Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе



жүктеу 325,58 Kb.
бет42/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Әрекет дегеніміз – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
«Әрекетіміз дұрыс болу үшін, біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» - дейді Әл-Фараби. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оған жекелеген әрекеттердің жүйесі кіреді, яғни әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі. Әрекетті орындау тәсілдерін операция деп атайды.
Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен байланыс жасап, оны өзгерте алады.
Іс-әрекеттің қоғамдық, әлеуметтік маңызы ерекше. Іс-әрекеттің негізгі басты белгілері оның саналылығы, мақсаттылығы, жоспарлылығы және нәтижесінің болуы.
Адамның сана-сезімі өскен сайын, оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болады. Сана мен әрекеттің бірлігі, адам психикасының іс-әрекет үстінде дамитынының бірден-бір дәлелі. 

Іс-әрекеттің негізгі түрлері.
Адам іс-әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Іс-әрекеттерге тән ортақ белгі олар белгілі қажеттерге қарай туып отырады. Адам жас кезеңдеріне қарай түрліше көрінеді.


Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат бар. Кез-келген бала жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Бала ойында қалай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу көбіне ойын арқылы болады»-деді А.С.Макаренко. Бала ойында үлкентердің әрекетін бейнелейді. Сондықтан да ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығушылығы. Ересектердің еңбек әрекетінен айырмашылығы, баланың ойынын да қоғамдық пайдалы өнім болмайды, талап етілмейді. Осыған қарап, ойынның ешқандай маңызы жоқ деуге болмайды. Бала ойын арқылы өзінің қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мысалы, бір жасқа дейінгі балалар ойыны манипуляциялық болса, үш-төрт жаста бала сюжетті ойындарды ойнайды. Балалар өздеріне ересек адамдардың ролін алып, соны өз танымына, ұғымына сай белгілейді. Ойын үстінде баланың қиялы, сөйлеуі дамиды. Әр түрлі ережелермен ойналатын ойындар баланы тәртіптендіріп, адамгершілік ережелерді орындауға үйретеді.Әрдайым бала еңбегіне үлкендер басшылық жасауы қажет. Бала мектепке келгеннен кейін оның ойыны мазмұн жағынан кеңейіп, өзгеріп отырады. Сонымен қатар мектеп жасына жеткен бала үшін ойын екінші кезекке ысырылады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар ойыны көбіне тұрмыста бейнелесе, енді қоғамдық саяси мәні бар сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Бастауыш сынып оқушылары ойындарының ерекшелігі - олардың ұжымдық сипатта болатыны. Ұжымдық ойындарда бала жолдастың не екенін түсіне бастайды. Балалар өздерінің мүмкіншіліктерін аңғарып, әлсіз жақтарын толықтыруға, мүмкіншіліктерінен арылуға тырысады.



жүктеу 325,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау