Қажақты таспалармен қара және түрлі-түсті металлдарды, және
де металл емес материалдарды өңдеуге болады.
Қажақты таспаларды матадан (мысалы, саржадан) немесе бетіне
қажақты: бола өңдеу үшін нормалы және ақ электркорунд, сұр
шойынды, жезді және алюминий қорытпаларын өңдеу үшін
кремний карбидін және қола мен қақталған шойын түйіршіктерін
желіммен (шел желімі және т.б.) жағылған қағаздан дайындайды.
Көп қабатты таспаларды, дайындалуының күрделілігі мен
жоғары құндылығына қарай сирек қолданады.
Таспаның қалыңдығы (қажақтың қабатымен бірге) 21 мм-ден
аспайды. Таспаның енін өңделетін беттің ұзындығына қарай, соның
ішінде айналу денелерінің (біліктердің) бетін ажарлау кезінде,
соның ұзындығына тең енімен таңдайды. Қажақты таспаның
ұзындығы өңделетін дайындаманың көлеміне және ажарлау
процесінің өнімділігіне берілетін талаптарға тәуелді, себебі
қажақты таспаның ұзындығы мен еніне қаншалықты үлкен болса,
таспаның бір айналымында кесу үдерісіне соншалықты көп
түйірішік саны қатысады. Өндіріс тәжірибесінде ені 10-нан 3 000
мм-ге дейін және ұзындығы 500-ден 7000 мм-ге дейін қажақты
таспалар қолданады.
Қажақты таспамен ажарлау тәсілдерін, оның өңделетін бетке
бастырылуына байланысты бөледі.
1.23-суретте қажақты таспамен ажарлау әр түрлі тәсілдерінің
схемасы көрсетілген.
Өңделетін беттің пішініне қарай, таспаның бос бөлігімен
жетекші түйіспелік шарықтаста немесе үлгісінің қажаты таспа
көшіріп ала алатын, өтпелі түйіспелік шарықтаста ажарлауға
болады.
Таспаның бос бөлігімен өңдеу көбірек өнімді болып табылады,
себебі бұл жағдайда қажақты таспа түйісудің үлкен бетін алып,
өңделетін дайындаманың көп бөлігін қамтиды, нәтижесінде
цилиндрлік және аз радиуста қисайған қисық сызықтыдан басқа
барлық беттерді ажарлауға мүмкіндік береді.
Түйіспелі шарықтаста өңдеу кезінде сондай өнімділікті
қамтамасыз ету үшін көбірек жұмыс жасау керек. Мұндай жағдайда
ажарлаудағы өнімділік түйіспелі шарықтастың диаметріне кері
пропорционалды, бірақ диаметрі 150 мм кем шарықтастар
қолданылмайды.
Кейде түйіспелі шарықтастың орнына, өңделетін дайындаманың
екі жағына орналастырылған екі тірек пайдаланады, бұл жағдайда,
дайындаманы қажақты таспамен орау бұрышы, содан түйіспенің
Достарыңызбен бөлісу: