Жұқалай күшейтуді
негізінен
түрлі-түсті материалдардан және
олардың қоспаларын өңдеу үшін қолданады, себебі бұл
материалдардан дайындамалардың тесіктерін ажарлаумен өңдеу
барысында ажарлау шарықтасы майланып, өңдеуді қиындатады.
Жұқалай күшейту кесудің аз тереңдігімен (0,05...0,3 мм) және
кесудің жоғары (120...1 000 м/мин және оданда жоғары)
жылдамдықтарында
аз
берілістермен
(0,02...0,12
мм/айн.)
сипатталады. Өңдеуді алмаз кескіштермен немесе қатты
қорытпалардан жасалған пластиналармен іске асыралы.
Алмаз кескіштер өте берік, 200...300 с. жетеді. Қатты
қорытпалардан пластиналары бар кескіштердің жақсы жеткізілген
кесуші жиектері өңделетін беттің жоғары сапалығын қамтамасыз
етеді, бірақ, беріктігі аздау.
Достарыңызбен бөлісу: |