Механизмнің күштік талдауы
1.1 Механизмдерді күштік талдаудың мақсаты:
Механизмнің динамикасын зерттеудің бір мәселесі ретінде звенолардың бір-біріне өзара әсер ету күштерін , яғни кинематикалық жұптарда пайда болатын қарымта реакция күштерін жәнемеханизмнің қандайда бір звеносына түсірілген теңгеруші күшті анықтау болып табылады. Бұл күштерді анықтау механизмдердің жекелеген бөлшектерінің беріктігін, кинематикалық жұптардағы үйкеліс күшін, жанаса орналасқан бөлшектердің қажалуын есептеу т.б. шамаларды табу кезінде үлкен роль атқарады.
Механизмнің күштерін табу үшін алдын ала мынадай шамалар берілуі керек:
Механизмнің кинематикалық сұлбасы;
Звенолардың массалары мен инерция моменттері;
Жетекші звеноның қозғалыс заңы;
Механизмнің звеноларына сырттан әсер етуші сыртқы кұштер;
Күштік есептеудің нәтижесінде табу керек:
Барлық кинематикалық жұптардағы қарымта күштерді;
Теңгеруші күшті немесе моментті;
1.2 Механизм звеноларына әсер ететін күштер
Механизмжұмыс істеп қозғалып тұрған кезде оның звеноларына қозғаушы,қарсылық және т.б. алдын ала тауып алуға болатын күштер әсер етеді.
Қозғалыс беруші күштер деп звеноның қозғалысын одан әрі жылдамдатуға әсер етуші, жұмысы оң таңбалы күштерді айтады.
Керісінше звеноның қозғалысын баяулатуға тырысатын жұмыстары теріс таңбалы күштер кедергі деп аталады. Олар зиянды және қажетті болып табылады. Машина немесе механизм қандайда бір жұмыс атқару үшін арнайы жасалынды, сол жұмыс кезіндегі қарсылық қарсылық күштер өндірістік немесе қажетті кедергі күштер деп аталады. Механизм звеноларына етуші күштердің сан мәні немесе бағыты тұрақты және айнымалы болуы мүмкін.
Кинематикалық жұптардағы қарымта күштерді анықтау Даламбер принципіне бағынады.Және кинестотикалық әдісі бойынша звеноларға әсер ететін сыртқы күштер мен қарымта күштеріне инерция күштерін қосатын болсақ, онда бүкіл күштер жиынтығы үдемелі қзғалыс кезінде пайда болады. Осы күштерді қалай анықтауға болатынын қарастырайық.
1.3 Инерция күштерін және инерция моменттерін анықтау
Қатты дененің элементар инерция күштерінің жиынтығы инерция күштерінің бас векторымен бас моментіне келтірілетіні теориялық механика пәнінен белгілі. Күш векторлық шама ретінде үш параметрмен: сан мәні, бағыты және түсірілген нүктесі арқылы сипатталуы керек.
Инерция күштерінің бас векторының сан мәні звеноның массасымен оның ауырлық нүктесінің үдеуінің көбейтіндісіне тең, ол үдеуге қарама-қарсы бағытталған және ауырлық нүктесіне түсіріледі.
Pu2=m2·as2;
Pu3=m3·aB;
1 жағдай үшін
Pu2=12000·9,6=115200 H
Pu3=18000·9,6=172800 H
10 жағдай үшін
Pu2=12000·6,8=81600 H
Pu3=18000·6,6=118800 H
Инерция күшінің бас моменті звеноның бұрыштық үдеуі мен сол звеноның массаларының орта нүктесі арқылы жүргізілген өскеқатысты инерция моментінің көбейтіндісіне тең, ал бағыты звеноның бұрыштық үдеуіне қарама-қарсы, яғни
1 жағдай үшін
10 жағдай үшін
Достарыңызбен бөлісу: |