|
Магниттер және олардың қасиеттеріЭлектр тогының магнит өрісі
|
бет | 2/11 | Дата | 11.12.2023 | өлшемі | 405,94 Kb. | | #44673 |
| дәріс 32.2 Электр тогының магнит өрісі
Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі пайда болады. Сондықтан да өткізгішке жақын маңға еркін айналып тұратын магнит нұсқама қойсақ, онда ол өткізгіштің бойымен өтетін жа-зықтыққа перпендикуляр қалыптағы орынға орналасуға тырысады. Мынадай тәжірибені жасап, бұған тез көз жеткізуге болады. Горизонталь койылған бір табақ картонның тесігіне түзу өткізгіш кіргізіп және ол арқылы ток жүргіземіз. Картон үстіне темір үгін-ділерін сепсек, олар жалпы орталық центрі өткізгіш картон табақты тесіп өтетін нүктесінде жататын центрлес шеңберлер бойымен орналасатынына көзімізді жеткіземіз. (14а-сурет). Осы өткізгіштің жанына жіпке іліп магнит нұсқаманы қойсақ, ол суретте көрсетілген жағдайда орналасады. Өткізгіштегі токтың бағыты өзгерген кезде (қарама-қарсы бағытқа) магнит нұсқама 180° бұрышқа бұрылады да ол, өткізгіш бойымен өтетін жазықтыққа перпендикуляр қалпын сақтап қалады. Өткізгіштегі токтың бағытына байланысты, ол құрайтын магнит өрісінің магниттік сызықтардың бағыты бұранда ережесімен анықталады. Ол былайша тұжырымдалады: егер де бұранданың ілгерілеме қозғалысы өткізгіштегі токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұранда тұтқасының айнымалы қозғалысы осы өткізгіштің айналасында пайда болатын өрістің магниттік сызықтарының бағытын көрсетеді.
14 Сурет – Магнит өрісі:
а) тогы бар тураөткізгіш; б) соленоид
Егер де сақина түрінде иілген өткізгіш арқылы ток жіберсек, онда осы токтың әсерінен де магнит өрісі пайда болады. Спираль түрінде иілген және бір осьті бойлай бірнеше орамнан тұратын жі-ңішке сымнан жасалған өткізгішті (14б-сурет) соленоид деп атайды. Соленоидтың орамасынан (обмоткасынан) немесе бір орам өткізгіштен ток өтетін кезде магнит өрісі қозады (пайда болады). Мұның да бағыты бұранда ережесімен анықталады. Егер іс бұранданың осін сақинаша өткізгіштің жазықтығына перпендикуляр немесе соленоид осін бойлай орналастырсақ және тұтқасын токтың бағытымен айналдырсақ, онда осы бұранданың ілгерілеме қозғалысы соленоид сақинасы өрісінің магниттік сызықтарының бағытын көрсетеді.
Соленоид орамасыньщ тогы қоздырған магнит өрісі тұрақты магниттің магнит өрісіне ұқсас, яғни магниттік сызықтар шығып жатқан соленоидтың түбі оның солтүстік полюсы қарама-қарсы түбі оңтүстік полюсы болып табылады. Магнит өрісінің бағыты токтың бағытына тәуелді болады және түзу өткізгіштегі немесе орауыштағы (катушкадағы) токтын бағыты өзгерсе, онда осы ток қоздырған өрістің магниттік сызықтарының бағыты да өзгереді. Біртекті магнит өрісі барлык нүктелерде де біржақты бағыт пен біртекті интенсивтікке ие болады. Онда болмаса өpic біртексіз деп аталады. Біркелкі магнит өрісін графикалық түрде бірдей тығыздықтағы параллель сызықтармен бейнелейді, мысал екі әраттас параллель орналаскан магнит полюстарының арасындағы ауа саңлауындағы өpic біртекті өpic болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|