2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ
2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ
Біздің электрондық оқулықта Си тілінің ОБП сияқты жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылмаған. Мұнда 1990, 1992 жылдары жарыққа шыққан Турбо Си 2.0 және Турбо Си ++ 3.0 нұскаларымен жұмыс түрлері таныстырылып, жиі қолданылатын программалар құрылған. Олар тілдің ANSI C нұскасына негізделгендікген C++ тілінің түрлі нұскаларында да еркін орындалады.
Әдетте, жоғарыдағы аталған тілдер MS DOS жүйесінің NC (Norton Commander) қабықша программасына енгізіліп қойылады. Онымен жұмыс істеу үшін алдымен берілетін негізгі командалар:
- сәйкес каталогтан tc.exe файлын іске қосу. Мәзірлер енгізілген жүйе терезесі ашылады;
- F10 пернесін басып, курсорды мәзірдің File пунктіне жылжыту және File - New командасын беру (Турбо Си ++ тілі тышканмен жұмыс істейді, сондықтан мәзірмен тышқан арқылы жұмыс істей беруге болады);
- экранда программа терілген соң, компиляциялау: Alt + F9;
- программаны сақтау (save): F2;
- программаны іске қосу (run): Ctrl + F9;
- жүйеден шығып, NC-ке өту: Alt + X.
Алғашқы рет дайындалған программа мәтіні Си тілінде бастапқы код деп аталады. Программа компиляцияланған соң, синтаксистік қателер санын көрсетіп, қосымша сұхбаттық терезе шығады. Қателерді жөндеп, Run командасын беру керек. Команда берілген соң автоматты түрде орындалатын жұмыстар:
- программаның жеке бөліктерін (модульдерді) компиляциялау. Объектілік файлдың алғашқы нұсқасы құрылады.
- компиляцияланған модульдерді бір программаға біріктіру (объектілік модульдерден жүктеуші модуль дайын-далады). Бұл кезде программаға стандартты кітапханалар қосылады да, .obj кеңейтілуі бар орындалатын файл құрылады.
Қажет болса, алгоритмін талдау арқылы программаны қосымша дұрыстап (программаны тестілеп), қайта сақтау.
Осыдан соң сақталған файл программаның орындалатын коды делінеді.
Ескерту:
1. Си тілінде анықтамалық тек ағылшын тілінде жазылған. Оны орыс тіліне аудару үшін 'Socrat' не сол сияқты аудару программасын пайдалануға болады.
2. Программа ішінде қазақ алфавитін пайдаланып, қазақша мәтін енгізу үшін алдын ала NC панелінде жазылған kazega.com файлын іске қосып қою керек. Программа ішінде оны теру үшін осы файлды іске қосу командасы: SHIFT + SHIFT. Латын алфавитіне қайтып өту үшін осы команданы кайта берсе болғаны.
3. Турбо Си жүйесінде құрылған программаны Turbo C++ жүйесінде де пайдалануға болады. Бірақ, программа соңына return 0; операторын кірістіріп қойса болғаны.
4. Программа Си тілінде .C толықтыруымен, C++ тілінде .CPP толықтыруымен сақталады.
Турбо Си программаны жүктеп болған соң, File - New командасын беріп жаңа файлға электрондық оқулыққа кіретін мысалдарды теріп аламыз. Одан кейін F2 клавишасын басып, программаны сақтаймыз – файл .C толықтыруымен сақталады. CTRL+F9 клавишаларын басып, программаны компиляцияға жібереміз, одан кейін синтаксистік қателер саны көрсетіліп, қосымша сұхбаттық терезе шығады. Қателерді жөндеп, Run командасын қайтадан береміз. Компиляциядан өткен .exe файлды электрондық оқулыққа арналған буманын ішіне көшіреміз.
Delphi ортасында Си тілін үйренуге жасалған мысалдарды көрсету үшін Button түймесіне мына командаларын жазамыз:
procedure TForm19.Button1Click(Sender: TObject);
begin
winexec('C:\Dip_Ci\Progr\массив\ex_mas\Ex_mas4.exe',1);
end;
Бірақ, бұл жерде мысалды экранда тоқтатып, біраз уақыт ұстап тұру үшін әр программаның соңына мына командаларды қосып жазамыз:
ch = getchar();
printf ("Программаның жұмысын тоқтату үшін * басыңыз!") ;
while (ch != '*')
{
putchar(ch);
ch = getchar();
}
Мысал ретінде он сан пернетақтадан енгізіліп, олардың арасынан теріс және оң сандардың қосындылары бөлек есептелсін. Сонда мысалға арналған программасы мынадай болады:
# include
# include
main()
{
char ch; // бұл қосылған бөлім дұрыс жұмыс істеуне қажет
int i, a, S1, S2; clrscr();
S1=S2=0;
i=1;
while (i++<=10);
{
printf ("Бүтін немесе теріс санды енгізіңіз: ") ;
scanf("%d", &a);
if (a>0) S1 = S1+a;
else S2 = S2+a;
}
printf ("Оң сандардың қосындысы тең: ") ;
printf ("S1 = %d \n", S1) ;
printf ("Теріс сандардың қосындысы тең: ") ;
printf ("S2 = %d \n", S2) ;
ch = getchar(); // осы жерден қосылған бөлім басталады
printf ("Программаның жұмысын тоқтату үшін * басыңыз!") ;
while (ch != '*')
{
putchar(ch);
ch = getchar();
}
}
2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI-БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Компьютерлiк оқыту жұйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жұйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жұйелердi тұсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi *-суретте келтiрiлген.
Си программалау тілін үйренуге арналған электрондық оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасымен қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Windows жұйесiнде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 5 Delphi 5 командасы арқылы iске қосылады (1-сурет).
Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).
Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген.
Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол тұрлi командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр пункттерiнiң құрамында тұрлi типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың атауынан кейiн ұш нұкте тұрса, онда бұл команда диалогтық терезе шақырады. Егер мәзiр командасының соңында клавиштер комбинациясы жазылса, онда бұл команданы сәйкес клавиштер комбинациясы арқылы орындауға болады. Мәзiр пункттерiндегi кейбiр команданың белсендi болмай көрiнуi, оның осы уақытта орындалмайтынын бiлдiредi.
1-сурет. Delphi объектiлi-бағдарлы программалау ортасы
Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрiнедi (1-сурет). Экранда форма көрiнбесе, негiзгi мәзiрден View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Форма Delphi ортасының негiзгi объектiлерiнiң бiрi. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне бастапқы мәндер меншiктелiп тұрады.
Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнде орналасады. Мысалы, 1-суретте Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiнiң тiзiмi және сәйкес бастапқы мәндер енгiзiлген терезе көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Іасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндерi. Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару ұшiн View-Object Inspector командасын немесе F11 клавишiн басу жеткiлiктi.
Форманың кейбiр қасиеттерi:
Name (Атау) – формаға берiлген атау. Ол Delphi объектiлерiнiң (компоненттердiң) негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. Delphi-дiң формаға автоматты тұрде алғашқы рет меншiктеген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге болады.
Ол ұшiн қасиеттер терезесiнен Name атауын таңдап, жаңа атау клавиатура арқылы терi-ледi.
Font (Шрифт) – формаға енгiзiлетiн мәтiн шрифтiн орнату қасиетi. Оны таңдап, оң жағында көрiнген көп нұкте (…) тұймесiн шерткен кезде сұхбаттық Шрифт таңдау терезесi көрiнедi. Терезеден, әдеттегiдей, қажеттi шрифт типiн, өлшемiн таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), ОК тұймесiн шерту керек.
Caption (Тақырып) – форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiн. Алғашқы кезде қасиеттер терезесiнiң Caption қасиетiне тақырып ұшiн Form1 сөзi енгiзiлiп қойылған. Оны басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетiне мән меншiктеу тәсiлi сияқты (қасиет мәнi енгiзiлген соң Enter клавишiн басып қойған жөн).
Color (Тұс) – форманың тұсiн орнату қасиетi. Ол таңдалған кезде оң жағында тiлсызық тұймесi көрiнедi. Тiлсызық тұймесi – қасиет мәнiнiң бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (тұстер) терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған тұстi шерткен соң форма сәйкес тұске боялып қойылады.
Width (ұзындық), Height (Биiктiк) – пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген форманың Ұзындығы мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (мәндер форманы тышқан арқылы кеңейту не сығу кезiнде автоматты тұрде меншiктелдi).
Delphi-де программалар оқиға-лар арқылы басқарылатыны белгiлi. Ал объектiлерге қатысты оқиғалар тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнiң Events қосымша бетiнде орналасқан.
Олар қасиеттер терезесiнiң екi бағаннан тұратын Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екен-дiгiн бiлдiретiн белгi. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35.
Delphi ортасында жиi кездесетiн оқиғалар:
OnClick – тышқан тұймесiн бiр рет шерту;
OnDblClick – тышқан тұймесiн екi рет шерту;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан тұймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан тұймесiн босату;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа мәтiнi программалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit командасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.
Код терезесiнiң сол жақ бөлiгiнде Code Explorer (Код Зерттеушi), ал оң жағында программа мәтiнi терiлетiн жұмыс аумағы орналасқан. Код Зерттеушiде ағымдық проектiдегi объектiлердiң құрылымдық ағашы көрiнедi.
Код терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi. Терезенiң жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистiк мағынасына қарай тұрлi стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Рascal тiлiнiң кiлттiк сөздерi (мысалы, type, class, т.с.с.), қалың шрифтпен, ал тұсiнiктемелер (мысалы, {Private declarations}) көк тұстi көлбеу (курсив) шрифтпен жазылған. Терезенiң төменгi жағында ұш элементтен тұратын кұй қатары бар. Оның бiрiншi элементi – курсор позициясын анықтайтын жол және баған индикаторы, екiншiсi – программалық кодтың өзгеруiн бақылайтын модификация индикаторы, ұшiншiсi – кiрiстiру режимiнiң индикаторы.
К од терезесi ашылғанда, онда процедура дайындамасы (ұлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (2-сурет).
2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы
Процедура дайындамасының жазылу тұрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject);
<сипаттау бөлiмi>
begin
<процедура денесi>
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Delphi-де компоненттер панелiнен формаға тұрлi компоненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру визуальды программалаудың негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару ұшiн компоненттер панелiнiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit (енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (командалық тұйме) компоненттерi жиi пайдаланылады.
Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып, оның Text қасиетi арқылы не iске қосу командасын берген соң оған курсорды енгiзiп, клавиатура арқылы бiр жолдық мәтiн енгiзуге және оны редакциялауға болады.
Формада орнатылған ТLabel, ТEdit компоненттерiнiң Caption, Text қасиеттерiнiң мәндерiн программа арқылы динамикалық тұрде өзгертуге де болады. Ол ұшiн программада объект атауы жазылып, одан соң нұкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |