2
1. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті» 2012 жылдың
тамыз айында «Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті» мен
«Академиялық инновациялық университеті» жоғары оқу орындарының
өзара бірігуі арқылы құрылған. Мемлекеттік лицензия жоғары және
жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру қызметі бойынша АБ сериялы №
0142761, 13.08.2012 ж. берілген. Мерзімі шектеусіз.
Бүгінгі таңда Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет -
мамандар даярлауда халықаралық деңгейдегі озық технология,
инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданатын, оқу үрдісіне кеңінен ендірген
қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын
алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі.
Университеттің құрамында 7 факультет және 15 кафедра жұмыс
жасайды. Оқу үдерісін жүзеге асыру кредиттік және қашықтықтан оқыту
технологиясының негізінде жүргізіледі. Университетте сабақтар 2
ауысыммен, мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі. Студенттердің
сапалы да саналы білім алулары үшін барлық оқу жүйесі бүгінгі заман
талабына сай жаңа заманауи техникамен жабдықталған зертханалар
мен дәрісханалар, спорт кешені, кітапхана, компьютер орталығы,
ғылыми
конференция,
семинарларды
өткізетін
орын,
асхана,
медициналық бөлім және жатақхана қызмет етеді. Ал университеттің
арнайы
жабдықталған
компьютерлік
дәрісханаларында
барлық
компьютерлер толығымен интернет желісіне қосылған. Орыс және
ағылшын тілдерін студенттерге жеке меңгеру мақсатында лингафондық
кабинет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, университеттің профессор-
оқытушылары мен студенттері ғаламтор арқылы жаңалықтармен,
мәліметтермен танысып, оларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алады.
2. РЕКТОРАТ
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті ректоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
БОРАНБАЕВ САНДЫБАЙ РЕЖЕПОВИЧ
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің
оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
МАМАЕВ КАЙРАТ СЕРИКБАЕВИЧ
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ғылыми-зерттеу
жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ДОСЖАН РАЙХАНГҮЛ АБДУҒАЛИҚЫЗЫ