Пәндер мен пәндерді оқытатын оқытушыларды таңдау ресми тіркеу арқылы жүргізледі,
оны тіркеу бӛлімі үйлестіріп отырады.
18
Жоғарғы курс студенттері курсқа жазылуды март айынан бастайды. 1 курс
студенттері үшін оқу пәндеріне жазылу олар қабылданған соң 30 тамызға дейін
ұйымдастырылады.
Пәндерді таңдау эдвайзердің кӛмегімен жасалады. Эдвайзер презентациялау әдісімен
студентке электив пәндер каталогінен әр пәнге альтернативасын ұсынады, олар пәннің
пререквизиттері мен постреквизиттерімен таныстырады, пәнді оқып үйрену анықтамасы
бойынша кеңес береді.
Жазылу электронды түрде жасалады. Жазылу үстінде студент жазылу бағдарламасына
ӛзінің паролі мен логинін пайдаланады.
Тіркеу бӛлімі және жоғарғы мектептің факультет деканаттары студенттердің курсқа
жазылуы қалай жасалып жатқанын бақылап отырады, қажет болған жағдайда ұйымдастыру
шараларын ойластырады.
Студент міндетті пәндер бойынша оқытушыны таңдауға құқылы.
Тіркеу бӛлімі оқу – әдістемелік басқарма және жоғарғы мектеп деканаттарының
келісімімен пәнді мамандықтың оқу жоспарына ендіру үшін студеттердің ең аз санын
бекітеді, ал әрбір оқытушыға академиялық топтарда студенттердің максимальді саны
бекітіледі.
Егер таңдау бойынша ұсынылған пәнге жазылған студент саны қажетінен аз болса,
онда пән оқу жұмыс бағдарламасына енгізілмейді. Ол пәнге жазылған студенттер тіркеу
бӛліміне жеке оқу жоспарына ӛзгеріс енгізуі туралы сұраныс беруі тиіс
Егер бір оқытушыға жазылған студенттер саны бекітілгеннен артық болса, онда
қосымша топ құрылып, біліктілігі сәйкес келетін оқытушыны тағайындайды.
Білім алушы ӛзінің жеке оқу жоспарын жасауда:
1) оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастырудың ережелерімен
танысады;
2)оқу пәндеріне жазылудың мерзімінде орындалуын және ЖОЖ ӛзгерістер енгізу
мерзімін сақтайды;
3) білім беру бағдарламасын қажетті деңгейде меңгеру үшін оқу жылына бекітілген
кредит санынан кем жазылуға болмайды .
Ақылы негізде білім алушы оқу ақысын тӛлеуге қабілетттілігіне,оқу формасына, жеке
қабілеттеріне байланысты ӛздерінің ЖОЖ сол деңгейді меңгеруге арналғаннан аз кредит
санымен құрастырады, ондай жағдайда оқу мерзімі кӛбейтіледі.
Білім алушы кейбір пәндерге алдыңғы семестрде ол пәнді оқуға қатысты
пререквизиттерді меңгермеген болса жазыла алмайды.Базалық пәндерді таңдау білім
алушының кәсіби бағдарын есепке ала отырып жасалады, және ЖОЖ да білім алушының
қалауымен базалық пәндер блогінде басқа мамандықтар бойынша кӛрсетілген пәндерді де
қосуына болады.
Білім алушы ЖОЖ жасалуына және оқу курсының мамандықтың типтік оқу
жоспарының сәйкес толық меңгерілуіне жауапты.
Кафедралар студенттерді пәннің оқу бағдарламасымен (Syllabus) қамтамасыз етеді,
онда әр пән бойынша кредиттер кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: