Магистрант Алимова А. С., п. ғ. к. Абилхаирова Ж. А. Қазақстан, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда



жүктеу 31,48 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі31,48 Kb.
#17825


                               Scientific Issues of the Modernity                                   

25 


Магистрант Алимова А. С., п. ғ. к. Абилхаирова Ж. А. 

 

Қазақстан, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 

мемлекеттік университеті 

Қазақстан, Қызылорда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 

мемлекеттік университеті 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 



БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ 

ӘДІСТЕРІ 

 

The article deals with the methods and techniques of development of 



primary  school  children's  coherent  speech.  Speech  developing  is  the  main 

goal  of  primary  school,  because  a  child  socialization  in  society  is  not 

possible without its acqiring. 

 

ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технологиялардың  өркендеген,  жаһандану 



үдерісі кеңінен етек жайған заман. Ақпарат құралдарының өркендеуіне 

байланысты  тілдің  сөздік  қоры  жаңаруда,  сондай-ақ  тіл  білімінің 

арнасы  да  кеңеюде,  білім  беру  саласындағы  оқулықтар  да  уақыт 

талабына  сай  өзгеру  үстінде.  Өйткені  еліміздің  болашағы,  оның 

материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің 

деңгейіне байланысты.  

Тіл дамыту жұмысы - қиын да күрделі үдеріс. Бастауыш сынып 

оқушыларының  байланыстырып  сөйлеуін  дамыту  балаларға  тілді 

меңгертудегі  негізгі  міндеттердің  бірі  болып  саналады.  Бұл  өз 

кезегінде  оқушылардың  байланыстырып  сөйлеуін  дамытудың  бала 

тұлғасын  қалыптастырудағы  ролі  мен  әлеуметтік  маңызы  өте  зор 

екендігімен түсіндіріледі. Себебі тіл мен сөздің негізгі коммуникативті 

қызметі байланыстырып сөйлеу арқылы жүзеге асады.  

Байланыстырып  сөйлеу  дегеніміз  -  логика  мен  грамматиканың 

заңы  бойынша  құрылған,  белгілі  бір  тақырыпта  аяқталған  ойды 

білдіретін  және  өзара  байланысты  азды-көпті  бөліктерден  тұратын 

байланыс.  

Байланыстырып  сөйлеуді    дамытудағы  ең  алғашқы  қадам  – 

сөздік жұмысы. М.Р.Львов: «Сөздік жұмысы – бұл оқушылардың жаңа 

сөздерді  меңгеруіне,  олардың  сөздік  қорын  байытуға  бағытталған 

жаттығулар жүйесі. Жүйелі және мақсат-бағдарлы сөздік жұмысының 

негізінде  балалар  қиын  сөздерді  дұрыс  айтуды  және  дұрыс  жазуды 

үйренеді,  оны  өздерінің  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілінде 



    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

26 


қолдануға  дағдыланады»,  -  деп  сөздік  жұмысының  тек  сөздіктермен 

емес, әр түрлі бағыттағы жұмыстар екендігін атап көрсетеді [1].  

Баланың мектепке келген күнінен бастап сөздік жұмысы мазмұнды, 

жоспарлы, кезекті үдеріс ретінде жүргізілуі тиіс. Сөздік жұмысын мұғалім 

жыл  басында  өзінің  күнтізбелік    жұмыс  жоспарында  жоспарлап, 

бағдарламада  көрсетілген    материалдардың  көлемінде  оқушының  өткен 

немесе келешектегі білімін еске ала отырып жүргізуі қажет.  

Мектептегі  түрлі  пәндерден  оқушылар  білім  алумен  қатар,  сол 

пәндерге  тиісті  терминдерді  игереді.  Мұндай  сөздер  қазақ  тілінен 

алған  білімдерін  қорландырып,  сөздік  қорын,  сөйлеу  дағдысы  мен 

жазу  шеберлігін  арттырады.  Сөз  мағыналарын  есте  сақтап,  оларды 

толық  қайта  жаңғырту  ісіне  оқушыларды  үйретeуші  -  мектепте 

бастауыш  сынып  мұғалімі.  Сондықтан  әр  сабақты,  яғни  әр  сабаққа 

бөлінген  45  минутты  тиімді  етіп  ұйымдастыра  білу  ісі  мұғалімнен 

ерекше шығармашылық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді. 

Бұны  мұғалім  «Ана  тілі»  сабақтарында  жүргізілетін  сөздік  жұмысы, 

оқушыларға  мәтін  бойынша  жоспар  құрғызу,  көркем  мәтінді  ауызша, 

жазбаша  мазмұндату,  шығарма  жаздырту  т.б.  көптеген  жұмыс 

түрлеріне байланысты жүзеге асырады.  

Сөздік  жұмысы  да,  сөйлем  құрау  жұмыстары  да  оқушыларды 

байланыстырып  сөйлеуге  даярлайды  дей  келе,  әдіскер-ғалым 

С.Рахметова  байланыстырып  сөйлеу  жаттығуларының  төмендегідей 

түрлерін ұсынады: 

1)   сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу; 

2)   оқығанды  талдауға,  грамматикалық  материалдарды  өтуге 

байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар; 

3)   бақылау күнделіктерін жүргізу; 

4)   оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада); 

5)   берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау арқылы жинаған 

материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы, 

т.с.с. ауызша, жазбаша әңгіме құрастыру; 

6)   жаттап алған көркем мәтіндерді айту; 

7)   өз  жанынан  ертегі  шығару,  әдеби-көркем  шығармалар 

бастамасын айту; 

8)   үлгі мәтіндерді жазбаша мазмұндау; 

9)   мұғалімнің  ұсынған  мәтінін  ауызша,  жазбаша  қайта  құру 

(ішінара  әңгімелесу,  мазмұндау,  әңгімелесу  мен  мазмұндаудың 

шығармашылық түрлері, әңгімелерді сахналау, т.б.); 

10) оқыған 

шығармаларды 

немесе 

өздері 


құрастырған 

әңгімелерді  ауызша  суреттеу,  драмалаудың  алуан  түрлері,  қиялында 

экранға түсіру; 



                               Scientific Issues of the Modernity                                   

27 


11) алуан түрлі жазбаша шығармалар; 

12) газеттерге 

мақала  жазу,  оқыған  кітаптары,  көрген 

спектакльдері  мен  кинофильмдері  жөнінде  пікірлерін  жазу  (ерекше 

жанрға шығарма); 

13) хат жазу; 

14) іс  қағаздары;  арыз,  хабарландыру,  құттықтаулар,  жеделхат, 

т.б. [2]. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының    байланыстырып  сөйлеуін 

дамытуда  суреттің  рөлі  өте  зор.  Сурет  бала  сезіміне  әсер  етеді.  Бала 

күнделікті  тұрмыста  кездеспейтін  заттар  мен  құбылыстарды  сурет 

арқылы  көре  алады.  Сонымен  қатар  балаға  сурет  бұрыннан  таныс 

құбылыстарын  тереңірек  түсінуге  септігін  тигізеді,  танымын 

кеңейтеді, ақыл ойын, тілін дамытады, сөздік қорын байытады.  

Суреттің  байланыстырып  сөйлеуді  дамытуда  екі  түрі 

қолданылады,  олар:  1)  жеке  заттың  суреттері;  2)  мазмұнды  суреттер. 

Суреттер  баланың  байқағыштығын,  қиялын  дамытады,  бейнелеу 

өнерін түсінуге септігін тигізеді.  Алдымен сурет бойынша мазмұндау 

ауызша,  әңгіме  құрастыру  түрінде  болуы  керек.  Суретті  сипаттау 

мазмұндаудың  ең  қиын  түрі.  Бірінші  сынып  оқушылары  суретті 

сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  сипаттайды,  біріншіден,  суреттің 

тақырыбын 

(суретте 

не 


бейнеленген), 

екіншіден, 

сурет 

композициясын, заттардың орналасу ретін, үшіншіден, егер бар болса, 



әрекетті,  әрекет  етуші  тұлғаларды  айқындайды.  Соңында  суреттің 

идеялық мағынасын айтады.  

Екінші  сыныптан  бастап,  суретті  өздігінен  ауызша  сипаттайды 

("Суреттен  нені  көріп  отырғаныңды  әңгімелеп  бер").  Сынып 

жоғарылаған сайын суретті  сипаттауға байланысты талаптар қиындай 

түседі,  талдау  элементтері  енгізіледі,  балалардың  байқағыштық 

қабілеті дамиды.  

Сонымен    бастауыш  сынып  оқушыларының  байланыстырып 

сөйлеуін  дамытуға  байланысты  жұмыстар  жүйелі  жүргізілсе,  өз 

нәтижесін берері сөзсіз.  



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.   Львов М. Р. Основы теории речи. - М.:Академия, 2002. 

2.   Рахметова  С.  Бастауыш  сыныптарда  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесінің негіздері. -Алматы: Атамұра, 2011. 



 

 

 



жүктеу 31,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау