ҚОРЫТЫНДЫ
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.
Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне тоқталып өтсек. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту білімді бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақгауға, ал дамыта оқыту дербес жүмыс істеуге, алған білімді падалана білуге үйретеді.
Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сынып балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, өзінше қорытынды жасауға тырысады. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамж еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.
Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабаққа дидактикалық ойындар, пікір - таластар, ойлау-қиялдау, есте сақгау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақга оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |