510
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
жазушы. Балалар мен жасөспірімдердің қайталанбас характерлерін жасаған. көбіне оқиғаны өз
кейіпкерінің ойы мен бойына шақтап алады, оның мінез-құлқын іс-әрекеттегі диалогтар арқылы
ашады, және оны айтудан гөрі суреттеуге, бейнелеуге ұмтылады. суреттері алабажақтанып,
анайы көзге ұрмайды. ескертетін жайт, біз тек жазушының жоғарыда аталған повестерінде
ғана кездесетін көркемдік ерекшеліктердің кейбіріне тоқталдық. Балалар әдебиеті-әдебиеттің
жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байланыста болады. Әдебиеттің бұл саласының
тәрбиелік, танымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, білікті
де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор қоғамдық міндеттерді атқарысуға
белсене араласады. Ақын ескен елубайдың: «Білген кісіге, балалар әдебиеті - көркем әдебиеттің
ішіндегі ең бірінші әдебиет, бастау көзі» [4, 19] - деген пікірі дәлел.
Н. серәлиевтің балалар мен жас өспірімдерге арналған повестері тәрбиелік, танымдық мәні,
көркемдік қуаты жағынан ерекше туындылар. Жазушы повестерді тәрбие құралы ретінде
ұтымды пайдалана білген. Н. серәлиев балалар әлемін көркем сөз кестесімен шынайы да
нанымды бейнелеп қана қойған жоқ, сол арқылы балалардың ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту,
эстетикалық талабын өсіру, тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатын көздеді. Жазушы мақсатының жүзеге
асқандығы оның шығармаларының өнімді тәрбиелеу құралына айналғандығынан аңғарылады.
Жазушы әрқашан бала талғамын, оның жас ерекшелігі мен соған сәйкес қызығушылығын,
қабылдау қабілетін ескере отырып, тартымды әрі көркем шығармалар жазды. сонымен қатар, Н.
серәлиев повестері көркемдігімен де, ішкі мазмұн тереңдігімен де тәрбиелік, танымдық мәнімен
де айрықша көзге түседі.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. серәлиев Н., Баязитов с. Әңгіме, повестер. -Т. 14. 1995.-416 б.
-Алматы: Балауса, 1995.
2. серәлиев Н. зеңгір аспан. Повестер мен әңгімелер. -Алматы: Жазушы, 1990. -448 б.
3. Әдебиеттану терминдер сөздігі. (Құрастырушылар: з.Ахметов, Т. Шаңбаев). -Алматы: Ана тілі, 1998.
.-384 б
4. ескен е. Балам дейтін жұрты болмаса...// Қазақ әдебиеті.-2006. 23-26 маусым, №25 (2977). Б. 1.
редакцияға 19.02.2010 қабылданды.
б.б. кеРІмбеков
ҚазаҚстанДа атом ЭнеРгетика кеШенДеРІн салу ЖөнІнДегІ
ҚоҒамДыҚ пІкІРДІ зеРДелеу: бҮгІнІ мен болаШаҒы
In the article was regarded the public opinion about the objects of the building of atomic power
engineering in Kazakhstan. The author led the speacial sociological questioning on a repulican level in
order to be aware of the opinions of the people and analysed it in detail.
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың
XXi ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық
сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс.
ХХІ ғасырда уран жаһандық экономиканың стратегиялық өніміне айналды. Бүгінде
өндірілетін әлемдік электр энергиясының 15% уранның үлесінде. Дүние жүзілік ядролық
қауымдастықтың мәліметтерінше, 2009 жылы әлем бойынша 438 ядролық реактор жұмыс істеп
тұрса, ал болашақта жаңадан 417 реактор салу жоспарланған [1,159]. яғни ядролық реакторлар
саны екі есеге артпақ. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттіктің болжамына сәйкес,
алдағы жиырма жылда қуат көзіне деген сұраныс 13,6 - 26,4 Твт-с дейін ұлғаяды [2,30]. Ал,
межеленген уақытта дәстүрлі энергия көздері – мұнай, көмір және газ адамзаттың энергияға
деген сұранысын толық қанағаттандыра алмауы мүмкін. Қарқындап келе жатқан әлемдік энергия
тапшылығының алдын алу үшін және әлемдегі экологиялық ахуалдың күн санап нашарлауын
ескерсек, атом электр стансасын дамыту қажеттілігін түсінеміз.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстан атом электр стансаларын қолданбай,
елдегі қуат тапшылығы мәселесін шешу мүмкін емес. Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш
пе, осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасы ел
экономикасы үшін өте тиімді. уранды тасымалдау әдісі аса қарапайым, оның үстіне ураннан
энергия алуға жұмсалатын шығын, көмір мен газ бен салыстырғанда 4-5 есе арзанға түседі.
Бүгінгі таңда, Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін үлкен әлеуетке ие:
1. Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19% шоғырланған (622 мың тонна);
2. Дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі бар;
3. «Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклы отандық атом
511
№ 3 (76) 2010
энергетикасын елімізде өндірілген отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл электр
энергиясына барынша төменгі тарифтер белгілеуге септігін тигізеді;
4. Қазақстанда жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторының ширек
ғасыр бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен білікті қызметкерлер сақталған;
5. Қазақстанда кеңестік заманынан сақталған ядролық физика саласында зерттеулер жүргізетін
бірегей ғылыми база, білікті ғылыми-техникалық мамандар бар;
6. республикамыз үш зерттеу ядролық реакторын пайдалануды жемісті жалғастырып келеді;
7. ядролық энергетика мен ядролық физика саласында, соның ішінде атом энергетикасының
қауіпсіздігін негіздеу, ядролық реакторлар үшін перспективалық отындарды сынақтан өткізу,
ядролық техниканың жобаларын жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу
үшін қажетті инфрақұрылым бар;
8. Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша қызметтің негізгі құбылыстарын
реттейтін заңдық және нормативті база жұмыс істеп тұр [3].
Қазақстанда атом стансасын салуға осынша мүмкіндіктері бар бола тұра, салынбауы
көпшілікті ойландыратын сұрақ. Бұл сұраққа жауап іздеу мақсатында біз елдегі атом энергетикасы
саласына зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде стансалардың салынуына халық қолдау көрсетпегендігі
анықталды. олардың қолдамауының себебін біздің «Астана-Ғылым» орталығымен бірігіп
жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижесінен көруге болады. мұндағы мақсат, Қазақстанның
энергетика саласындағы өзекті мәселелерге қатысты, соның ішінде атом энергетикасы жөнінде
көпшіліктің пікірін білу болған. сауалнама 2009 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында
республикалық деңгейде өткізілді. сұралғандар саны 1164 респондентті құрады.
зерттеу жүргізу барысында «сіз өз облысыңызда (қалаңызда) Атом электр стансасының
салынуын қолдайсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің пікірі екіге бөлінді (1-кесте). олардың
39,2 % қолдаймын деп жауап беріп, атом электр станциясының салынуы елдегі экологиялық,
әлеуметтік, экономикалық, аймақтық мәселелерді шешеді дегенді алға тартады.
Ал, сұралғандардың 56,4% өз облысында атом электр стансасының салынуын қолдамайды.
себебі, ол қоршаған ортаға қауіпті және Чернобль апаты қайталануы мүмкін. сондай ақ,
қолдамаушылардың ұстанған тағы бір пікірі, электр қуатын өзге де қауіпсіз жолдармен алуға
болады дегенді айтады.
1-кесте.
Жауаптардың
санаттары
ия,
ҚоЛДАймЫН
ЖоҚ,
ҚоЛДАмАймЫН
Жауап
беруге
қиналамын
барлығы
саны
456
656
52
1164
%
39,2
56,4
4,4
100
Бұл сұрақты өңірлік бөлініс бойынша қарайтын болсақ, Астана мен Алматы қалалары және
маңғыстау мен Жамбыл облыстарынан сұралғандардың басым көбі өз аумағында атом электр
станциясының салынуына қарсы емес. оның себебін, маңғыстаулықтар облыс экономикасына
қажетті электр қуатымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп түсіндірсе, жамбылдықтар
атом энергетикасы саласын дамыту арқылы экологиялық таза қуат алуға болады деген пікірді
алға тартады. Айта кетер тағы бір жайт, Алматы, Жамбыл, маңғыстау тұрғындары еліміздегі
уранның мол қорын тиімді пайдаланып, отандық атом энергетика саласын дамытуымыз қажет
деп ойлайды. Біздің пікірімізше, респонденттердің атом энергетикасын қолдауы осы аумақтың
қуат көзіне мұқтаж екендігін көрсетеді.
Ал, Алматы облысының халқы атом электр стансасының салынуын қолдамайды. себебі, электр
қуатын өзге де қауіпсіз жолдармен алуға болады десе, Павлодар мен Шығыс қазақстандықтардың
басым көбі Чернобль апатының қайталануы мүмкін деп жауап берді. сондай-ақ, атом стансасының
қоршаған ортаға зияны көп деп Қарағанды және оңтүстік Қазақстан облысының респонденттері
өз ойларын білдірді. Бұл облыстар өздеріне қажетті қуатты өзге жолдармен алғандықтан және
оның тапшылығын сезінбегендіктен, атом электр стансаларының өз облыстарында салынуын
қолдамайды деп ойлаймыз.
Қоғамда атом энергетикасы өзекті мәселе болғандықтан, «Айқын» республикалық қоғамдық-
саяси газетінің редакциясы 2007 жылдың шілде-қазан айларында маңғыстау өңірінде жедел
сұхбат әдісі негізінде сауалнама өткізген екен [4]. мұнда тұрғындарға «Қазақстанға атом стансасы
керек пе?» деген сұрақ арқылы олардың пікірін білген.
512
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
Біз осы газет бетіне шыққан сауалнаманың нәтижесінен атом стансасын қолдаушылар мен
оның салынуына қарсы болғандардың негізгі ойларын кестеге салдық (2-кесте).
2-кесте.
Қолдамаушылардың пікірі
Қолдаушылардың пікірі
● Атом электр стансасында апат
болған жағдайда оның денсаулыққа
тигізер зиян көп. мәселен, Чернобль
апатынан зардап шеккендерге үкімет
тарапынан ешбір көмек көрсетілмейді.
● Халықты кедейшіліктен шығаратын
жолдардың бірі. Қазір елімізде энергиялық
тапшылық негізінен қымбатшылық орын
алып отыр, ал атом электр стансасы өндіретін
қуат арзан, әрі экологиялық таза. сондықтан,
кез-келген көкірегі ояу адам бұл игі істі
қолдау керек.
● Қазақстанда мұндай жауапты әрі
қауіпті нысанды салуға қарсымын,
өйткені
елімізде
ұрлық-қарлық,
сыбайлас жемқорлық кең етек алған
● Биологиялық отын қорының таусылу қаупі
бар. күн, жел, су энергиясы қажеттілігімізді
толық өтей алмайды. Демек, ядролық
энергияны пайдалану ең тиімді шешім
болмақ.
● «жоқ» деушілердің басым көбі
атом электр стансасы ауқаттылардың
мүддесі үшін салынады деген пікірде.
● Ғылымның дамуына үлкен серпіліс береді
және қосымша жұмыс орындары ашылады.
кестеде көрсетілгендей, стансаның салынуын қолдаушылар Қазақстан экономикасын қажетті
электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, уранның мол қорын тиімді пайдалануға және отандық
ғылымның дамуына үлкен серпіліс беріп, қосымша жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік
береді деген. Ал, қарсылық білдіргендер пікірінше, Чернобль апаты қайталанып, оның салдарынан
қоршаған орта мен адамдар зардап шегуі мүмкін, тіпті жемқорлық орын алған елде атом электр
стансасын салу өте қауіпті дегенді алға тартады.
сондай-ақ, зерттеу арқылы сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі (3-кесте) жоғары болған
сайын, аталған саланың дамуына тереңнен үңіліп, ел болашағы үшін оның маңызды екендігіне
түсіністікпен қарап, елде атом электр стансасының салынуын қолдайтындығын байқадық.
3-кесте.
Реті
Респонденттер білімінің
сапалық деңгейі
2007 жыл, қазан
ия
Жоқ
Қалыс қалғандар
1
орта білімділер
37
27
36
2
Жоғары білімділер
71
8
21
3
Ғылыми атақтары барлар
80
5
15
4
Техникалық білімділер
93
3
4
5
Гуманитарлық білімділер
73
15
12
Ал, қолдау білдірмегендердің басым көбінде Чернобыль оқиғасы туралы саналарында теріс
көзқарас қалыптасқанын байқауға болады.
егер, әр бір азамат сол оқиғадан кейін әлемде атом стансасын салуда қауіпсіз технологияларды
ойлап табылғандығы жөнінде және ядролық апаттан зардап шеккен украина да, АҚШ пен
Жапония да атом энергетикасынан мүлден бас тартпай, керісінше елдің экономикасына қажетті
қуатты атом стансасы арқылы алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпараттанған болса қолдау
білдірер еді. Біздің ойымызша, Қазақстанда атом электр стансасын салуды халықтың толық
қолдауы үшін ядролық стансаның пайдасы мен қауіпсіздігі жөнінде үнемі ақпараттандырып
отыру қажет. егер де АЭс қажеттілігін халық түсініп, бірауыздан қолдаған жағдайда, мемлекет
дәстүрлі энергетиканы ядролық-энергетикалық технологияға алмастыру арқасында жаңа
энергетикалық кезеңге өтіп, төменде көрсетілген нәтижеге қол жеткізері сөзсіз:
♦ Атом энергетикасын дамыту елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік туғызады, ал оған болашақта энергия өндірісін диверсификациялаусыз қол
жеткізу мүмкін емес. Бұл электр энергиясын сырттан сатып алуға тәуелділікті айтарлықтай
азайтады немесе толығымен жояды, мұның өзі шикізат бағасының ықтимал тұрақсыздығы және
электр энергиясына сұраныстың артуы жағдайында үлкен пайда;
♦ АЭс қазіргі кезде мейлінше экологиялық таза энергия өндірушілердің бірі саналады. ядролық
энергетика экологиялық балансты бұзбастан өндірелетін энергия көлемін арттыруға мүмкіндік
береді. Бұл ауа қабатына шығарылатын зиянды шығындыларды болдырмауға және жаһандық
экологиялық проблемаларды шешу бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді
Достарыңызбен бөлісу: |