14
Жеті саны қазақ үшін киелі сандардың бірі. Жеті атасын ұрпағына
үйретуді бабаларымыз өздеріне парыз санаған. Жеті атадан аспағанша
жастардың бір-біріне үйленуіне тиым салған. Ал енді жеті ғасыр тарихын
білмеген елдің жетесіз болатыны неліктен? Сіздер қалай ойлайсыздар?
38.
Арық қазбасаң - атызға су келмейдi.
Кейде біз қызық ойлаймыз. Ешқандай әрекет жасағымыз келмейді,
еңбек еткіміз келмейді, бірақ бай болғымыз келеді. Жақындарымызды
өзіміз іздемейміз, егер олар келмесе өкпелейміз. Адам өзі әрекет
жасамайынша, Алла да оның аузына су тамызбайды. «Арық қазбасаң
–
атызға су келмейді» деген сол емес пе?
Осы мақалды пайдаланып, өнегелі қысқа әңгіме жаз.
Достарыңызбен бөлісу: