Сабақ мазмұны мен кестесі
1 жұма:
№ 1 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығарманың басталуын көрсету; ауфтакт және оның дирижерлаудағы рөлі, түрлері.
СОӨЖ мазмұны: Екі қолды кеуде тұсына әкеліп негізгі қалыпта ұстау, «байқаңыздар» (Внимание) қимылымен концермейстерді дайындау, одан әрі тактінің бүтін бөлігінен басталған шығармаға ауфтактіні төменнен жоғары қарай көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: «Байқаңыздар» қимылының уақыт тұрғысынан ұтымды, ауфтактіні айқын, анық беруге тырысу керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 2 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығарманы екі есебінде дирижерлау.
Екі өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіштің қарапайым үлгісі.
СОӨЖ мазмұны: Бір есебіне келетін тактінің бірінші салмақты үлесі жігерлі екпінмен жоғардан төмен түскен қол қимылдары арқылы көрсету, екі есебіне келетін тактінің екінші әлсіз үлесі – қолдың төменнен жоғары қарай көтерілуі арқылы көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Екі өлшемінде жазылған осы шығарманы игеру үшін, әуелі оң қолымен содан сон сол қолымен бөлек дирижерлап үйрену керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
2 жұма
№ 3 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығарманы дирижерлау кезінде дыбыс шығарудың нон-легато көрсету әдісі, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген нон-легато ( non- legato) штрихымен орындалатын дыбыстар әрқайсысы жеке-жеке дараланып, бір-бірімен байланыстырылмай ойналады.
Соған орай нон-легато штрихынде көрсетуде қолдың әрбір қимылы әрбір үлестін аралықтарын айқын көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың әуеніне байланысты жоғарыда көрсетілген дирижерлық көрсеткіштерге сай қол қимылдарын жасап, тактілердің салмақты және салмақсыз үлестерінің дұрыс болуына ерекше назар аудару керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 4 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығарманың басында автор көрсеткен екпінінің маңызы. Дирижерлаудағы қол сермеу көлемінің екпінге тәуелділігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ширақ жылдам екпінге сай кіші көлемді қимылдар қолданылады. Екпін бірқалыпты жүрдек болу үшін қысқа дәлме-дәл қимылдар арқылы қолдың қоспасы босатылу қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың автор көрсеткен екпінінде орындалуы дирижерға байланысты. Сондықтан қолды сермеп дирижерлау алдында шығарманың алғашқы тактісін берілген екпінге сәйкес іштей айтып, санап алу керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
3 жұма
№ 5 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығармадағы екпінін бірте-бірте өзгеруі.
Дирижердың қол қимылының екпінмен байланысы. Бір қалыпты екпіннен әртүрлі жылдамдықтағы екпіндерге ауысу әдісі.
СОӨЖ мазмұны: Шығарманың соңына қарай алғашқы келе жатқан екпіннен баяулата
( rit.) орындату кездеседі. Мұндай кезде қол қимылы кідірінкіреп, музыканың жалпы екпінін біртіндеп баяулата бастайды.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың екпінін бәсендетуде әр үлесте қол қимылының көлемін бірте-бірте кеңейте түсу керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 6 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығармадағы дыбыс күшінін өзгерісі – динамика. Орындаушылықтың көркемдік жағын дыбыс күшін өзгерту арқылы тындашыға жеткізу әдістері. Қол қимылының көлемін, салмағын, дыбыс күшінін өзгеруіне байланысты пайдалану.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ақырын дыбыстарды белімен бір деңгейде, орташа қатты дыбыстарды кеудемен бір деңгейде, қатты дыбыстарды иықпен бір деңгейде көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығармамен жұмыс істеу кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдалану керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
4 жұма
№ 7 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығармадағы қозғалмалы дыбыс күшін көрсету тәсілдері, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген динамикалық шарттын күшейту (crescendo) белгісінін дыбысты бірте-бірте үдете түсуіне сай қол қимылы жоғары бағытқа жайлап көтеріледі.
СӨЖ мазмұны: Динамикалық шарттарды орындау барысында автордың ескертпе текстін есте сақтау керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 8 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Е. Брусиловский – Кең далада.
мазмұны: Шығармадағы көркемдік жағынан бейнелеу құралдарының бірі – фермата көрсету әдісі.
СОӨЖ мазмұны: Жартылық нотанын үстіне жазылған фермата белгісі шығарманың соңында кездеседі. Нотанын ұзақтығына сай ферматаны шамамен 1,5 есе ұзартып, оның дыбыс ұзақтылығы аяқталғаннан кейін үзіп тастау қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Ферматаны көрсету кезінде қолды біраз саябырлатып демалдырып, одан әрі жоғары немесе төмен бағыттағы қол қимылымен аяқтау керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
5 жұма
№ 9 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығарманың басталуын көрсету; ауфтакт және оның дирижерлаудағы рөлі, түрлері.
СОӨЖ мазмұны: Кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы біржаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Содан кейін екі қолды кеуде тұсына әкеліп негізгі қалыпта ұстау, «байқаңыздар» (Внимание) қимылымен концермейстерді дайындау, одан әрі тактінің бүтін бөлігінен басталған шығармаға ауфтактіні төменнен жоғары қарай көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: «Байқаңыздар» қимылының уақыт тұрғысынан ұтымды, ауфтактіні айқын, анық беруге тырысу керек. Иықтың бұлшық еттері бос, еркін болуы тиіс.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
№ 10 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығарманы үш есебінде дирижерлау.
Үш өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіштің қарапайым үлгісі.
СОӨЖ мазмұны: Үш есебінін дирижерлық көрсеткіші қолдың үш қимылынан құралады: төмен, оң жаққа және жоғары бағытқа қозғалу қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Әрбір үлестін алғашқы басталуы қоспа буын арқылы жеңіл және анық көрсетілуі тиіс. Қолдың қоспасы неғұрлым жұмсақ болса, соғұрлым дирижердың ойы түсінікті болады,
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
6 жұма
№ 11 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығарманы дирижерлау кезіндегі дыбыс шығарудың легато көрсету әдісі, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармадағы берілген легато (legato) штрихымен орындалатын дыбыстар бір-бірімен үзілмей байланысып жалғаса орындалады. Соған орай легато штрихын көрсетуде қолдың қимылы мәнерлі болады. Мұнда бір есебіне келетін салмақтың үлесі ғана төмен және тура көрсетіледі, қалған екі үлестегі қимылдар доға сияқтанып иіліп, әуелі оңға, сонан соң жоғары қарай көтеріледі.
СӨЖ мазмұны: Үш есебіндегі легато орындау әдісін көрсетуді игеруде қол қимылының бағытына, пластикалық қозғалысына, дирижерлық көрсеткіштің такт үлестеріне дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
№ 12 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығарманы көрсетілген өз екпінінде дирижерлау. Дирижердың қол қимылының екпінмен байланысы. Дирижерлаудағы қол сермеу көлемінің екпінге тәуелділігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармадағы берілген орташа (moderato) екпінге сәйкес орта көлемді сабырмен, бірқалыпты қол қимылын қолдану қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың автор көрсеткен екпінінде орындалуы дирижерға байланысты. Сондықтан қолды сермеп дирижерлау алдында шығарманың алғашқы тактісін берілген екпінге сәйкес іштей айтып, санап алу керек.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
7 жұма
№ 13 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Бір қалыпты екпіннен әртүрлі жылдамдықтағы екпіндерге ауысу әдісі.
Шығармадағы екпінін бірте-бірте өзгеруі. Дирижердың қол қимылының екпінмен байланысы.
СОӨЖ мазмұны: Шығарманың орта бөлімінің екпінін кішкене алға жылжытып, жүрдекі ету үшін ықшамды, жинақы қол сермеу әдісі қолданылып, қолдың қоспасы босату қарастырылады. Әр үлесте қолдың қимылы еркін болады.
СӨЖ мазмұны: Бір қалыпты екпіннен жылдамырақ екпінге ауысу сәтінде дирижерлық көрсеткіштін такт үлестеріне дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
№ 14 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығармадағы дыбыс күшінін өзгерісі – динамика. Орындаушылықтың көркемдік жағын дыбыс күшін өзгерту арқылы тындашыға жеткізу әдістері. Қол қимылының көлемін, салмағын, дыбыс күшінін өзгеруіне байланысты пайдалану.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ақырын дыбыстарды төменгі, орташа қатты дыбыстарды орташа, қатты дыбыстарды жоғары позицияда көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығармамен жұмыс істеу кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдалану керек.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
8 жұма
№ 15 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Шығармадағы қозғалмалы дыбыс күшін көрсету тәсілдері, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген динамикалық шартын қысқа мерзімді дауысты күшейту (crescendo) белгісінін дыбысты бірте-бірте үдете түсуіне сай қол қимылы жоғары бағытқа жайлап көтеріледі.
СӨЖ мазмұны: Бұл айтылған белгіні шығарманың характеріне сай дирижер динамикалық шарттардың көрсетіліп жазылғанына қарай тездете немесе жайлата орындауы мүмкін.
Динамикалық шарттарды орындау барысында автордың ескертпе текстін есте сақтау керек.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
№ 16 Практикалық сабақ:
тақырыбы: К. – М. Вебер – Алеманда.
мазмұны: Пауза белгісін көрсету әдісі, түрлері және ұзақтығы.
СОӨЖ мазмұны: Шығарманың екінші бөлімінде әр музыкалық сөйлемінің соңында екі ширектік паузалар кездеседі. Бұл жағдайда паузаның ұзақтығын дәл есептеп аз уақытқа кідіртіп, үзіліс жасайды.
СӨЖ мазмұны: Үзіліс жасау кезінде дирижер қолды қозғалтпай бір орында, кеуде деңгейінде ұстап тұруы керек.
Әдебиет: Золотая лира 1 том Москва 1987
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
9 жұма
№ 17 Практикалық сабақ:
тақырыбы: . Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығарманың басталуын көрсету; ауфтакт және оның дирижерлаудағы рөлі, түрлері.
СОӨЖ мазмұны: Кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы біржаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Содан кейін екі қолды кеуде тұсына әкеліп негізгі қалыпта ұстау, «байқаңыздар» (Внимание) қимылымен концермейстерді дайындау, одан әрі тактінің бүтін бөлігінен басталған шығармаға ауфтактіні төменнен жоғары қарай көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: «Байқаңыздар» қимылының уақыт тұрғысынан ұтымды, ауфтактіні айқын, анық беруге тырысу керек. Иықтың бұлшық еттері бос, еркін болуы тиіс.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
№ 18 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығарманы төрт есебінде дирижерлау.
Төрт өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіштің қарапайым үлгісі.
СОӨЖ мазмұны: Төрт есебінін дирижерлық көрсеткіші төрт түрлі қимылдан жасалады, яғни төмен, солға, оңға және жоғары қарай қозғалу қимылдары арқылы көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Әр тактінің үлестері қол қоспасының буыны арқылы жеңіл, анық көрсетілуі тиіс. Сол қолмен көрсеткенде қолдың екінші қимылы солға қарай емес оңға қарай бағытталады.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
10 жұма
№ 19 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығарманы дирижерлау кезіндегі дыбыс шығарудың стаккато көрсету әдісі, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген стаккато (staccato) штрихымен орындалатын дыбыстар бір-бірінен бөлек, қысқаша, жеңіл және ойнақы ойналады. Соған орай стаккато штрихын көрсетуде қолдың қимылы жеңіл, қысқа болады. Стаккато нота үстіне сөзбен немесе ноқат (нүкте) арқылы көрсетіледі.
СӨЖ мазмұны: Стаккато штрихын көрсетуде музыканың дыбыс күшіне байланысты қолдың тек ұшымен ғана көрсету керек, қолдың қимылы аз ғана дамыл жасап, стаккатоны бөліп-бөліп көрсету керек.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
№ 20 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығарманы көрсетілген өз екпінінде дирижерлау. Дирижердың қол қимылының екпінмен байланысы. Дирижерлаудағы қол сермеу көлемінің екпінге тәуелділігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген тез қарқынды салтанатты (allegro maestoso) екпінге сәйкес жігерлі жылдам қол қимылын қолдану қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың автор көрсеткен екпінінде орындалуы дирижерға байланысты. Сондықтан қолды сермеп дирижерлау алдында шығарманың алғашқы тактісін берілген екпінге сәйкес іштей айтып, санап алу керек.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
11 жұма
№ 21 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Пауза белгісін дирижерлық қимылы арқылы көрсету әдісі, ұзақтығы
СОӨЖ мазмұны: Шығармадағы музыкалық ой түйіндері арасындағы үзіліс ( пауза) жасау кезінде дирижерлық көрсеткішке сай қол қимылы аз ғана уақытқа кідіріс жасайды да келесі үлеске дыбыс күшінін үнімен сазына және дыбыстың орындалу ерекшелігіне сәйкес ауфтакт көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Үзіліс жасау кезінде дирижер қолды қозғалтпай бір орында, кеуде деңгейінде ұстап тұруы керек.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
№ 22 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығармадағы дыбыс күшінін өзгерісі – динамика. Орындаушылықтың көркемдік жағын дыбыс күшін өзгерту арқылы тындашыға жеткізу әдістері. Қол қимылының көлемін, салмағын, дыбыс күшінін өзгеруіне байланысты пайдалану.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ақырын дыбыстарды төменгі, орташа қатты дыбыстарды орташа, қатты дыбыстарды жоғары позицияда көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығармамен жұмыс істеу кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдалану керек.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
12 жұма
№ 23 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығармадағы қозғалмалы дыбыс күшін көрсету тәсілдері, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген динамикалық шартын қысқа мерзімді дауысты күшейту (crescendo) белгісінін дыбысты бірте-бірте үдете түсуіне сай қол қимылы жоғары бағытқа жайлап көтеріледі. Керісінше, қысқа мерзімді дауысты бірте-бірте ақырындата (diminuendo) белгісінің дыбысты әлсірете түсуіне сай қол қимылы төмен бағытқа қарай түсіріледі.
СӨЖ мазмұны: Бұл айтылған белгіні шығарманың характеріне сай дирижер динамикалық шарттардың көрсетіліп жазылғанына қарай тездете немесе жайлата орындауы мүмкін.
Динамикалық шарттарды орындау барысында автордың ескертпе текстін есте сақтау керек.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
№ 24 Практикалық сабақ:
тақырыбы: № 23 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Дж. Верди – «Аида» операсынан Марш.
мазмұны: Шығарманың аяқталуын көрсету, «бітіру» әдісі.
СОӨЖ мазмұны: Шығарманың соңғы дыбысын ойнатып аяқтау – «бітіру» әдісі арқылы көрсетіледі. Бітіруге бір үлес қалғанда екі қол бірдей әзірлік қимылына дайындалады да, белсенді қимылмен бірінші үлесте бітіру белгісін көрсетеді.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың соңын, яғни аяқталуын дұрыс көрсетудің мәні өте зор. Бітіру белгісін дайындағанда коллективтің назаран өзіне аудару үшін дирижердың көзқарасы ерекше роль атқарады.
Әдебиет: Золотая лира 2 том Москва 1988 г.
А.Иванов-Радкевич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1973.
13 жұма
№ 25 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығарманың басталуын көрсету; ауфтакт және оның дирижерлаудағы рөлі, түрлері.
СОӨЖ мазмұны: Кеуде сәл көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы біржаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен түсірілуі керек. Содан кейін екі қолды кеуде тұсына әкеліп негізгі қалыпта ұстау, «байқаңыздар» (Внимание) қимылымен концермейстерді дайындау, одан әрі тактінің бүтін бөлігінен басталған шығармаға ауфтактіні төменнен жоғары қарай көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: «Байқаңыздар» қимылының уақыт тұрғысынан ұтымды, ауфтактіні айқын, анық беруге тырысу керек. Иықтың бұлшық еттері бос, еркін болуы тиіс. Шығарма қатты (f ) дыбыспен болғанына сәйкес ауфтакт көрсету кезінде қол қимылы күшті жігерлі болуы керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 26 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығарманы дирижерлау кезінде дыбыс шығарудың нон-легато көрсету әдісі, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген нон-легато ( non- legato) штрихымен орындалатын дыбыстар әрқайсысы жеке-жеке дараланып, бір-бірімен байланыстырылмай ойналады.
Соған орай нон-легато штрихынде көрсетуде қолдың әрбір қимылы әрбір үлестін аралықтарын айқын көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Екі өлшеміндегі дирижерлық көрсеткішті сермеп көрсетуде қолдың қимылы екі бағытта да ( төмен бағыттағы соққы қалай болса, жоғары бағыттағы да солай) нақты әрі айқын болу тиіс
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
14 жұма
№ 27 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығарманы дирижерлау кезінде дыбыс шығарудың нон-легато көрсету әдісі, жазылу ерекшелігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген нон-легато ( non- legato) штрихымен орындалатын дыбыстар әрқайсысы жеке-жеке дараланып, бір-бірімен байланыстырылмай ойналады.
Соған орай нон-легато штрихынде көрсетуде қолдың әрбір қимылы әрбір үлестін аралықтарын айқын көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың әуеніне байланысты жоғарыда көрсетілген дирижерлық көрсеткіштерге сай қол қимылдарын жасап, тактілердің салмақты және салмақсыз үлестерінің дұрыс болуына ерекше назар аудару керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 28 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығарманың басында автор көрсеткен екпінінің маңызы. Дирижерлаудағы қол сермеу көлемінің екпінге тәуелділігі.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ширақ жылдам екпінге сай кіші көлемді қимылдар қолданылады. Екпін бірқалыпты жүрдек болу үшін қысқа дәлме-дәл қимылдар арқылы қолдың қоспасы босатылу қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығарманың автор көрсеткен екпінінде орындалуы дирижерға байланысты. Сондықтан қолды сермеп дирижерлау алдында шығарманың алғашқы тактісін берілген екпінге сәйкес іштей айтып, санап алу керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
15 жұма
№ 29 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығармадағы дыбыс күшінін өзгерісі – динамика. Орындаушылықтың көркемдік жағын дыбыс күшін өзгерту арқылы тындашыға жеткізу әдістері. Қол қимылының көлемін, салмағын, дыбыс күшінін өзгеруіне байланысты пайдалану.
СОӨЖ мазмұны: Шығармада берілген ақырын дыбыстарды белімен бір деңгейде, орташа қатты дыбыстарды кеудемен бір деңгейде, қатты дыбыстарды иықпен бір деңгейде көрсету қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Шығармамен жұмыс істеу кезінде қолдың үш түрлі биіктік қалпын пайдалану керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
№ 30 Практикалық сабақ:
тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»
мазмұны: Шығармадағы көркемдік жағынан бейнелеу құралдарының бірі – фермата көрсету әдісі.
СОӨЖ мазмұны: Жартылық нотанын үстіне жазылған фермата белгісі шығарманың соңында кездеседі. Нотанын ұзақтығына сай ферматаны шамамен 1,5 есе ұзартып, оның дыбыс ұзақтылығы аяқталғаннан кейін үзіп тастау қарастырылады.
СӨЖ мазмұны: Ферматаны көрсету кезінде қолды біраз саябырлатып демалдырып, одан әрі жоғары немесе төмен бағыттағы қол қимылымен аяқтау керек.
Әдебиет: Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
Л.Хамиди., Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
Негізгі және қосымша әдебиет тізімі.
1. Б.Хайкин. Беседа о дирижерском ремесле. Москва 1973.
2. Дирижерское исполнительство. (сост. Лео. Гинсбург) «Музыка» 1975.
3.Л.Хамиди, Х.Тастанов. Дирижерлық негіздері. Алматы 1980.
4. М.Канерштейн. Вопросы дирижирования. Москва 1965.
5. С.Казачков. Дирижерский аппарат и его постановка. Москва 1967.
6. А.Иванов-Радкевич. О воспитании дирижера. Москва 1973.
7. А.Иванов-Радквич. Пособие для начинающих дирижеров. Москва 1977.
8. С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. Алматы 1993.
9. Ж. Бегендіков. Халық оркестрін ұйымдастыру және жетекшілік ету. Алматы 1992.
10.Э.Кан Элементы дирижирования. «Музыка» Ленинградское отделение. 1980
11. Золотая лира I том Москва 1987.
12. Золотая лира II том Москва 1988.
13. Е. Брусиловский. Фортепианоға арналған 16 шығарма. Алматы 1966
14. Л.Мохель, О. Зимина. Самоучитель игры на фортепиано Москва. 1989
15. Хрестоматия по дирижированию выпуска № 4,5,6, Москва. 1992
16. Орфей Москва 1988
17. А.Жайымов Домбыра үйрену мектебі. Алматы 1992
18. Ғ.Молдакаримова. Қобыз үйрену мектебі. Алматы 2001
19. А.Тоқтағанов Күй қастерлі әуез. Алматы 1998
Достарыңызбен бөлісу: |