7.3.
МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ
ЦЕХТАРЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР
ҚАУІПСІЗДІГІ
Машина жасау өндірісінің соңғы үлгідегі технологиялық
жабдығы электр қозғалтқыштармен және басқа да электр
техникалық құрылғыларға толы. Цехтарда қол электр аспаптарын
пайдаланады
415
Сынақ стенді тестілеу үшін талап етілетін тиісті шеңберге біртіндеп
және байсалды жылдамдықты арттыру керек. Сонымен қатар,
шеңбердің айналу жиілігін бақылау үшін стационарлық
тахометрмен жабдықталуы керек.
Сынақтан өткен шеңберлерді, ерекше үлгіде арнайы кітапқа
жазады да, шеңбердің өзінде тиісті таңба жасайды (бояумен немесе
арнайы таңбашамен) – сынақ кітабы бойынша шеңбердің реттік
нөмерін және сынаққа жауапты тұлға мен сынақ күнін көрсетеді.
Орнату кезіндегі шеңберлерді бекіту тәсілдері шеңберді
шпиндельде бекіту сенімділігін қамтамасыз етуі қажет; шеңбердің
ішінде ішкі кернеулер пайда болмауы керек, ол үшін фланец пен
шеңбер арасында екі жақтан қалыңдығы шеңбер диаметріне
байланысты 0,5 мм бастап 3 мм дейін, икемді материалдардан төсем
қояды (тығыз қағаз, картон, резеңке және т.б.). Төсемдер
фланецтердің барлық қысқыш бетін жабуы және бүкіл шеңбер
бойымен сыртқа шығуы керек.
Фланецтердің, төсемдердің және тегістеу шеңберлерінің
байланыс беттерін толығымен тазалануы қажет, ал фланецтің қысу
беті шеңбердің диаметрінен кем дегенде 1/16 құрауға тиіс.
Шеңбердегі саңылау шпиндель диаметрінен 0,2 ...0,4 мм үлкен
болуы керек.
Тегістеу шеңберлері жұмыс кезінде болаттан немесе құйылған
шойыннан жасалған және білдектерге тығыз бекітілетін қорғаныс
қаптамаларымен қоршанылуы тиіс. Шеңбердің айналу жиілігі үлкен
болған жағдайда, қаптама іргелерінің қалыңдығы есеп бойынша
көбейеді. Шеңбер мен қорғаныс қаптамасының цилиндрлік бетінің
арасындағы саңылау 20 мм бастап 30 мм дейін болуы қажет, ал
шеңбер мен қаптаманың бүйір іргесі 10.15 мм. Қорғаныс
қаптамасының ашылу 60 бастап 180° дейін теңселуі мүмкін.
Жалпақ тегістегіш білдектерінің үстелдері мен магниттік
тақталары бөлшектердің ұшу жағдайында қоршаулы болуы тиіс.
Бұдан бөлек, электр энергиясын жарықтандыру, дәнекерлеу,
дайындау пештерін қыздыру және т.б. жағдайларға пайдаланады.
Бұл жабдықтарды дұрыс пайдаланбаған немесе белгіленген
ережелерді сақтамаған жағдайда, электр тоғы адам денсаулығына
қауіп тудырады.
Электр тоғының адам ағзасына әсері жан-жақты сипатқа ие.
Адам денесі арқылы өткен электр тоғы оның түрлі органдарына
термиялық, электрлитикалық және биологиялық әсерін тигізеді.
Онымен қатар, жүрек, ми, өкпе қызметі бұзылуы мүмкін. Электр
тоғының әсерінен болған жарақаттардың ауырлық дәрежесіне қарай
былайша жіктеуге болады:
■
I – ес-түстен айырылмай, бұлшық еттердің тырысып,
жиырылуы;
■
II
– ес-түстен айырылу, бұлшық еттердің тырысып,
жиырылуы, бірақ демалу мен жүректің қалыпты жұмыс
жасауы;
■
І І
I – естен тану және жүрек қызметі мен демалудың
бұзылуы;
■
IV
— демалу мен қанайналысының тоқтауымен
сипатталатын клиникалық өлім.
Достарыңызбен бөлісу: