Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет10/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Жасалу орнына қарай  қалай бөлінеді?
Айтылу орнына қарай  қалай бөлінеді?
Глоссарий 
Дауыссыз дыбыстар -айтқанда  ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар 
ООӨЖ:    Дауыссыз дыбыстардың емлесі. [3] 13 бет
 ОӨЖ:     Өзім туралы шағын шығарма жазып келу
Әдебиеттер:
[3] 13 бет
Тақырыбы: Үндестік заңы. Біздің үйіміз
Сабақтың мазмұны мен мақсаты: 

Қазақ тіліндегі үндестік заңы  туралы мағлұмат  беру

Өз үйлері  туралы баяндай алуы,сөйлеу үлгілерін игеруі

сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуға дағдыландыру
Біздің үйіміз.
Біздің үй Алматы қаласында, Абай даңғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты
үй – біздікі. Ол жеке меншікті үй емес, қазыналық үй, біздің пәтеріміз төртінші қабатта.
Пәтеріміздің үш бөлмесғ бар.
Кіре берісте кең, үлкен дәліз бар, бірінші және ең үлкен бөлме – төргі бөлме.
Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Төргі бөлменің оң
жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада кілем ілулі тұр. Төргі бөлменің
сол   жағында   диван   және   жорнал   үстелі   тұр.   Қабырға   жиһазы   да   осында.   Қабырға
жиһазында кітаптар және қымбат ыдыс-аяқтар тұр. Қабырға жиһазының үстінде әдемі
кілем жатыр. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.
Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жатын бөлме. Мұнда екі кереует, екі тумба,
үлкен үш есікті шифоньер және үлкен айна тұр.
Үшінші кішкене бөлме – менікі. Бөлмеде екі кереует, гардероп, жазу үстелі, бір
орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, қалам, қарандаштар, кітап және дәптерлер
жатыр. Компьютер, кітап сөресі де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр. 
Ас   үйде   ас   жиһазы   бар.   Онда   ыдыс-аяқтар   тұр.   Тоңазытқыш,   мұздатқыш   та
осында.
Жуынатын   бөлмесі,   әжетханасы   бөлек.   Бөлмелер   оңаша,   өте   қолайлы.
Телефонымыз да бар.
Ағамның үйі – жеке меншік үй. Үйі – екі қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең.
Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
4. Мәтінді қысқаша мазмұндау
Қазақ тіліне аударыңыз,сөйлем құрастырыңыз.
Государственный дом, частный дом, квартира, гостиная, справа, у входа, журнальный 
столик, стенка, дорогая посуда, настольные часы, круглый стол, спальня, 
художественная литература, книжная полка, холодильник, кухня, двор, баня.
Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың 
бір-біріне ықпал, ыңғайласып,үйлесіп қолдануын дыбыстардың үндестік заңы деп
атайды.
Сөздің соңғы буынының жуан,жіңішке болуына қарай қосымшалардың да 
бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз.
Қой-шы-лар-ы-мыз-дың
Ән-ші-лер-ге


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
-мен, -бен,-пен
-нікі,-дікі,-тікі
- паз, -хана
-еке,-тай,-тал
-гер, -кер
-қой, -қор
 Тапсырмалар. [1] 31бет
4- жаттығу. 
5-жаттығу
Бақылау сұрақтары:
Сөз жуан болса қосымша қандай жалғанды?
Сөз жіңішке болса қосымша жіңішке жалғанады?
Аралас буынды сөздерге қосымша жалғанады?
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңыз?
Глоссарий 
Үндестік заңы - түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы көрші 
дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, ыңғайласып, үйлесіп қолдануы 
ООӨЖ:  Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысал келтіру. 
 ОӨЖ:  Менің бөлмем әңгіме құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 19 бет
[5] 32 бет
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі. Білім беру жүйесі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты: 

Қазақ тіліндегі үндестік заңы  туралы мағлұмат  беру;

еліміздегі білім беру жүйесі  туралы баяндай алуы;

сөйлеу үлгілерін игеруі.
Білім беру жүйесі
         Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына сәйкес 
жасалады.
Бұл жүйе: отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, 
кәсіптік-техникалық , орта арнаулы, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім 
беру сатыларынан құрылады. Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске 
асырылады. Қазіргі таңда республика мектептерінде жыл сайын үш миллионнан астам 
бала оқиды. Оларды оқытуға 240-250 мың мұғалімдер қызмет етеді. Кәсіптік –
техникалық училищелер саны 440-қа жетті, 244 арнаулы оқу орындары бар. Көптеген 
мемлекеттік  жоғары оқу орындары бар. Соңғы деректерге қарағанда 47 мемлекеттік 
және 117 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар.
Сөздік.
Тәрбие - воспитание
Мектепке дейінгі - дошкольное
Кәсіптік-техникалық - профессионально-технический
Сала- сфера,разделы,отрасли
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
4. Мәтінді қысқаша мазмұндау


Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал,кейінді 
ықпал,тоғыспалы ықпал.
Сөздің соңғы қатаң  п,қ,к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан бастаса , олар п-б, 
қ-ғ,к-г айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мектеп-мектебі
Күрек-күрегі
Қазақ –қазағы
Айтылуы
Жазылуы
Жамболат
Жанпейіс
Ермағамбет
Ермағанбет
ашшы
асшы
жасса
жазса
Божжігіт
Бозжігіт
Бақылау сұрақтары:
1. Сіз биыл оқу бітіресіз? Қайда оқуға барасыз? Қандай мамандық таңдайсыз?
2. Сіздің он екі жылдық мектепке деген көзқарасыңыз?
3. Сіз қандай мектепте оқыдыңыз?
4. Қазақстанда қандай мектептер жатады?
5. Жаңа типтегі мектептерге не жатады?
6. Колледжде неше жыл оқиды?
7. Онда қалай оқытады?
8. Колледжден кейін қайда оқуға болады?
9. Кәсіби мамандықты алу үшін не істеу керек?
10. Қазіргі кездегі ақылы оқу орындарына қалай қарайсыз?
11. Ақылы білім алсаңыз, біліктілігіңіз арта ма?
12. Қандай мамандық түрі ұнайды?
ООӨЖ :Ілгерінді ықпал. Ереже жазу 
ОӨЖ: Менің колледжім тақырыбында мәтін құрастыру
Әдебиеттер:
[3] 20бет
Тақырыбы: Буын түрлері. Екпін. Мамандық
Сабақтың мазмұны мен мақсаты: 

Өмірдегі түрлі мамандықтар туралы мәліметі болуы,

өзінің болашақ мамандығы туралы айта білуі

мамандыққа байланысты кәсіби дағдыларын арттыру

Мамандық
         Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. 
Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, 
экономист,есепші, ұшқыш болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, 
жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте жұмыс істеу 
керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда 
жұмыс істеу керек. Ал,аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу
үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада жұмыс істеу керек. Өнер саласына жататын 
мамандықтар: әнші, биші ,композитор, режиссер т.б


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау