Ірі сериялық және жаппай өндірісте негізгі тесіктерді өңдеу
үшін автоматты желілерде жұмыс істейтін немесе жеке
пайдаланылатын көп айналдырғылы агрегатты жону білдектері
қолданады. Агрегаттық жону білдектер түрлі құрастыруларға ие;
олардың күштік бастиектері тік, көлденең немесе еңкіш бағытта
қозғалуы мүмкін. Осы білдектердегі жұмыс циклы автоматталған.
Агрегаттық білдектерде цилиндрлі және конусты тесіктердің
бұрғылауын, үңгілеуін, жонуын, жазуын, шетжақтардың кесуін,
жүздің шешуін, түрлі жырашықтардың жонуын және бұранданың
кесуін орындайды.
Шағын-сериялы өндірісте негізгі тесіктерді өңдеу үшін
қүрылғының автоматты ауысуы үшін қораппен жабдықталған СББ
бар көпмақсатты білдектерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: