Кємелетке толмаѓандардыњ ісі жєне олардыњ ќ±ќыќтарын ќорѓау жµн



жүктеу 126,6 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі126,6 Kb.
#14592

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның III отырысының

шешімі

Астана қаласы 2008 жылғы 11 желтоқсан


Төрағалық еткен: Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев

Комиссия мүшелері, қатысушылар (тізім бойынша)


Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланды.

Комиссияның талқылау қорытындылары бойынша мынадай шешімдер қабылданды.



1. Балаларды міндетті жалпы орта біліммен және балалардың мектепке толық келуін қамтамасыз ету бойынша білім беру органдарының қызметін бағалау туралы.
(Ж.Қ. Түймебаев, Ж.Қ. Жүкенов, Н. Байтүгелова, А.С. Иманғалиев, К. Б. Жұмашев және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып:

1) 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды есепке алу жөніндегі бірыңғай талаптарды анықтауға арналған Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдердің, оқушылар қозғалысының есебін жүргізу тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізсін;

2) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеге сәйкес балалардың сапалы және толыққанды жалпы орта білім алу құқықтарын қорғау бөлігіндегі облыстық және аудандық ведомоствоаралық комиссиялардың қызметтерін зерделесін;

2. Облыстартардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне:

1) 2009 жылғы 1 ақпанға дейін облыстық, аудандық білім беру органдары мен әкімдіктер жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомоствоаралық комиссиялардың қызметтерін жалпы оқытумен қамтамасыз ету және тиісті директивалық құжаттарды орындау мәселелерін қарастыру, олардың жұмыстарын белсендіру бойынша шаралар қабылдау;

2) 2009 жылғы 1 наурызына дейін білім беру органдары басшыларының мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы 5 бала, кіші және орта мектеп жасындағы 41 бала, кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы 81 бала бар әрбір елді мекендерде тиісті білім беру ұйымдары ашылатын «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысын орындау бойынша есептерін тыңдау;

3) 2009-2011 жылдарға және кейінгі жылдарға арналған Өңірдің стратегиялық даму жоспарының жобасында:

- жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға көзделген жалпы шығыстардан әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсетуге арналған шығыстарды аударуды үш пайызға дейін жеткізу;

- 2012 жылғы жалпы білім беретін мектептерді автобуспен қамтамсыз ету және мектепке тасуды кажет ететін оқушыларды қауіпсіз және жайлы жеткізумен 100% қамту шаралары қарастыру;

4) мектеп жанындағы интернаттардың, мектеп-интернаттардың, оның ішінде девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттардың желісін кеңейту, сондай-ақ оқудан жалтарған кәмелетке толмағандарды анықтау және оңалту үшін әлеуметтік-психологиялық, кризистік орталықтарды ювиналды әділет қызметкерлерімен бірігіп ашу бойынша кешенді шаралар қабылдау;

5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын жалпы оқыту және тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша білім беру органдарының қызметі туралы» анықтамасының қорытындылары мен ұсынымдарын ескере отырып, мектеп әкімшіліктерінің жұмыстарын ерекше бақылауға алу, бір айлық мерзім ішінде анықтамада көрсетілген кемшіліктерді, олардың себеп-салдарын жою бойынша шараларды қабылдау. Қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2009 жылдың 1 ақпанына дейін хабарлау ұсынылсын.

2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының білім беру органдары:

1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін балаларды жалпы орта білім берумен қамту жөніндегі есептерді жинау, өңдеу, сақтау тәртібін жүйелендірсін. Балалардың түрлі санаттарының тізімдеріне мектептер, КУОБОО (ЦВИАРН), кешкі мектептер, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың арасында салыстырмалы тексеру жүргізсін;

2) 2009 жылғы 1 ақпанға дейін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып өткізілген алқаларда, кеңестер мен ВАК-та жалпы оқытумен қамту жөніндегі ақпараттардың нақтылығы мәселелерін, оқушыларды кешкі жалпы білім беретін мектептерге ауыстыру практикасын, сондай-ақ оралмандар, босқындар мен еңбек мигранттарының балаларын оқыту мәселелерін ерекше қарасын;

3) 2009 жылғы 1 ақпанға дейін 2009-2011 жылдарға және кейінгі жылдарға арналған Өңірлердің стратегиялық даму жоспарының жобасына балаларды мектепке және үйіне қауіпсіз және жайлы тасымалдау мәселелерін шешу бойынша ұсыныстарды беру, тасымалдау, мектептерге арналған автобустарды сатып алу және ұйымдастыру бойынша тендерлік шарттарды бақылауға арналған техникалық ерекшеліктерді құру жөніндегі жұмыстарға қатыссын;

4) 2009 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында жалпы оқытумен байланысты құжаттарды жүргізу мен бақылауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен мектептік полиция инспекторларының барлық категорияларына арналған оқыту семинарларының сериясын ұйымдастырсын;

5) педагогикалық қызметкерлерді жыл сайынғы аттестаттау жоспарларында білім беру ұйымдары мен органдарының басшыларын жалпы оқыту мәселелерін білу нысанына аттестаттау мәселелерін қарастырсын;

6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, 2009 жылы «Мектепке жол» атты республикалық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жоспарлық даярлықты қамтамасыз етсін;

7) мектептердің санитарлық және эстетикалық жай-күйін жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдасын: - 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс тобын құрсын және мониторинг негізінде мектептерді эстетикалық және санитарлық паспорттандыруды жүргізсін; - мониторинг нәтижелері бойынша облыстың барлық мектептеріндегі сыныптардың реакреациялардың, акт залдарының, мектептік асханалардың, аулалардың және басқа да орындардың қазіргі жай-күйі мен болашақтаға дизайнын бейнелейтін фотоальбомдардың электронды банкін құрсын. Басты назарды мектеп үй-жайы мен аулаларды көгалдандыру мәселелеріне аударсын;

- білім беру органдарының 2009 жылға және кейінгі жылдарға арналған жұмыс жоспарларына «Балаларға ықыласты және зәулім мектеп» конкурсын ұйымдастыру мен өткізу іс-шараларын енгізсін.

2. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының жай-күйі мен мәселелері туралы

___________________________________________________________

(Ж.Қ.Түймебаев, М.Т.Санатова, Ж.А. Нұрлыбекова,

Е. Н. Иманғалиев және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ішкі істер министрлігі және облыстық Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Үкіметтік емес ұйымдарымен мен бірлесіп девиантты мінез-құлықтағы балаларға бақылау жасау мен тәрбиелеудегі әдістер мен тексеру нысандарын қолдану арқылы қылмыс жасаудың алдын алу, жұмыстың АҚТҚ/ЖҚТБ-ға және басқа қауіпті әдеттерге қарсы тұру, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасының бала тәрбиелеудегі рөлін арттыру жөніндегі тиімділігін арттырсын:

2. Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрлігі 2009 жылғы 1 ақпанға дейін Бас прокуратурамен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктерімен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс, статистика агенттіктерімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлестікте өмірдің қолайсыз жағдайына тап болған балаларды жағдайы төмен отбасыларды есепке тұрғызу және анықтау, балалардың қадағалаусыздығы мен қараусыздығының алдын алу бойынша ведомствоаралық ақпараттық жүйе құру туралы мәселелер әзірлесін.



2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне:

1. 2009-2011 жылдарға және кейінгі жылдарға арналған Өңірлердің стратегиялық даму жоспарының жобасында:

- кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде кәмелетке толмағандардың бос уақытында жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, жасөспірімдердің аулалық клубтарын құруға, спорт секциялары желілерін кеңейтуге, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде полиция инспекторларының штаттарын көбейтуге, т.б.;

- тиісті кадрлық және материалдық-техникалық базасы бар мекемелерге деген халықтың сұранысына қарай кризистік орталықтардың, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтарының оңтайлы желісін құруға бағытталған іс-шараларға ақшалай қаражат бөлу қарастырылсын.

2. 2009 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде органдар мен білім беру ұйымдарының, ішкі істер органдарының «қауіпті топтардағы» кәмелетке толмағандармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, оларды әлеуметтік оңалту, кәмелетке толмағандардың бойында заң сыйлаушылықты қалыптастыру, оларға адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін үйрету бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі қызметтері туралы мәселені зерделесін және тыңдасын.

3. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығының (КУОБО) материалдық-техникалық базасын күрделі жөндеу және жарақтандыру бойынша шаралар қабылдасын.

4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру және ішкі істер органдары, өңірлік Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері:

1) әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға, оның ішінде девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары мен КТУОБО-ның тәрбиеленушілеріне психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды күшейтсін;

2) 2009 жылғы 1 ақпан мерзіміне дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексеруі барысында анықталған кәмелетке толмағандардың жеке бас бостандығына, денсаулығына, қауіпсіздігіне жасалған құқық бұзушылықтар, балалардың мүліктік, заңсыз, еңбек және сексуалды қаналуы бойынша құқық бұзушылықтар фактілерін жою бойынша бірлескен Қосымша іс-шаралар жоспарын әзірлесін және қабылдасын.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу, нашақорлықпен, қараусыздықпен және қадағалаусыздықпен күрес бойынша білім беру ұйымдары мен ішкі істер органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың озық тәжірибелерін белсенді түрде насихаттасын.


3. Жалпы білім беретін мектептерде балаларды сапалы және теңгерімді тамақтандырумен қамтамасыз ету бөлігіндегі ВАК-тың екінші отырысының шешімдерін жергілікті атқарушы органдардың орындау барысы туралы
(Ж.Қ. Түймебаев, Б.Т. Тілеубекова, А.Е. Тәженов, М.З. Шермағанбет, Ю.Ю. Смирнов және т.б.)

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақ Тамақтандыру Академиясымен бірлесіп, құнарлы мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің білім беру бағдарламаларына толықтырулыр енгізсін.

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне:

1) даярлаудың жоғары деңгейінің өнімдері мен жартылай өңделген өнімдерін пайдалана отырып, мектептік тамақтандыру комбинаттарын жобалау мен құру бойынша шет елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу негізінде мектептік тамақтандыру индустриясын құру бойынша жыл сайын конференциялар өткізу;

2) 2010-2012 жылдарға және кейінгі жылдарға арналған Өңірлік стратегиялық даму жоспарының жобасында:

- құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуге, мектептік тамақтандыру комбинаттарын жарақтандыруға және шикізатты дайын өнімге дейін жеткізудің технологиялық процестерінің қазіргі заманғы сызбаларын әзірлеу арқылы мектептік ас әзірлейтін бөліктерді қайта құруға;

- мектептік түскі тамақтың тәуілігіне 30-дан 50 мыңға дейінгі порциясын өндіру арқылы мектептік тамақтандыру комбинатының құрылысына және оны жарақтандыруға;

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды есекере отырып, мектептік ас әзірлейтін бөліктерді күрделі жөндеуге;

- мектеп әкімшілігінің және мектептік ас әзірлейтін бөліктер қызметшілерінің біліктіліктерін арттыруға;

- 1-4 сынып оқушыларын, сондай-ақ барлық аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды бір реттік ыстық тамақпен толық қамтуға бағытталған іс-шараларға ақшалай қаражат бөлуді қарастыру;

3) 2009 жылғы 1 наурыз мерзіміне дейін Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы отырыстарында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлестікте мектептік тамақтануды ұйымдастыру, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушыларын, тәрбиеленушілерін тамақтандыру үшін әкелінетін шікізат пен азық-түліктердің түрлеріне, сапасына қауіпсіздігіне жүргізген мониторинг бойынша ведомствоаралық сараптау топтарының есептерін тыңдау;

4) 1 наурызға дейінгі мерзімде әрбір аудан мен қалада мектептік тамақтандыруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйелерін жасау бойынша үлгілі мектептерді анықтау ұсынылсын.

3. Қызылода облысының әкіміне толық әрекетсіздікке, оқушылардың тамақтану жағдайын бақыламауға және 2008 жылғы 19 наурыздағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тұжырымдары мен шешімдерін, оның ішінде балаларды сапалы мектептік тамақтандыруды ұйымдастыруды ескермеуге жол берген Қармақты (Д.Н. Нәзікбаев), Жалағаш (Г.К. Серікбаев) аудандарының білім беру органдары басшыларының әрі қарай лауазымында болуын қарастыру ұсынылсын.



4. 2009 жылға арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарын бекіту

_________________________________________________________

(Ж.Қ. Түймебаев, Ж.Қ. Жүкенов және т.б.) 1. 2009 жылға арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспары бекітілсін.

2. Ведомствоаралық комиссия мүшелері 2009 жылға арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарын орындасын.




Комиссия Төрағасы,

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев
жүктеу 126,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау