М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Е. Қатты дененің механикасы тарауы бойынша тексеру сұрақтары



жүктеу 2,56 Mb.
бет5/18
Дата17.11.2017
өлшемі2,56 Mb.
#1019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Е. Қатты дененің механикасы тарауы бойынша тексеру сұрақтары

  1. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы деп қандай қозғалысты айтамыз?

  2. Қандай дененің айналмалы қозғалысы деп қандай қозғалысты айтамыз?

  3. Массалар центрінің координаттарын табудың қандай әдістері бар?

  4. Ілгерілемелі қозғалыстағы қатты дене үшін Ньютонның екінші заңының өрнегі қалай қорытылады?

  5. Күштің айналу өсіне қатысты моменті неге тең?

  6. Қандай жағдайларда күш моменті нөлге тең болуы мүмкін?

  7. Қатты дененің инерция моменті қандай өрнекпен анықталады?

  8. Сақинаның симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай табылады?

  9. Жұқа цилиндрдің симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай табылады?

  10. Тұтас цилиндрдің симметрия өсіне қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?

  11. Қалың қуыс цилиндрдің симметрия осіне қатысты иенрция моменті неге тең? Қалай қорытылады?

  12. Шыбықтың ортасынан өтетін перпендикуляр өске қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?

  13. Шыбықтың ұшынан өтетін перпендикуляр өске қатысты инерция моменті неге тең? Қалай қорытылады?

  14. Штейнер теоремасы қалай оқылады?

  15. Күш моменті векторының бағыты қандай ереже арқылы анықталады?

  16. Импульс моменті векторының бағыты қандай ереже арқылы анықталады?

  17. Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның екінші заңының векторлық өрнегі қалай жазылады?

  18. Импульс моментінің сақталу заңы қалай оқылады?

  19. Қозғалмайтын өстен айналатын қатты дененің кинетикалық энергиясы қандай өрнек арқылы табылады?

  20. Айнымалы қозғалыстың кинетикалық энергиясының өзгеруі неге тең?

  21. Кент теоремалары қалай оқылады?

  22. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың кинетикалық және динамикалық өрнектері арасындағы ұқсастықтары кестесін жасаңдар.

  23. Қатты дененің тепе-теңдік шарттары қандай?

  24. Көлбеу жазықтықтан сырғанамай домалайтын шардың горизонталь учаскеге шыѓу кезіндегіжылдамдыќтары мен ‰деуі ќалай ќорытылады.


8-15 апталардағы таќырыптар бойынша тексеру сұраќтары

А. Арнаулы салыстырмалылық теорияның негіздері тарауы бойынша тексеру сұрақтары


  1. Галилей түрлендірулерінің сегіз түрлі өрнектері қалай жазылады? Қандай жылдамдықты тасымалдау жылдамдығы деп атайды?

  2. Галилей түрлендірулері бір инерциялық санау жүйесінен екінші инерциялық санау жүйесіне көшкенде қандай шамаларды өзгеріссіз (инвариант) қалдырады?

  3. Салыстырмалылық теориясының постулаттары қалай оқылады?

  4. Лоренц түрлендірулерінің сегіз түрлі өрнектерз түрлі өрнектер?

  5. Классикалық физикадағы қандай шамалар салыстырмалылық теориясының тұрғысынан қарағанда инвариант шамалар емес?

  6. Қандай физикалық шама кеңістік –уақыттық интервал деп аталады?

  7. Кеңістіктік-уақыттық интервалдың қандай екі өрнегі бар?

  8. Кеңістіктік –уақыттық интервалдың инвариант екенін қалай дәлелдеуге болады?

  9. Релятивтік жылдамдықтардың қосу заңының өрнегі қандай?

  10. Қандай физикалық шама релятивтік импульс деп аталады?

  11. Ньютонның екінші заңының релятивтік өрнегі қандай?

  12. Түзу сызықтың бойымен қозғалыстағы нүктеге әсер етуші релятивтік күштің өрнегі қалай жазылады?

  13. Шеңбер бойымен қозғалыстағы нүктеге әсер етуші релятивтік күштің өрнегі қалай жазылады?

  14. Жалпы жағдайда күш векторы , үдеу векторы және жылдамдық векторы арасында қандай байланыс бар?

  15. Масса мен толық энергияның арасында қандай сәйкестік бар?

  16. Тыныштық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

  17. Бөлшектің кинетикалық энергиясы неге тең?

  18. Релятивтік кинетикалық энергияның өрнегі қандай жағдайда классикалық энергияның өрнегіне көшеді?

  19. Бір элементар бөлшек өзін-өзі екі элементар бөлшекке үшін, қандай шарт орындалуы?

  20. Релятивтік толық энергия және релятивтік импульс инвариант

шамалар емес екені белгілі, бірақ олардан инвариант шама құрастырып шығуға болады. Ол қандай шама?

  1. Қандай жағдайларда жеке толық энергияның сақталу заңы және жеке импульстің сақталу заңдары орындалады? Бір инерциялық санау жүйесінен екінші инерциялық санау жүйесіне көшкенде импульстің проекцияларының және толық энергияның арасындағы байланысты көрсететін сегіз түрлі өрнектер қалай жазылады?


В. Сұйықтар мен газдардың механикасы тарауы бойынша тексеру сұрақтары.

1. Қандай сұйықтар идеал сұйықтар деп аталады.

2. Ағын сызықтары деп нені айтады?

3. Ағын түтігі деп нені айтады?

4. Сорғының үзіліссіздігі туралы теорема қалай оқылады?

5. Статикалық қысым қандай өрнек арқылы табылады?

6. Динамикалық қысым қандай өрнек арқылы табылады?

7. Пьезоэлектрлік қысым қандай өрнек арқылы табылады?

8. Бернулли теоремасы қалай оқылады?

9. Горизонталь ағын түтігі үшін Бернулли теоремасының салдары қалай

оқылады?

10. Торричелли теоремасы қалай оқылады?

11. Бернулли теоремасына негізделген құралдардың, аспаптардың жұмысы туралы не айтуға болады?

12. Тұтқырлық күші қалай пайда болады?

13. Тұтқырлық күші үшін Ньютон заңының өрнегі қалай оқылады?


  1. Тұтқырлық коэффициентінің физикалық мәні туралы не айтуға

болады? Тұтқырлық коэффициентінің өлшем бірлігі қандай?

15. Тұтқырлық коэффициентін анықтау үшін Стокс әдісін пайдаланғандағы өрнектің түрі қандай?

16. Кинематикалық тұтқырлық коэффициенті мен динамикалық тұтқырлық коэффициентінің араларында қандай байланыс бар?

17. Гидростатикалық парадокс деп қандай тұжырымды айтамыз?

18. Сұйық ішінде қозғалып келе жатқан шар тәрізді қатты денеге әсер ететін маңдайлық кедергі күші қандай өрнек бойынша анықталады?

19. Рейнольдс саны деген қандай сан?

20. Ламинарлық және турбуленттік ағындар үшін Рейнольдс саны неге тең болуы керек?

21. Гидродинамикалық, жоғары көтеруші және маңдайлық кедергі күштерінің арасында қандай байланыстар бар?

22. Көлденең қимасы тұрақты имек түтікпен ағатын сұйықтың реакция күші қандай өрнек арқылы анықталады?

23. Қозғалатын жүйенің тұрғысынан қарағанда Мещерский тењдеуі қалай жазылады?

24. Қозғалмайтын жүйенің тұрғысынан қарағанда Мещерский өрнегі қалай жазылады?

25. Циолковскийдің бірінші өрнегін жазып, тұжырымдаңдар.

26. Циолковскийдің екінші өрнегін жазып, тұжырымдаңдар.
С. Механикалық тербелістер тарауы бойынша тексеру сұрақтары

1. Механикалық тербелістер деп қозғалыстың қандай түрлерін айтамыз?

2. Гармониялық тербелістер деп қандай тербелістерді айтамыз?

3. Гармониялық тербелістің графикалық моделі қандай?

4. Қандай тербелмелі жүйе математикалық маятник деп аталады?

5. Қандай тербелмелі жүйе серіппелі маятник деп аталады?

6. Қандай тербелмелі жүйе физикалық маятник деп аталады?

7. Қандай тербелмелі жүйе аударылмалы маятник деп аталады?

8. Қандай тербелмелі жүйе бұралғыш маятник деп аталады?

9. Соңғы бес сұрақтар үшін жүйелердің тербеліс периоды қандай

өрнектер арқылы табылады?

10. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең екі гармониялық тербелістің қорытқы амплитудасы қандай өрнек арқылы табылады?

11. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең екі гармониялық тербелістің қорытқы бастапқы фазасы қандай өрнек арқылы табылады?

12. Қорытқы тербеліс амплитудасы периодтары жеке тербелістердің амплитудаларының қосындысына тең болу үшін тербелістердің бастапқы фазаларының айырмасы неге тең болуы қажет?

13. Қорытқы тербеліс амплитудасы периодтары тең жеке тербелістердің амплитудаларының айырмасын тең болу үшін тербелістердің бастапқы фазаларының айырмасы неге тең болуы керек?

14. Бір түзудің бойымен бағытталған периодтары тең емес екі гармониялық тербелістер соғу беретіні белгілі. Соғу жиілігі неге тең болады? Соғудың циклдік жиілігі неге тең ?

15. Өзара перпендикуляр гармониялық тербелістер (тербеліс периодтары бірдей болғандағы) қосылғанда пайда болатын қорытқы тербеліс траекториясының өрнегі қандай?

16. Тербеліс траекториясы І және ІІІ ширектерде жататын түзу сызық болу үшін бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?

17. Тербеліс траекториясы ІІ және ІV ширектерде жататын түзу сызық болу үшін, бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?

18. Тербеліс траекториясы эллипс болуы үшін, бастапқы фазалар айырмасы неге тең болуы керек?

19. Қандай жағдайларда тербеліс траекториясы шеңбер болады?

20. Өшетін тербеліс периоды мен өшпейтін гармониялық тербеліс периодының арасында қандай байланыс бар?

21. Логарифмдік декремент деп қандай шаманы айтады?

22. Логарифмдік декремент арқылы кедергі коэффициентін қалай табуға болады?

23. Кез келген мезеттегі өшетін тербеліс амплитудасы қандай өрнек арқылы табылады?

24. Мәжбүр тербеліс қандай дифференциалдық теңдеуге бағынады?

25. Мәжбүр тербелістің бастапқы фазасы үшін қандай өрнек алынады?

26. Бастапқы фазаның мәжбүрлеуші күштің циклдік жиілігінен тәуелдігінің графигі қандай?

27. Резонанстың амплитуда қандай өрнек арқылы анықталады?

28. Резонанстық амплитуданың мәжбүрлеуші күштің циклдік жиілігінен тәуелділігінің графигі қандай? Бұл графиктен қандай тұжырымдар жасауға болады?

29. Графиктегі статикалық амплитуда Астат деп белгіленген амплитуда қандай амплитуда?
Д. Механикалық толқындар. Акустика тарауы бойынша тексеру сұрақтары


  1. Металл сым бойымен тарайтын көлденең толқынның пайда болу жемісін түсіндіріңіздер.

  2. Қума толқын тараған кездегі ортаның бөлшектерінің тербелуін бейнелейтін суретті салып, сәйкес тұжырым жасаңдар.

  3. Көлденең толқынның таралу жылдамдықтарын қандай өрнектер арқылы есептейді?

  4. Қума толқынның таралу жылдамдықтары қандай өрнектер арқылы табылады?

  5. Жазық толқынның теңдеулері қандай?

  6. Толқын ұзындығы деп қандай шаманы айтамыз?

  7. Толқын ұзындығымен толқын санының арасында қандай байланыс бар?

  8. Толқындық теңдеулердің қандай түрлері бар?

  9. Толқын фронты деп нені атайды?

  10. Тұрғын толқындар қалай пайда болады?

  11. Бір жағы ашық трубада пайда болатын тұрғын толқын ұзындығымен трубаның ұзындығының арасында қандай байланыс бар?

  12. Толқын интерференциясы деген қандай құбылыс?

  13. Қай жағдайларда толқын көздері когерентті болады?

  14. Тербеліс периодтары тең екі толқын бірін-бірі күшейту үшін, толқын көздерінің арақашықтығы мен ұзындығының арасында қандай байланыс қажет?

  15. Тербеліс периодтары тең екі толқын бірін-бірі әлсірету үшін, толқын көздерінің арақашықтығымен толқын ұзындығының арасында қандай байланыс болуы керек?

  16. Толқынның интенсивтігі деп қандай шаманы айтады?

  17. Қандай толқындар дыбыс толқындары деп аталады? Шалғай дыбыстар, әсіре дыбыстардың жиілігі неге тең?

  18. Әсерлесуші қысым қандай өрнек арқылы табылады.

  19. Толқынның интенсивтігі мен әсерлеуші қысымның арасында қандай байланыс бар?

  20. Қалыпты есту табалдырығы үшін әсерлеуші қысым негетең?

  21. Қандай физикалық шама дыбыстың қаттылығының деңгейі деп аталады?




  1. Зақымдалу қанша децибел?

23. Дыбыс қабылдаушы қозғалмайтын дыбыс көзіне қарай жақындағанда қабылданатын дыбыс толқынның жиілігі қандай өрнек арқылы

24.Дыбыс қабылдаушы қозғалмайтын дыбыс көзіне қарай жақындағанда қабылданатын дыбыс толқынның жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?

25.қозғалмайтын дыбыс көзінен алыстағанда қабылданатын дыбыс қысымының жиілігі қандай өрнек арқылы есептеледі?

26.Қозғалмайтын қабылдаушы жанындағы дыбыс көзінің шығаратын дыбысының жиілігі қандай өрнек арқылытабылады?

27.Қозғалмайтын қабылдаушыдан алыстап бара жатқан дыбыс көзінің шығаратын дыбысының естілу жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?

28.Қабылдаушы мен дыбыс бір түзудің бойымен салыстырмалы қозғалыста болса, дыбыс жиілігі қандай өрнек арқылы табылады?

29.Кез келген бағыттағы салыстырмалы қозғалыстағы қабылдаушы мен дыбыс көздері үшін Доплер құбылысының өрнегі қандай?

30.Дыбыстың шағылуы деп қандай құбылысты айтамыз?

31.Шағылу заңдары қалай айтылады?

32. Дыбыстың сынуы деп қандай құбылысты айтамыз?

34.Сыну заңдары қалай аталады?

35.Толық ішкі шағылу құбылысы орындалу үшін қандай шарт қажет?

36.Қандай құбылыс толқынның жұтылуы деп аталады?

37.Шағылу, сыну және жұтылу коэффициенттері неге тең? Олардың арасында қандай байланыс бар?

38.Шалғай дыбыстар дегеніміз не?

39.Әсіре дыбыстар дегеніміз не?


1 Бақылау жұмысы
Тақырыбы: “Материялық нүктенің кинематикасы мен динамикасы”
І вариант

1-есеп. Автомобиль жүрген жолының үштен төрт бөлігін км/сағ, ал қалған бөлігін км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобильдің орташа жылдамдығы неге тең?

2-есеп. Болат сым 4400 Н күш түскенде ғана үзіледі. Осы сымға ілінген салмағы 3900 Н жүкті қандай үдеумен жоғары көтеруге болады?

3- есеп. Массасы 240 кг қайықтың үстінде массасы 60 кг адам тұр. Қайық 2 м/с жылдамдықпен жүзіп келеді. Егер адам 4м/с жылдамдықпен қайықтың жүзу бағытына қарама-қарсы бағытта секірсе, қайықтың жылдамдығы неге тең болады?


жүктеу 2,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау