Лекция 1 Жер кадастрлық автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің негізгі ережелері



жүктеу 18,23 Kb.
Дата20.11.2023
өлшемі18,23 Kb.
#44359
түріЛекция
лекция 1 2


Лекция 1
Жер кадастрлық автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерінің негізгі ережелері
Шаруашылық кешені мен жер ресурстарын басқаруды тиімді
ұйымдастыру үшін, зерттелетін әрбір кадастрлық нысан бойынша үлкен көлемді түрлі ақпараттарды жинау, сақтау, топтау, өңдеу және пайдалану
керек.
Қол еңбегі мен тиімділігі аз есептеуіш техниканы пайдаланып, жер үлескілері туралы деректерді есептеу мен өңдеуді ұйымдастырудың дәстүрлі жүйелері – бірінші реттік жер-бағалау ақпараттарын жинау мен беруге, оларды сақтауға, жүйелеуге және өңдеуге, сондай-ақ пайдаланушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан, нарықтық экономикадағы жаңа жер қатынастарын толық жүзеге асыру мақсатында жер кадастрының ақпараттық жүйелерін қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдаланып, автоматтандырылған негізде беру қажет.
Жер-кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ЖК ААЖ),
координаталардың жалпы мемлекеттік жүйелері негізінде жасалып, табиғи ресурстардың – орман, су және басқа да кадастрлар мен кадастрлық жүйелерді қалыптастыруға негіз болып табылады.
Жер кадастрлық деректердің бірлігі мен салыстырмалылығы – жер кадастрын жүргізу әдістері мен принциптерінің бірлігімен, жер үлескілерінің бірегей сәйкестендіруінің бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесімен, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттаманың үлестіруімен қамтамасыз етіледі. Әртүрлі деңгейдегі жүйелердің буындары арасындағы байланыс, электрондық арна бойынша жүзеге асырылуы керек. Ал жер ресурстары туралы ақпарат – басқару және билік органдарының талаптарын орындауды барынша қамтамасыз етуі тиіс, бұл ресурстар – олардың қарамағына заңды түрде
берілген.
Жүйеде ақпараттарды сақтаудың негізгі құралы ретінде тақырыптық– сандық карталар жиынынан тұратын деректердің картографиялық топтамасы алынады. Ол ақпараттарды тиімді толықтыруға, редакциялауға, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелермен үйлесімділік мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жер үлескілерінің бірыңғай жалпы мемлекеттік сәйкестендіруі, бірыңғай жіктеушілер, код, айырбасталған файлдар форматы арқылы жүзеге асырылады.
Кешенінде жер-кадастрлық көрсеткіштерді анықтау және әдістемелік, әрі технологиялық аспектілер, оларды тіркеу, жинау, жинақтау мен компьютерлік технологияларды пайдаланып өңдеу әдістері жасалған жер кадастрын жүргізудің тұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, сондай- ақ барлық шаруашылық кешенінің мәселелерін тұтас және агроөнеркәсіптік кешен мәселелерін ішінара шешу кезінде жер кадастры материалдарын көп мақсатты пайдалану әдістері әзірше жоқ. Жердің технологиялық қасиеттерінің көрсеткіштері, оны ЖК ААЖ-ні жасау және қызмет ету жағдайында бағалау әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ жер кадастры мақсаттарына арналған деректердің автоматтандырылған банкі жетілдіріліп, нақтылануда.
Жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – деректерді қалыптастыру, сақтау, әрі іздеу операцияларының жинағымен бірге жер-кадастрлық мәселелерді шешуге арналған программалық өнімдер пакеті бар, нәтижелерді пайдаланушыға қолайлы түрде беретін фактографикалық типті кешенді операциялық ақпараттық-іздеу жүйесі болыптабылады. Іс жүзінде жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйелері кең түрде қолданылады. Ол модульдік конструкциясына байланысты шешілетін мәселелердің әртүрлі топтарына қолдануға болатын бірнеше мақсатты, мамандандырылған ақпараттық жүйеден тұрады. Мұндай модульдік жүйелер едәуір қолайлы, демек қызмет ететін ақпараттық жүйенің шешілетін мәселелерінің ауысымына ыңғайлы болып келеді.
Сонымен бірге, жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі жұмысының тиімділігі көбінесе жүзеге асырылатын, қолданылатын техникалық құралдар құрамы арқылы анықталады. Қазіргі заманғы ЭЕМ, компьютерлік технологиялар мен программалық өнімдердің дамыған жүйесі – нақты уақыттағы диалог пен өңдеудің әртүрлі режімдерінде жұмыс істейтін
жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасауды
қамтамасыз етеді.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін табысты жасау, әрі енгізу көбінесе тұжырымдалған негізгі мақсат пен шешілетін мәселелерге, жоба жұмыстарын қаржыландыру мен басқаруды ұйымдастыруға байланысты. Жүйелі тәсіл сипаттамасының, яғни жеке бөліктердің қосынды тиімділігіне қарағанда, жалпы тиімділікті қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйенің өзара байланысты жеке бөліктерінің бір мезгілдеқызмет етуіне қол жеткізудің маңызы зор.
ЖК ААЖ-де қалыптастырылатын ақпаратта мынадай ақпараттар қолданылады:

  • жер ресурстарын мемлекеттік басқаруға арналған;

  • мемлекеттік жерді бақылау;

  • топырақ құнарлылығын сақтауға әрі жоғарылатуға, жерді тиімді пайдалану мен сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

  • жерге орналастыру;

  • жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау;

  • жер үшін негізделген төлемді белгілеу;

  • жер үлескісін иеленуге, пайдалануға байланысты басқа да іс- әрекеттерді қамтамасыз ету.

ЖК ААЖ-де сақталатын ақпарат – мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге
асыруды, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес тіркелетін немесе есепке алынатын жылжымайтын мүлік, табиғи ресурстар мен басқа да нысандардың кейбіреулерін арнайы тіркеу не есепке алу кезінде мәліметтермен ақпараттық алмасу көзі болып табылады.
ЖК ААЖ ақпараттарын пайдаланушылар:

  • жер үлескісі құқығына ие немесе құқыққа ие тұлға уәкілі;

  • мемлекеттік билік органдары;

  • аумақ шегіндегі салық органдары;

  • нақты жер үлескісіне байланысты іс жүргізетін сот және құқық

  • қорғау органдары;

  • жылжымайтын мүлікке және онымен мәмілеге құқықты мемлекеттік

  • тіркеуді жүзеге асыратын органдар, жылжымайтын мүлік пен

  • аумақтық аймақтың кейбір түрлерін қажетті көлемде арнайы

  • тіркеуді немесе есепке алуды жүзеге асыратын органдар;

  • заң немесе өсиет бойынша жер үлескісін иеленуге (мұраға алуға)

  • құқығы бар адам;

  • заң бойынша белгіленген басқа да адамдар.

жүктеу 18,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау