Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Егер M - ақша ұсынысы, P – бағалар деңгейі болса, онда M/P – ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы M және бағалар деңгейі P тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни
Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс
Ү шығарылым көлемінен тікелей, ал r пайыз мөлшерлемесінен кері тәуелді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады:
Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Ү-і диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық құру тәсілі суретінде келтірілген.
r r
Сурет. LM қисығын құру
Ақша несие саясаты: а) мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағазды сатты дейік. Бұл жағдайда ақша массасы азаяды да, нақты ақша массасы да азяды, нәтижесінде LM қисығы солға– жоғары жылжиды. Бұл суретте көрсетілген; ә) егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса, онда керісінше жағдай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |