - М., 1950.
Кислова А.А. Де Леон и его роль в распространении социалистических идей в США // Американский ежегодник. - М., 1978. С. 40-60.
Козенко Б.Д. Юджен Дебс - социалист. - Саратов, 1967.
Краткая история США / Пер. с анг. - М., 1993.
Кувалдин К.Б. Американский капитализм и интеллигенция. - М., 1983.
Куропятник Г.П. Фермерское движениө в США. От грейнджеров до Народной партии. 1876-1896. -М., 1971.
Лапицкий М.И. У. Хейвуд. - М., 1974.
Лапицкий М.И. Д. Дө Леоне. - М., 1987.
Ленин В.И. олитический кризис и провал оппортунистической практики // Полное собрание сочинений. - Т.13. С. 321-350.
Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории. В 7- томах. Под ред. Б.Н.Пономарева. - М., 1976-1978. Т.2.
Оберманн К.И. Вейдемейер. - М., 1973.
Основные проблемы в истории США в освещении американской историографии. 1861-1913. - М., 1974.
Райский Л. Де Леоне и его борьба с оппортунизмом в американском рабочем движении // Проблемы марксизма. - М., 1930. С. 56-64.
Руденко Б.Т. Рабочее движение в США в 1870-1914 гг. - М., 1958.
Румянцева И.С. Ф.А. Зорге - организатор и руководитель секции Интернационала в Америке. ( 18б2-187б гг.) // Из истории марксизма и
международного рабочөго движения. - М., 1964. С. 80-94.
Саймонс А.М .Социалистические силы в американской истории. - М., 1934.
Согрин В.В. Формирование антимонополистической идеологии в США в конце ХІХ в. // Вестник МГУ. Серия 8. История. 1970. С. 67-81.
Супоницкая И.М. Антимонополистические выступления в США конца XIX в. //Американский ежегодник. - М., 1974. С. 245-264.
Супоницкая Н.М. Монополии и антимонополистическое движение в США концаХІХв.-М., 1991.
Фонер Ф.С. История рабочего движения в США. В 5-ти томах. - М., 1949-1989. Т.2.
Черкасов И.И. Из истории маркристкой философской мысли в США. -М., 1977.
Шпотов Б.М. Организация большого бизнеса в США на рубеже ХІХ-ХХ веков// Американский ежегодник. 1998. - М., 1999.
Эггерт З.К. Д. Де Леоне - идеолог анархо-синдикализма в американском рабочем движении // Из истории социалистических идей.-М., 1955. С. 42-б3.
Энгельс Ф. Приложение к американскому изданию " Положение рабочего класса в Англии. // К. Маркс и Ф.Энгельс. Соч., 2 изд. Т.21. С. 260-266.
Достарыңызбен бөлісу: |