1.8 Жуковский теоремасы:
Кривошиптің А нүктесіне түсірілген теңгеруші күштің Р' тең шамасын Жуковский әдісі бойынша анықтауға болады.
Ол үшін:
а) механизмнің орналасу қалпына сәйкес алынған жылдамдықтар жобасын кез келген бағытта 900 –қа бұрып орналастырамыз.
б) Осы жылдамдықтар жобасына механизмге әсер ететін сыртқы (инерция, ауырлық, қозғаушы немесе кедергі) күштерін өздерінің бағыты бойынша аттас нүктелеріне түсіреміз. Қарымта күштер есепке алынбайды.
в) «Қатаң иіннің» тепе-теңдігін қарастырамыз, яғни помеске қатысты барлық күштердің моменттерінің қосындысынан белгісіз теңгеруші күшті Р' тең табамыз.
Бір ескерілетін жағдай, кейбір звенолардың инерция күштерінің моменті Mu бар болса, онда оларды «қатаң түрде» сол звеноның шеткі нүктелеріне әсер тететін сан мәні тең, бағыттары қармама- қарсы қос күшпен ауыстыруы керек.
%
Достарыңызбен бөлісу: |