Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



жүктеу 6,08 Mb.
бет11/20
Дата10.12.2017
өлшемі6,08 Mb.
#3785
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымы анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 51- қосымша


0403000 - Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы мамандығы

бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)


Циклдің индексі


Пәндердің, практикалардың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптастыратын

білім, іскерлік пен дағдылар

Қалыптастырылатын құзыреттілік

тердің коды






ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер



















ЖГП. 01

Кәсіби орыс тілі (орыс тіліндегі емес білім алу топтарында):

орыс тілінің синтаксисі; ауызша тіл байлығын дамыту; жазбаша тіл байлығын дамыту; маман бойынша терминология; іс қағаздарын жартылай орыс тілінде жүргізу; аудармашылық қызмет (сөздік арқылы); кәсіби қатынас; мәлімет; көркем әдебиет мәтіндері.



Білімдер:

- лексикалық және грамматикалық минимумді кәсіби бағытта мәтіндерді оқып аударма жасауды;



Іскерліктер:

- тыңдау арқылы мәліметті қабылдап, конспекттеу және қағаз бетіне түсіруді;

- халықаралық стандарттары бойынша іс құжаттарын жүргізуді;

- қазақ тіліндегі мәліметтерді, құжаттарды, әдебиет және басқа материалдарды пайдалануды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 7


БҚ 8




ЖГП. 02

Кәсіби шетел тілі:

кәсіптік араласуға қажетті лексикалық-грамматикалық материал; түрлі сөз әрекеттері және сөз формалары (ауызша, жазбаша, монолог және диалог); кәсіби бағыттағы аударма жасау.



Білімдер:

- кәсіптік араласуға қажетті лексикалық-грамматикалық материалды;



Іскерліктер:

- түрлі сөз әрекеттерді және сөз формаларын (ауызша, жазбаша, монолог және диалог) айыруды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 7


БҚ 8




ЖГП. 03

Қазақстан тарихы:

қазақ халқының қалыптасуындағы тарихи және мәдени кезеңдері; көшпенділердің өркениеті; көшпенді қағанаттың құрылу жолдары; көшпенділердің рухани мәдениеті; Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы ішкі саясат; ұлт-азаттық көтерілістер және қозғалыстар: ақпан революциясы және қазан төңкерісі, олардың Қазақстанға әсері; Кеңес өкіметінің қалыптасуы; ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялардың және ағымдардың негіздері; ХХ ғасырдың 20-30-ы жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы; Сталин билігінің тоталитарлық жүйесі;

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кездегі Қазақстанның орны; 50-80-і жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы; Қазақстан 1985-1991 жылдарда; Кеңес өкіметінің ыдырауы, Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістер .


Білімдер:

- қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін;

- Қазақстан тарихындағы монғолдық кезеңін;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуі және жоңғар-қазақ соғысын;

- қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының негізгі кезеңдерін;

- Қазақстанның ХХғас. 20-30 жылдардағы мәдениетін;

- таталитаризмді және әкімшілдік-әміршілік жүйесін;

- Ұлы Отан соғысына қатысқан қазастандық батырларын;

- тың игеру және сол кезде кеткен қателіктерді;

- қайта құрудың негізгі кезеңдерін;

- 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасын;

- тамыз төңкерісін және оның жеңілуін;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін;

Іскерліктер:

- шағын тарихи әнгімені құрастыруды;

- картамен жұмыс жасауды;

- өз жұмысында тарихи материалдарды пайдалануды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ЖГП. 04

Дене шынықтыру:

дене шынықтыру теориялық негіздері; дене тәрбиесі қәзіргі қоғамдағы мәдениеттің бір бөлімі; дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық негіздері; денсаулық және салауатты өмір сүру салты; қимыл-қозғалыс белсенділігі; психо-физикалық және кәсіптік–қолданбалы дайындық; еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудағы дене тәрбиесі; дене тәрбиесі құралдары; гимнастика; жеңіл атлетика; шаңғы спорты; жүзу; саяхат; спорттық ойындар; қазақтың ұлттық спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары;

Президенттік тест.


Білімдер:

- дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздерін;

- дене шынықтырудың маңызын және міндеттерін;

- дене жаттығуларының орындалу техникасын;

- дененің сапалық қасиеттерін;

- тәрбиелеудің негізгі құралдарын;

- дене шынықтырумен айналысудың қажеттілігін, денсаулықты шындаудағы маңызын;

Іскерліктер:

- салауатты өмір салты бағытында отбасында дене шынықтырумен айналысу дағдыларын;

- дене жаттығуларды жүйелі түрде орындауды;

- дене шынықтыру жаттығуларына қойылатын талаптар мен техникасын;

- спорт инвентарлармен пайдалануды.


БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ӘЭП. 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер




ӘЭП. 01

Мәдениеттану:

қоғам өміріндегі мәдениеттанудың алатын орны;

мәдениет зерттеудің түрлі тәсілдері; мәдениет және өркениет; мәдениеттің дамуы; конфуцийлік – даостық мәдениет түрі; индо-буддалық мәдениет түрі; іслам мәдениеті; христиан мәдениет түрі; қазіргі әлем дамуына батыс-европалык мәдениетінің әсері; африкалық мәдениеттің ерекшелігі және өзгешелігі; расизм мәселесі; көшпенді өркениеттің шығуы және өзгешелігі; ортағасырлық кезіңдегі Қазақстан мәдениеті; ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының мәдени дәстурі; қазіргі заманның Қазақстан мәдениеті.


Білімдер:

- негізгі түсініктерді;

- конфуцийлік, даостық, Қытай өнері, иероглифика, Қытайдағы табиғи көркемсурет деген түсініктерді;

- үнді мәдениетінің ерекшелігі және оның дамуын;

- іслам, құрайш, Мұхаммед пайғамбар, қоран, Аллах, Мекке деген түсініктерді;

- христиан дінінің негізгі ұғымдарын және оның рухани бағыттарын;

- Франция мәдениетін: Ашель мәдениеті, проманьондықтар, галлдар, франклер, әдебиет және пәлсапа;

- көшпенділердің тұрмыс тіршілігін және олардың құндылық жүйесін;

- ортағасырлық кезеңде қазақ этносының мәдени негізін;

- Қазақстанның ортағасырлық мәдениетіне түркі және араб мәдениетінің әсерін;



Іскерліктер:

- қытай халқының мәдениет ерекшелігін анықтауды;

- мәдениеттану түсініктемелерімен еркін пайдалануды;

- көшпенділердің материалдық және рухани өзгешілігін, оның қоғам мәдениетіндегі алатын орнын анықтауды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ӘЭП. 02

Философия негіздер:

философия пәні, дүниежүзілік философия ойларының негізгі кезеңдері; адам табиғаты және оның өмір сүру мәні; адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; еркіндік және тұлғаның жауапкершілігі; адамның тануы және әрекеті; ғылым және оның ролі; адамзаты басты проблемалар алдында.



Білімдер:

- дүниежүзіндегі философиялық, ғылыми және діни тұрғыда түсінуді, адам өмір сүрудегі мағынасын;

- ғылым және ғылыми тануды, оның құрылымын, түрлері мен тәсілдерін, әлеуметтік және әдептілік мәселелері туралы түсініктерді;

Іскерліктер:

- адамның биологиялық және әлеуметтік, денелік және рухани бастамаларын, оның саналық әрекеттерін, саналы және санасыз мінез-құлықтарын анықтауды;

- қоғамдық ортада адамдармен дұрыс қарым-қатынастар жасауды.


БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ӘЭП. 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

әлеуметтану ғылым ретінде; қоғам әлеуметтік мәдени жүйе ретінде; әлеуметтік бірліктіктер;

әлеуметтік және этноұлттық қарым-қатынастар; әлеуметтік үрдістер; әлеуметтік институттар және мекемелер; тұлға, оның әлеуметтік ролі және әлеуметтік мінез-құлқы; саясаттану ілімі; саяси билік және биліктік қатынас; саяси жүйе; Қазақстандағы саяси-экономикалық үрдістер; экономика негіздері; экономика және оның негізгі мәселелері


Білімдер:

- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топтастыру, әлеуметтік қарым- қатынастар туралы түсініктерін;

- тұлғаның әлеуметтенуінің үрдіс ерекшеліктерін;

Іскерліктер:

- әлеуметтік қозғалыстарды және басқа әлеуметтік өзгеру мен даму факторларын белгілеуді;

- билік негіздерін, саясат субъектілерін, саясат қатынастарын және үрдістерін (Қазақстанда және жалпы дүние жүзінде) анықтауды;

- саяси жүйе және саяси тәртіп туралы түсінікті құрастыруды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ӘЭП. 04

Экономика негіздері:

мақсаттары; негізгі түсініктер, іс-әрекеттері; принциптері; меншіктің түрлері және әдістері; меншікті басқару; жоспар түрлері, оның негізгі кезеңдері; мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспар және жобалаудың экономика обоснование тәсілдері; бизнес-жоспар; экономикалық сараптау; халыққа қажетті тауарлардың жағдайын және оларға қызмет көрсету әрекеттерін сараптау;

нарықтық инфроқұрылымдар.


Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы нұсқауларын;

- мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық ситуацияларды;

- макро- және микроэкономика негіздерін, салық, ақша-несиелі және инвестициялық саясат туралы;



Іскерліктер:

- кәсіби әрекеттірге қажетті экономикалық мәліметті іздестіріп пайдалануды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ӘЭП. 05

Құқық негіздері:

құқық, түсінік, жүйе, көздері; Қазақстан Республикасының Конституциясы- құқықтық жүйенің қайнар көзі; Адамдардың жалпы қорғау декларациясы; тұлға; құқық, құқықтық мемлекет; заңды жауапкершілік және оның түрлері; құқықтың негізгі салалары; Қазақстан Республикасының қылмыстық жүйесі; құқық қорғау органдары.



Білімдер:

- адам және азамат құқығы және бостандығы, оларды сақтау жолдарын;

- кәсіби әрекеттерде құқықтық және моральдік-этикалық нормаларын;

Іскерліктер:

- маманның кәсіби әрекеттерін іске асыратын нормативтік-құқылық құжаттарын пайдалануды.



БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8






ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер




ЖКП.01

Мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру:

әлеуметтік-мәдени мекемелерінің жүйесі, саласы және олардың жалпы мінездемесі; мәдени мекемелерінің түрлері; мәдени орталықтары және кешендері; көпшілік ақпараттық құралдардың мінездемелері; шығармашылық бірлестіктері; коммерциялық мекемелер; демалудың психологиялық-педагогикалық негіздері; жастардың, жанұяның, ауыл тұрғындарының, ұжымдардың, тұрғылықты жерлерінде, санаториялық-курорттық мекемелерінде демалысын ұйымдастыру аспектілері; әлеуметтік-мәдени шараларын өткізу технологиясы; әлеуметтік-мәдени қызмет үлгісінің, түрлерінің, әдістерінің жалпы мінездемесі; кештер; күнделікті демалыс; кафе; салон; қонақ үйі; демалыс күндеріндегі әрекеттер; би кештері; демалыс кештері; дискотека; байқаулар; демалудың жаңа модельдері және технологиясы; шолу; ринг; турнир; презинтация; варьете; ток-шоу; көрініс-шоу; банкет; мерекелік демалысты ұйымдастыру және оның мінездемесі; мерекелердің классификациясы; әр түрлі ұлттардың дәстүрлі және халықтық мейрамдары; мерекелік демалысты ұйымдастырудың үлгісі; мерекені дайындау әдістері; ойын-сауық және фольклор; қазіргі заманның салт-дәстүрлері; әлеуметтік-мәдени мекемелерінің демалыс кезінде жас жеткіншектерімен жұмыс жасау принциптері: бастауыш сынып оқушыларымен, жас өспірімдермен, «қиын балалармен»; тұрғылықты жердегі жұмыс; көркемөнерпаз, техникалық көркемөнерпаз үйірмеге қатысушыларымен жұмыс; көркемөнерпаз халық шығармашылығының түрі ретінде; көркемөнерпаз ұжымының концерттік ойын-сауық жұмысын ұйымдастыру; қызығушылықтары бойынша бірлестігі және клубтар; әлеуметтік-мәдени саласының менеджменті және маркетингі; әдістемелік басшылық; іс қағаздарын жүргізу; жоспарлау; жоспар құрудың әдістері; есеп және еспеке алу; шаруашылық іс- әрекет; жұмыс ұйымдастырудың түрлері; мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар; клуб мекемелерінің және акционерлік қоғамдық ұйымдарды қаражаттпен қамтамасыз ету.



Білімдер:

- тәрбиелеу және білім беру, рухани-мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының өкімет Жарлықтарының құжаттарын;

- демалу қызметінің әрекетін;

- демалудың аксиологиясын және әлеуметтілігін;

- мәдени мекемелерінің типтерін;

- мәдени мекемелерінің демалыс ұйымдастыру жұмыстарын;

- жұмыстың әдістемелік және ұйымдастыру түрлерін;

- кештердің мінездемесі және мазмұны бойынша іріктелуін;

- мерекелердің классификациясын;

- мерекені дайындау және жүргізу тәсілдерін;

- көркемөнерпаз шығармашылығының түрі мен жанрлардың жүйесін және ерекшеліктерін;

- көркемөнерпаз шығармашылығының дамуы принциптерін;

- көркемөнерпаз ұжымының әрекетерінің ерекшеліктерін және қалыптасуын;

- қызығушылық клуб жұмыстарының мазмұны мен бағыттарын;

- басқарудың принциптерін;

- әлеуметтік-мәдени саласының менеджментін және маркетингін;

- іс қағаздар жүргізудің ережелерін және үлгілерін;

- жоспарлау әдісін, ағымды жоспардың жіктелуін;

- еңбек ұйымдастырудың өзекті формаларын;

- мәдениет саласындағы әрекеттерді қаражаттпен қамтамасыз етуді;



Іскерліктер:

- кәсіптік іс-әрекеті бағындыруда нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алуын және пайдалануды;

- әлеуметтік-мәдени ұйымдарының қызметін талдауды;

- қайырылымдық және демеушілікті ұйымдастыруды;

- халықтың демалысын ұйымдастыруды;

- салт-дәстүрді пайдаланып мәдени іс-шаралардың сценарийін құруды;

- қызығушылықтары бойынша бірлестігі және клубтың әрекетінің бағдарламасын

Іскерліктер:

құрастыруды;

- мәдени мекемелерінің ойын-сауық жұмыстарын жоспарлауды;

- барлық есеп беру түрлерін жасауды;

- іс қағаздарын жүргізуді.


БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8


БҚ9





ЖКП.02

Көпшілік ойындары және ойын-сауықтар:

ойындардың мәні және жаратылысы; ойын жанрының жаратылуы және жетілуі; ойынды үйретудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; ойындардың классификациясы; ойын-сауықтарды өткізу тәсілдері; ойын драматургиясы; жүргізуші -ойын-сауықты ұйымдастырушы; қимылды, баяу қимылды, жай қимылды ойындар; эстрадалық ойындар; плакаттар мен стендтер пайдаланатын ойындар; столдық ойындар; аттракциондар; балалар және жасөспірімдер ойындары; сауыққой қойылымдары, сюджеттік ойын бағдарламалары, демалыс кештері, карнавалдар; демалыс кештерінде, карнавалдарда, тойларда ойындарды ұйымдастыру және жүргізу; дискотека және би кештерінде ойындар ұйымдастыру; ойын байқаулары; КВН: дайындау және өткізу тәсілі; әр түрлі ұлттардың ойындары; қазақ халқының ұлттық ойындары; балаларға арналған ойындар; салт-дәстүрмен байланысты қазақ халқының ойындары.



Білімдер:

- ойын қарым –қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін және әрекеттерін;

- ойын класификациясын;

- ойын байқауларының түрлерін;

- спорттық ойын бақауларынның ерекшеліктерін;

- ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістерін;



Іскерліктер:

- аудиторияның қызығушылығын анықтауды;

- байқаудың тапсырмаларын таңдауды;

- ойын байқауларын ұйымдастыруды және өткізуді;

- ойындармен мерекелік шараларды безендендірілгенде шығармашылықпен қарауды;

- өткізілетін іс-шараларда ойындарды өткізуді;

- ойындарға музыкалық және көркемдік безендендіруді жасауды.


БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8


БҚ 9




ЖКП.03

Педагогика:

педагогикалық үрдіс және оның принциптері; педагогикалық үрдісіндегі тәрбиенің теориялық негіздері; тәрбиенің негізі және мазмұны; тәрбиенің әдістері; тәрбиенің түрлері; кәсіптік бейімдеу; эстетикалық тәрбие; дене шынықтыру тәрбиесі; ұжымның қалыптасуы және тәрбиелеушінің жеке тұлғаға әсер етуі; балалар және жасөспірімдер қозғалысы; топ жетекшінің тәрбие жұмысы; сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысы; жанұя тәрбиесі - халық педагогикасының негізі; білім мекемесінің жанұямен, қоғаммен біріккен тәрбие жұмысы; дидактика; оқу үрдісі; білім берудің мазмұны; оқытудың тәсілдері мен оқу құралдары; оқытудың ұйымдастыру формалары; әдістемелік жұмыс.



Білімдер:

- педагогиканың негізгі түсініктерін және басты проблемаларын;

- тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жолдарын;

- оқу мен тәрбиенің теориялық және методологиялық заңдалықтарын;

- тәрбиенің түрлерін;

- оқытудың және тәрбиелеудің әдістерін;



Іскерліктер:

- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды және іске асыруды;

- педагогикалық проблемаларға бейімделуді;

- шығармашылық әрекеттерге ынталандыруды;

- оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұжымның спецификасын, педагогтың жеке тұлғасының ерекшеліктерін ескере отырып ең қолайлы әдістерін таңдауды.


БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8


БҚ 9




ЖКП.04

Психология:

ми және психика; психология ғылымының тану әдістері және міндеттері; адамның психикасының және ой өрісінің дамуы; субъектің іс әрекеті; тұлғаның эмоциясы және психологиясы; жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы; жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктері; эмоциялық реакциясы; зейін; сезім; ерік- жигер беру; тұлғаның және ұжымның психологиясы; темперамент; мінез; қабілет; тану психикалық процестері; сезіну; қабылдау; ойлау; сөйлеу; есте сақтау; елестету.



Білімдер:

- тұлғаның әрекеттерін, тану процестерін;

- тұлғаның еңбек іс-әрекеттерін, психологиялық ерекшеліктерін;



Іскерліктер:

- оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруды;

- тұлғаның рухани және дене шынықтыру мүмкіншіліктерін ынталандыруды;

- тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етуды.




БҚ 1.

БҚ 2.


БҚ3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ8


БҚ 9




жүктеу 6,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау