Бала миының даму ерекшелігі
Жүктіліктің бастапқы кезінде нәресте дамуында ең алғаш пайда болатын орган
- ол нерв түтікшелері, яғни мидың алдыңғы құрылымдары пайда болады.
Содан кейін, жүктіліктің барлық кезеңінде нәрестенің басқа органдарымен
қатар 9 ай бойы бас ми нерв клеткалары дамиды. Жүктілік кезіндегі әйел
ағзасындағы болып жатқан процестің барлығы, құрсақтағы баланың дамуына
міндетті түрде әсер етеді. Сондықтан, нәрестенің дұрыс дамуында әйел
ағзасының жүктілікке дайын болуы және жүктілік кезеңінің қалыпты өтуі өте
маңызды
Нәресте туылғаннан кейін де миы, яғни орталық жүйке жүйесі 2 жасқа дейін
өте белсенді түрде дамиды. Одан кейін біртіндеп мидың жұмыс жасау қабілеті
артып, ми қыртыстары 7 жаста толық дамып аяқталады.
Осы сәтте, ойланыңызшы неге бала 7 жаста мектепке бару қажет? Себебі,
осында ми толық дамып, ақпаратты қабылдауға, оны ойлауға, түсінуге,
қорытуға дайын болады.
|