Сопақтық ажарлау және токарь станоктарының шпиндельдерінің дүмпуінен, дайындама сырт пішінінің дұрыс еместігінен және т.б. пайда болады.
Бүйірлік деп ақиқат пішіні көп қырлы дене түріндегі дөңгелектіктен ауытқуды айтамыз. Бүйірліктың пайд болу себебі-өңдегенде тетіктің бір мезгілде центрінің өзгеруінде, центрсізөңдегенде, станок қатаңдығы азайғандығында. Конустық деп жасаушы сызықтары түзу болғанымен бір-біріне параллель болмайтын бойлай қимасының сырт пішінінің ауытқуын айтамыз. Бұл ақау станок шпинделі өсі станок бағыттаушысымен параллель еместігінен, шпиндель өсінің артқы бабка пинолінің өсімен сәйкес еместігінен, кесу аспабының тез тозуынан және т.б. пайда болады.
Бөшкеге ұқсастық деп бет жасаушылары тік емес және диаметрлері ортасына қарай үлкейетін бойлай қимасының сырт пішінінің ауытқуын айтамыз. Станок қатаңдығы аз болғанда, қысқа бөлшектерде пайда болады.
Ерге ұқсастық деп егер бет құраушы сызықтары түзу, тік емес және диаметрі орта қимасына қарай кішірейетін бойлай қимасының сырт пішінінің ауытқуын айтамыз. Станок қатаңдығы аз болғанда және ұзын бөлшектерді (l=(10…12)d) люнетсіз өңдегенде пайда болады.
Тетіктерді жасағанда сырт пішін қателігі сырт пішінің дәлдік шегімен шектелінеді.
Сырт пішінің дәлдік шегі деп ішінде нақты беттіің барлық мөлшерлері жататын мөлшерлік аралықты айтамыз. Оның мәнін стандарт бойынша және дәлдік дәрежесіне қарай таңдайды.
Егер сырт пішінің дәлдік шегі берілмесе, онда оны осы тетік өңдеу дәлдік шегі шамасында алады.
Жазықтықтан ауытқу деп жазық беттердің сырт пішінінің құрастырма ауытқу көрсеткіші қызметін атқарады. Олар барлық сырт пішіннің ауытқу қосындыларымен сипатталады да, шын бетпен тақалу беті аралығының ең үлкен қашықтығына тең болады. Оның жеке түрлеріне дөңестік, ойымтық жатады (8.5- сурет).
Түзу сызықтылықтан ауытқуы деп жазық беттердің сырт пішінінің қимасының ауытқуының құрастырма көрсеткішін айтамыз. Ол ақиқат сырт пішінімен тақалу түзу сызығы арасынан өлшенеді.
24643-89 МемСТ бойынша белгіленген дәлдік дәрежесіне қарай, сырт пішін шекті ауытқуларын белгілейді, стандарт бойынша сырт пішін дәлдігінің 16 дәлдік дәрежесі (1...16) бекітілген.
Сырт пішінің дәлдік шегін таңдағанда, оны мөлшердің дәлдік шегімен байланыста екенін ұмытпау қажет. Мұнда көбінесе тек қана аз қаттылықты тетіктерден басқа келесі шарт орындалуы қажет:
Мұндағы ТФ – сырт пішінің дәлдік шегі,
ТВ – мөлшердің дәлдік шегі.
ТФ/ТВ – қатынасына қарай қалыпты, көтеріңкі және жоғары сырт пішінінің салыстырмалы геометриялық дәлдігіне бөлінеді. (ТФ/ТВ=60%; ТФ/ТВ=40%; ТФ/ТВ=25%).
а-дөңестілік; б-ойыстылық; 1-жанама жазықтылығы; 2-шын беті
8.5 - сурет. Жазықтықтан ауытқу:
Беттердің жайғаса орналасудан ауытқуы мен дәлдік шегі (24642-89 МемСТ). Жайғаса орналасудан ауытқу - қарастырылатын элементтің шын орналасуының нақты орналасуға қарағандағы ауытқуы. Бұл ауытқудың мәніне тәмендегілер әсер етеді: тетікті өңдеу қателігі, тетікті өңдеуге орнатқандағы икем құралдың қателігі жіберушілігі, аспаптардың тозуы, станок – икем құрал – аспап тетік жүйесінің серпінді және температуралық деформациясы, тетікті жасағанда базасының бірыңғай еместігі және т.б.
Тетіктер беттері орналасуының келесі ауытқулары кездеседі: бет жазықтарының бір-біріне параллельдіктен (8.6а, б- сурет) және перпендикулярлықтан (8.6в- сурет) ауытқуы, симметриялықтан ауытқуы (8.6ж- сурет), өсьтерінің бір-бірімен (8.6е- сурет) қиылысуынан ауытқуы, жалпы өсьтеріне қарағанда (8.6г, д- сурет) өсьтіліктен ауытқуы, базалық бетінің өсьіне қарағандағы (8.6г, д- сурет) өсьтіліктен ауытқуы, позициялық ауытқуы (8.6з- сурет) және қосынды пішін мен беттер жайғаса орналасу ауытқуына радиальды және бүйірлі дүмпуі (8.6и, к- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |