Тұрақты ток
А
Өткізгіштегі ток күші 5 С уақытта 0-ден 2А дейін өсті. Өткізгіштен өткен зарядты анықтаңыз.
Тізбектегі гальванометрдің көрсетуі 1 мА болуы үшін өткізгіштің көлденең қимасынан бір секунта қанша электрон өтеді?
Электр шамының қылынан өткен ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 2В. Қылдың кедергісі қандай?
Егер кедергісі 6 Ом өткізгіштен 10 С уақытта 3 Кл заряд өтсе, кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.
Электр тізбегі ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және 1 Ом кедергісі бар өткізгіштен құралған. Тізбектегі ток күші 6 А. Ток көзінің ЭҚК-ін анықтаңыз.
Ток қөзінің ЭҚК ε=2В, ішкі кедергісі r=0,5 Ом болса қысқаша тұйықталу тогын анықтаңыз.
Берілген вольтамперлік сипаттама бойынша тізбек бөлігінің кедергісін табыңыз
Өткізгіштің меншікті кедергісі 1.10-6Ом.м, ұзындығы 100 м, көлденең қимасы 0,2 мм2 . Оның электрлік кедергісі қандай?
Ұзындығы 6 см өткізгіштің кедергісі 3 Ом. Осындай өткізгіштің ұзындығы 10 м, көлденең қимасы бірдей болса, оның кедергісі қандай болады?
Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі 3 Ом, ал ішкі кедергісі 1 Ом болса, оның ПӘК-і қандай?
Тұйық электр тізбегінің сыртқы кедергісі R мен ішкі кедергісі r тең болса, тізбектің ПӘК-і қандай?
Кернеу 4,5 В болғанда электр шамындағы ток күші 0,5 А болды. Шамның тұтынатын қуатын анықтаңыз.
Тізбектің бөлігіндегі 3с уақытта 6 Дж жұмыс атқарылады. Тізбектің бөлігіндегі кернеу 2В болса тізбектегі ток күшін есептеңіз.
Кедергісі 10 Ом өткізгіштен 5А ток күші өтсе оның қуаты қандай
Ток көзінің кернеуі 12 В болса, қуаты 60 Вт, шамдағы ток күші шамасы қандай?
Ток көзінің 0,6 А, электр шамы. 1,5 В ЭҚК-інен қоректенсе, 1 минут уақыттағы гfльваноэлементіндегі бөгде күштің жұмысы қандай?
Кернеулігі 2В/м , қозғалғыштығы 0,07 мм2/Вс ионның жылдамдығы қандай?
В
Егер көлденең қимасы 1,6мм2 өткізгіштен 2с уақытта 2.1019 электрон өтсе ток күші қандай болады
Өткізгіштегі ток күші I=4+2t заңы бойынша өзгереді, мұнда I Ампермен, t секундпен өлшенеді. 4 с уақытта өткізгіштің көлденең қимасынан қанша заряд өтеді?
Көлденең қимасының ауданы 1,5 мм2 өткізгіште ток жүреді. Заттағы еркін электрондардың концентрациясы 1028м-3. Егер ток күші 0,3 А болса еркін электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығын анықтаңыз.
Ұзындығы 10м темір сымның кернеуі U=6В болса ток тығыздығын j анықтаңыз.
Нихром сымының кедергісі 24 Ом, ұзындығы 4,8 м сымның диаметрін анықтаңыз.
Көмір таяқшасының кедергісі, температура 500-ден 5450С дейін өзгерткенде, 5,0 тен 4,5 Ом-ға дейін өзгереді. Көмірдің кедергісінің температуралық коэффициентін анықтаңыз.
Екі бірдей кедергіні тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 40 Ом болса, оларды параллель жалғағанда жалпы кедергісі қандай болады?
Екі өткізгішті тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 54 Ом, ал параллель жалғағанда жалпы кедергі 12 Ом болса, әрбір кедергінің шамасы қандай?
Сымның кедергісі 36 Ом. Осы сымды бірнеше тең бөліктерге бөліп оларды параллель жалғасақ жалпы кедергі 1 Ом болды. Сымды қанша бөлікке бөлген.
Сұлбадағы амперметр мен вольтметрдің көрсетулері 2А және 50В. Егер амперметрдің ішкі кедергісі r=0,5 Ом болса, резистордың кедергісін анықтаңыз.
Электр шамын ЭҚК-і 4,5 В ток көзіне қосқанда вольтметр 4 В, ал амперметр 0,25 А ток күшін көрсетті. Ток көзінің ішкі кедергісі қандай?
ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом реостат жалғанды. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің ұштарындағы кернеуді табыңыздар.
ЭҚК-і 1,5 гальваникалық элементтің ішкі кедергісі 1 Ом, сыртқы 4 Ом кедергіге қосылған. Тізбектегі ток күшін және элементтің ұштарындағы кернеуді анықтаңыздар.
Үш кедергіні тізбектей жалғағанда ток күші 5 А -ге тең болды. Егер кедергілер 4 Ом, 6 Ом және 10 Ом болса тораптағы кернеуді және әрбір кедергідегі кернеудің төмендеуін анықтаңыз.
Өткізгішті тұрақты кернеуі 120 В торапқа жалғағанда ток күші 1,5 А болды. Өткізгішке тізбектей қосымша кедергіні жалғаса ток күші 1,2 А болады. Қосымша кедергіні табу керек?
Батареяның ЭҚК-і 12 В. Ток күші I=4А болғанда батареяның ПЭК-і η =0,6 болды. Батареяның ішкі кедергісін r анықтау керек
Егер амперметрдің көрсетуі 2А, ал шунттың кедергісі амперметрдің кедергісінен 5 есе аз болса, тізбектегі жалпы нақты тоқ қанша?
Тізбек ЭҚК-і 7,5В, ішкі кедергісі 0,3 Ом ток көзінен және өзара параллель жалғанған екі 3 Ом және 2 Ом кедергілерден тұрады. Екінші кедергідегі I2 токты анықтаңыз.
ЭҚК-і 6В ток көзіне кедергісі R=4Ом резистор қосылған. Амперметрдің көрсетуі 1 А. Егер резисторды R=2Ом кедергімен ауыстырса ток күші қандай болады?
Берілген үшін Кирхгофтың екінші ережесін жазыңыз.
ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі r=1Ом аккумулятор кедергісі R=
11 Ом сыртқы тізбекті қоректендіреді. Сыртқы тізбекте 1с уақытта қанша жылу бөлінеді?
ЭҚК-і 4,5 В қалта шамының батареясын 7,5 Ом кедергіге жалғасақ ток күші 0,5 А болады. Оның қысқаша тұйықталуы кезіндегі токты табыңыз.
С
Шунтталған амперметр 10А токты өлшейді. Егер амперметрдің кедергісі 0,02 Ом және шунттың кедергісі 5 м Ом болса амперметр шунтсыз қандай ең үлкен ток күшін өлшейді?
Батареяның ЭҚК-і 80В, ішкі кедергісі r =5 Ом. Сыртқы тізбектің қуаты P=100 Вт. Тізбектегі ток күшін анықтаңыз.
Батареяның ЭҚК-і 24 В. Батареяның бере алатын ең үлкен тогы Iмах=10 А. Сыртқы тізбектің бере алатын ең үлкен қуаты қандай?
Кедергілері 3 және 12 Ом шамдарын ток көзіне кезекпен қоссақ бірдей энергия жұмсалады. Ток көзінің ішкі кедергісін табыңыз.
Өткізгіштегі ток күші нөлден бастап 20С уақытта бірқалыпты өседі. Бұл уақытты өткізгіште бөлінген жылу мөлшері Q=4 кДж. Егер өткізгіш кедергісі R=5 Ом болса токтың өсу жылдамдығын анықтаңыз.
Өткізгіштегі ток күші I=I0.ℓ-αt заңы бойынша өзгереді. Бастапқы ток күші I0 =20 A, α102С-1. Өткізгіште t=10-2С уақытта бөлінетін жылуды анықтаңыз.
50. Иондағыш камераның электродтарының ортасымен электродтарға параллель α-бөлшегі ұшып өтіп, өз жолында иондар тізбегін туғызды. Егер электродтардың арақашықтығы d= 2см, потенциалдар айырымы
И=6 кв және әр түрлі таңбалы иондардың қозғалғыштығы тең в+= в-=1,5 см2/(В.с) болса, α-бөлшегі өткен соң қанша уақыттан кейін иондар электродқа жетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |