Мақал сөзді қажетіңе жарат, ұрпағыңа тарат
Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек те емексіп аяғын көтеріпті.
***
Өсер елдің баласы қозысын күтіп қой қылар,
өспес елдің баласы қозысын сойып той қылар.
***
Жолдасыңның жоғын қарас,
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
***
Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.
***
Екі жасты қосқанның – сауабы бар,
Дос арасын ашқанның – обалы бар.
***
Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі.
***
Көңіл – сөздің сандығы.
***
Ақпейілдің аты арымайды, тоны тозбайды.
***
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
***
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.
***
Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
***
Ақылы жоқтың – арманы жоқ.
***
26
Ашулының алдында тұрма.
***
Пейілі жаманға пәле жолығады.
***
Басында миы жоқтың,
Аяғында тыным болмас.
***
Өзінің түйедей мінін көрмей,
Өзгенің түймедей мінін көрер.
Азды алмаған – көптен құр қалар.
***
Шын жомарт – жоқтығын білдірмес.
***
Кең болсаң, кем болмайсың.
***
Ақылдының алдымен жүр,
Ақымақтың артымен жүр.
***
Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
***
Жамандық – жақын,
Жақсылық – алыс.
***
Сыйласаң, сый көресің
***
Ашу тұрған жерде ақыл тұрмас.
***
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
***
Ит дегенге ашуланған,
Күшік дегенге күлген.
***
Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.
***
Дария жанынан құдық қазба.
***
Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
***
Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
***
Судың жолын – құм бөгер,
Ердің жолын – сұм бөгер.
***
27
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай құнаннан.
***
Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын.
***
Жарлы болатын жігіт байталын атқа айырбастайды.
Жалғыз болатын жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
***
Жолдан адасқан – ауылын таппас,
Елден адасқан – бауырын таппас.
***
Балалығыңды сағынсаң – нағашыңа бар,
Жігіттігіңді сағынсаң – қайныңа бар.
***
Өзім деген өзекке теппес.
***
Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.
***
Атасы басқаны бата қосады,
Үйірі басқаны ноқта қосады.
***
Жеңім жаман болса да – жағам жақсы,
Өзім жаман болсам да – ағам жақсы.
***
Тентегін тыйған – ел берекелді,
Жаңбыр жауған жер берекелді.
***
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
***
Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
***
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жаныңнан түңілсін.
***
Көргенсіз кісі көңілге қарамайды.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
***
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
28
Жамандығың сезілсе,
Жақындарың жат болар.
Айға жетпес асыңды ауылдастан аяма.
***
Көңілдегі сырды көз білдірер.
***
Інісі бардың – тынысы бар,
Ағасы бардың – жағасы бар.
Ине өткен жерден – жіп өтер.
***
Қазаны басқаның – қайғысы басқа.
***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы.
***
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
***
Бас екеу болмай –
Мал екеу болмас.
***
Ата – балаға сыншы.
***
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты– шешеге.
***
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
***
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала– сорлы бала.
***
Отызыңда орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспайсың.
***
Жігіт жолдасынан белгілі,
Сарбаз қолбасынан белгілі.
***
Туғаныңды көрмеген,
29
Өлгеніңде жыламайды.
***
Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.
Айтқызған – жаманның ісі,
Қамышлатқан – шабанның ісі.
***
Өзім білем деген өрге баспас.
***
Кең болсаң – кем болмассың.
***
Келгеніне сүйінбеген,
Кеткеніне күйінбейді.
***
Малым – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы.
***
Жүре берсең – көре бересің.
Көре берсең – көне бересің.
***
Артық олжа – басқа еңбек.
***
Кішіпейілділік – кісінің көркі.
***
Ақылсыз сұрақ беріп,
Ақылды жауап күтпе.
***
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Бауыры бүтін пенде жоқ.
***
Еттің бәрі – қазы болмас,
Иттің бәрі – тазы болмас.
***
Аулыңда қарияң болса,
жазып қойған хаттайын.
Алған жарың жақсы болса,
ерттеп қойған аттайын.
***
Жаман істен ғана емес,
жаман сөзден де сақтан.
***
Жақсы алдында –жазыласың,
Жаман алдында – тарыласың.
30
***
Жақсы кісі жығылса,
Жаман тұрып табалар.
***
Жігітті жолдасынан таниды.
***
Көйлек кірі жуса кетер,
Көңіл кірі айтса кетер.
***
Көрінгеннің алыстығы жоқ,
Көтергеннің ауырлығы жоқ.
***
Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.
***
Таудың басын көр де – түбіне барма,
Жақсының өзін көр де – үйіне барма.
***
Жақсыдан – шарапат,
Жаманнан – кесепат.
***
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
***
Көргенді кісі – көргенін айтар,
Көргенсіз кісі – бергенін айтар.
***
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді.
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.
***
Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.
***
Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.
***
Жақсылық іс қайда болса,
Жақсы атақ та сонда.
***
Ойлай білсең – ана боларсың,
Ойнай берсең – бала боларсың.
***
Бос өткізу өмірді – ақымаққа көңілді.
***
Көрінген таудың алыстығы жоқ.
***
Естіге екі сөз де жетеді.
31
***
Адам аласынан сөз аласы жаман
***
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
***
Адам тілі - тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
***
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
***
Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.
***
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
***
Көп білетін аз сөйлейді
***
Баланың тентек болатыны – үйінен,
Ердің тентек болатыны биінен.
***
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
***
Мал иесіне тартады,
Сөз жүйесіне тартады.
***
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді болады.
***
Қуды қу табады,
Шұқанақты су табады.
***
Шын – бір сөз,
Өтірік – мың сөз.
***
Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
***
Алыста жүрсе кісінескен, жақында жүрсе тістескен.
***
Жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі,
Жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі.
***
Жаман өле жейді,
32
Жақсы бөле жейді.
***
Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.
***
Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар.
****
Адамның істегенін адам істейді.
***
Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат.
****
Жақсының жақсылығын бетіне айт, нұры тасысын,
Жаманның жамандығын бетіне айт құты қашсын.
***
Еккенде келісіп алса, жинағанда жанжал тумайды.
***
Су – шөлде нәр, селде – зәр.
***
Халық айтса, қалт айтпйды.
***
Бас аманда мал тәтті,
Тән ауырса жан тәтті.
***
Жаны бөлектің көрі бөлек.
***
Қойшы көп болса, қой арам өледі.
***
Ер кезегі үшке дейін.
***
Уақыт – емші.
***
Қыс азығын жаз ойла.
***
Ертең де күн бар.
***
Көп қорқытады, терең батырады.
***
Өткен іске өкінбе.
***
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамады.
Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.
***
Дені саудың – жаны сау.
***
Темірді қызған кезде соқ.
33
***
Аюға намаз үйреткен – таяқ.
Кімді айтсаң, сол келер.
***
Алмақтың да салмағы бар.
***
Асықпаған арбамен қоян алар.
***
Аузы күйген үріп ішер.
***
Көзден кеткен көңілден кетеді.
***
Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
***
Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін.
***
Бесіктегі бала бес түлейді.
***
Жалқаудың жанына барсаң – сылтаудың астында қаларсың.
****
Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесе де тұрмайды.
***
Байлық – мұрат емес,
Кедейлік – ұят емес.
***
Бай болып көргеміз жоқ, кедей болып өлгеміз жоқ.
****
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған әнші болады.
***
Көш жүре түзеледі.
***
Жұмысты кейінге қалдыру – уақытты ұрыға алдыру.
***
Уәде – Құдай төрі.
***
Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман малыңа жолдас.
***
Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.
***
Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан.
***
Шешінген судан тайынбас.
34
***
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Жығылып жатып сүрінгенге күлме.
***
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тарыпты.
***
Еңкейгенге еңкей, ол – атаңның құлы емес,
Шалқайғанға шалқай, ол – Құдайдың ұлы емес.
***
Бала тілі – бал.
***
Жалғздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
***
Жаман арба жол бұзар, жаман адам ел бұзар.
***
Бір тойда екі жар жоқ.
***
Кәрілік – көзді ашып-жұмғанша.
***
Батыл болмай, батыр болмас.
Екпей – егін шықпас,
Үйренбей – білім жұқпас.
***
Еш жаңалықтың жоқтығы – жақсы жаңалық.
***
Шығын шықпай, кіріс кірмейді.
***
Тәуекел түбі – жел қайық,
Өтесің де кетесің.
Уайым түбі – тұңғиық,
Батасың да кетесің.
***
Түпкі айылдың батқанын
Иесі емес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін –
Ағайын емес, жат білер.
***
Адаспайтын тұяқ жоқ.
***
Ат баспаймын деген жерін үш басады,
жігіт бармаймын деген жеріне үш барады.
***
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
***
35
Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады.
Білгенің – бір тоғыз, білмейтінің – тоқсан тоғыз.
***
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.
***
Жақсы – Ай мен Күндей, әлемге бірдей.
***
Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.
***
Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
***
Кісідегінің кілті аспанда.
***
Қалған көңіл – шыққан жан.
***
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
сараң екеніңді табағыңнан танимын.
***
Қасқырдан қайрат кетсе ешкіні «апа», текені «жезде» дейді.
***
Қате баспайтын қадам болмайды.
***
Үйлену оңай, үй болу қиын.
***
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
***
Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
***
Шақырылмаған қонақ сыпырылмаған жерге отырады.
***
Шошқаға ерген балшыққа аунар.
***
Түймені ұрлаған, түйені де ұрлайды.
***
Таңғы нәсіп Тәңірден.
***
Танитын жерде өң сыйлы, танымайтын жерде тон сыйлы.
***
Су ішкен құдығыңа түкірме.
***
Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
36
Сара жолдың қадірін адасқанда білерсің,
қарындастың қадірін қарасқанда білерсің.
***
Сақтықта қорлық жоқ,
Сәлемде зорлық жоқ.
***
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
***
Өмір үйретеді, үйренбесең күйретеді.
***
Орындалмаған аманат – ерге тағылған жаман ат.
***
Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
***
Өзін бағындыра алмаған – өзгені де бағындыра алмайды.
***
Ойнап айтсаң да, ойлап айт.
***
Маскүнем – өзіне-өзі қаскүнем.
***
Құдай, мені достарымнан сақта, қастарымнан өзім де сақтанамын.
***
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
***
Заманына қарай амалы.
***
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
***
Жоқтық таластырады, барлық жарастырады.
***
Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.
***
Жас бала құстың көлеңкесіне тоңады.
***
Еңбекпен тапқан нан тәтті.
***
Дұшпаныңды кешірсең кешір, бірақ сеніміңнің отын өшір.
***
Дос базарда сатылмайды.
***
Досыңа атыңды берме, берсең, ақырын жүр деме.
***
Бір биеден ала да туады, құла да туады.
37
***
Әркім – сыйласқанның құлы.
***
Барымен – базар, жоқты қайдан қазар.
***
Бұлт артында Күн бар.
***
Ашу – дұшпан, ақыл – дос.
***
Аспандағы сұңқардан, қолымдағы тұрымтай жақсы.
***
Ас қадірін тоқ білмес, ат қадірін жоқ білмес.
***
«Айдай салдың» малы өспейді, «көре салдың» қой өспейді.
***
Аспанға қарап оқ атпа, өзіңе келеді.
***
Бөрі арығын білдірмес, сыртқы жүнін қомпитар.
***
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
***
Шам жарығы табағына түспейді.
***
Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
***
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме.
***
Достарыңызбен бөлісу: |