2. Халықаралық жеке құқықтың тарихы. Халықаралық жеке құқықтың пайда болуының алғышарттары. Глоссаторлар және постглоссаторлар (комментаторлар) ағымы, олардың негізгі өкілдері. Статуттар теориясы, оның өкілдері мен кодификациясы. Аумақтық теория, оның халықаралық жеке құқықтың дамуына ықпалы. Халықаралық құқықтық ортақтық доктринасы. Кеңестік (посткеңестік) және қазақстандық халықаралық жеке құқық ғылымының дамуы.
3. ХЖҚ қайнаркөздері. Ұлттық заңнама ХЖҚ-тың негізгі қайнаркөзі ретінде. Түрлі мемлекеттер заңнамаларындағы ХЖҚ нормаларының дербес және салалық кодификациясы. Халықаралық шарттар, сот прецеденті мен докрина, халықаралық сыпайылық және өркениетті ұлттар таныған құқықтың ортақ қағидалары, іскерлік айналым ғұрыптары мен lex mercatoria ХЖҚ-тың қайнаркөздері ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |