Лекциялық кешен (лекция тезисі) Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Тақырыбы: Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде



жүктеу 0,6 Mb.
бет29/57
Дата08.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#43702
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Лекция тезисі тақырыбы Сыбайлас жемқорлық ұғымы-emirsaba.org

Тақырыбы: Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Жоспары:
1. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл институты ретінде.
2. Қазақстанның саяси партияларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметі.
3. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.
4. Сыбайлас жемқорлық адамның құқықтарын бұзу факторы ретінде.


1. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл институты ретінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда. Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдануда.
Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін барлық қолда бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі және «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитеті сияқты партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды.
Кеңестің міндеттері:
1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консультациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету;
2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру,
4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану;
5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу;
6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс.
Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады: – мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу; – олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету; – әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру; – азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы болды.

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау