Масса. Инерция Масса



жүктеу 225,94 Kb.
бет2/3
Дата06.11.2022
өлшемі225,94 Kb.
#40022
1   2   3
7. Масса.Инерция

Жаттығу есептер
А - тобы

  1. Сол жақтағы арбаның массасы 450 г. Оң жақтағы арба сол жақтағыдан 0,5 есе үлкен жылдамдық алады. Оң жақтағы Арбаның массасын анықтаңыз.




  1. Горизонталь бағытта 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан шар тыныштықта тұрған дәл сондай шарға келіп соқтығысты. Соқтығысу салдарынан кейін бірінші шар тоқтап қалды. Екінші шар соқтығысқаннан кейін қандай жылдамдықпен қозғалысты бастады?



  1. Екі шардың соқтығысуының салдарынан олардың жылдамдықтары 60 м/с және 20 м/с-қа өзгерді. Жеңіл шардың салмағы 500 г болса, екінші шардың салмағы қанша?


  1. Вертикальды жоғары бағытта атылған снаряд жоғарғы нүктеде массасы 1 кг және 3 кг болатын екі бөлікке бөлініп кетті. Снарядтың бірінші бөлігінің жерге қатысты жылдамдығы 120 м/с болса, снаряд екінші бөлігі қандай жылдамдыққа ие болады?



  1. Арбада горизонтальды бағытта ататын зеңбірек орналасқан. Зеңбірекпен қоса есептегенде арбаның массасы 600 г, снарядтың массасы 12 г, ал снарядтың жылдамдығы 6 м/с болса, онда зеңбірек орналасқан арбаның жылдамдығы қандай?



  1. Екі шар бір-біріне соқтығысқаннан кейін тоқтап қалды. Үлкен шардың массасы 1,5 кг. Егер соқтығысуға дейін үлкен шардың жылдамдығы 2 м/с ал кіші шардың жылдамдығы 5 м/с болса, онда кіші шардың массасы қандай?


B - тобы

  1. Массасы 1 тонна болатын зеңбіректен 600 м/с жылдамдықпен снаряд ұшып шықты. Зеңбіректің қарама-қарсы бағыттағы тебілу жылдамдығы 12 м/с болса, снарядтың массасы қандай?



  1. Қозғалыссыз тұрған арбаның массасы 20 кг. Горизонталь бағытта секіруші арбадан секіргеннен кейін арба 1,2 м/с болатын жылдамдық алды. Егер секірушінің массасы 60 кг болса, секіруші қандай жылдамдыққа ие болады?



  1. Массасы 60 кг көркем сырғанаушы конькимен мұзда тұрып, алдына қарай мұз кесегін 3 м/с жылдамдықпен лақтырды. Егер осы уақытта көркем сырғанаушы артқа қарай 40 см/с жылдамдықпен жылжыған болса, осы мұз кесегінің массасын тап.



  1. Арбалардың арасында жіппен қысылған пружина орналасқан. Сол жақ арбаның үстінде темірден жасалған куб орналасқан, оң жағындағы арбада дәл сол көлемдегі шыршадан жасалған куб орналасқан. Кубтар бірдей көлемді. Егер жіпті үзіп жіберсе, арбалар қозғалады. Арбалардың массасын есепке алмасақ, қай арба көп жылдамдыққа ие болады? Және қанша есе көп? (ρтемір=7800кг/м3; ρшырша=600кг/м3;)




  1. Тыныштық жағдайында тұрған екі арба әрекеттескенде 20 см/с және 60 см/с жылдамдыққа ие болды. Үлкен арбаның массасы 600 г болса, кіші арбаның массасы қандай?



  1. Массасы 5 тонна болатын зеңбіректен горизонтальды бағытта массасы 25 кг болатын снаряд ұшып шықты. Снарядтың жерге қатысты жылдамдығы 400 м/с-қа тең болса, зеңбіректің қарама-қарсы бағыттағы тебілу жылдамдығы қанша?



  1. Массасы 50 кг болатын бала қозғалмай тұрған қайықтан жағаға 1,5 м/с жылдамдықпен секіріп түсті. Қайықтың массасы 1 т болса, қандай жылдамдыққа ие болды?



  1. Массасы 2 кг болатын бос арба 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келіп, тыныштықта тұрған жүгі бар арбаға келіп соқтығысты. Соғысу салдарынан бос арба тоқтап қалып, жүгі бар арба 0,4 м/с жылдамдықпен қозғала бастады. Жүгі бар арбаның массасы қанша?



  1. Массасы 50 кг болатын бала қозғалмай тұрған қайықтан жағаға 4 м/с жылдамдықпен секіріп түсті. Қайықтың жылдамдығы 1 м/с болса, қайықтың массасы қандай?



  1. Горизонтальды бағытта 600 м/с жылдамдықпен ұшып бара жатқан 10 г-дық оқ тегіс үстелдің үстінде жатқан массасы 200 г ағаш білеушесін тесіп өтті. Осының салдарынан оқтың жылдамдығы 400 м/с-қа тең болды. Білеуше қандай жылдамдыққа ие болды?



жүктеу 225,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау