Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық


Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері



жүктеу 3,21 Mb.
бет2/14
Дата26.02.2018
өлшемі3,21 Mb.
#10701
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері


  1. Бір кредиттің академиялық көлемі 50 минут дәрісханалық уақытты құрайды.

  2. Бакалавриатта әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар міндетті түрде 2 сағаттық студенттің өзіндік жұмысымен (СӨЖ) қамтылады.

  3. Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 аптаны құрайды.

  4. Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін бір оқу жылының академиялық көлемі 36 аптаны құрайды (немесе 2 семестр), оның ішіндегі 30 апта теориялық оқуға, 4 апта – студенттің қорытынды бақылауына, 2 апта – демалыс уақытына арналған.

  5. Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50минут), педагогикалық іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250минут) тең.

  6. Оқу жылының академиялық көлемі жазғы семестрдің есебінен 6 аптаға ұзартылуы мүмкін.

  7. Жазғы семестр студенттің жеке қалауы бойынша қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру үшін ұйымдастырылады.

  8. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

  9. Оқу траекториясы және пәндер реестрі демалыс уақытында студенттің өзімен анықталады.

  10. Оқу траекториясы және пәндер реестрі жазғы семестрда (жоғарғы курс студенттері үшін) бекітілетін студенттің жеке жұмыс жоспарында, 5 қыркүйекке дейін (І курс студенттері үшін) көрсетіледі.

  11. Жеке жұмыс жоспарын декан немесе деканның оқу ісі жөніндегі көмекшісі бекітеді және ол деканатта сақталады.

  12. Жеке оқу жоспары эдвайзердің, яғни шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан академиялық ұстаздың жетекшілігімен жүзеге асырылады.

  13. Оқуды жеке жоспарлау студентке демалыс уақытында ұсынылатын оқу - әдістемелік кешендердің көмегімен және оқу жоспарындағы әрбір пәннің академиялық сипаттамасы, сонымен қатар офис–тіркеушіде және ҚарМУ–дың сайтындағы (www.ksu.kz) элективті пәндер каталогының көмегімен жүзеге асырылады.

  14. Оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі шығарушы және қызмет көрсетуші кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:

  • пән бойынша ОӘК;

  • оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша дәрісханалық жұмысқа арналған материалдар, оның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспары, т.с.с.;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттығушы тесттер, бақылау тапсырмалары, әрбір пән бойынша емтихан сұрақтары;

  • іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, сонымен қатар іс-тәжірибенің барлық түріне арналған жоспарлар мен бағдарламалар;

  • дәрістердің элективті курсы.

15. Студенттерді бір курстан екінші курсқа академиялық ауыстыру бекітілген орташа өту балымен жүзеге асырылады (GPA).

16. Қайта оқу курсы қажетті кредит санын жинамаған студенттерге ұсынылады.

17. Қайта оқу курсын қаржыландыру тек студенттердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

18. Сырттай оқу бөлім студенттері кредиттік технология және қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқиды.

19. Академиялық кезеңдер академиялық күнтізбемен бекітіледі.

20. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған виртуалды сабақтар желілік кеңес беру мен виртуалды сабақтар кестесімен бекітіледі.

21. Сырттай оқу бөлімінің студенттері мен тьюторлары виртуалды сабақтарда ЭЕМ-ге арналған «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасымен жұмыс істейді.

22. «Факел–1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасына кіру үшін дербес логиндерді қолдану және білім беру үдерісіне қатысушылардың паролі арқылы жүзеге асырылады.






СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Студенттерге қолдау көрсету қызметтері (бас оқу ғимаратында орналасқан, жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін):

Оқу-әдістемелік басқарма (ОӘБ): 219 кабинет, телефон 8(7212)77-04-23, 77-03-97, е-mail: umu.kargu@ksu.kz. ОӘБ университеттің оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды, оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді жүзеге асырады.

Көптілді білім беруді дамыту орталығы (КБДО): 204 кабинет, телефон 8(7212)77-04-13, e-mail: foreign_lang@ksu.kz. КБДО Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да көптілді білім беру үдерісін басқаруды жүзеге асырады.

Инновациялық білім беру бөлімі: 214, 216 кабинет, телефон 8(7212)77-03-69 (доб. 1040), е-mail: ied@ksu.kz. Инновациялық білім беру бөлімі ОӘБ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды іске асырады.

Студенттік бөлім: 215, 217 кабинет, телефон 8(7212)77-04-18, е-mail: stdep@ksu.kz. Студенттер контингентінің қозғалысын есепке алады және бақылайды (ауысулар мен қайта қабылдау). Студенттік бөлім қажеттілігіне қарай академиялық анықтама, дипломдардың, аттестаттардың, сертификаттардың мемлекеттік білім грантын беру және МАБ жөніндегі куәліктердің, анықтамалардың көшірмелерін, дипломдардың, сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің телқұжаттарын береді, сұрау бойынша студенттердің жеке істерін ұсынады.

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі (БСБМБ): 220 кабинет, телефон 8(7212)77-01-26, e-mail: monitoring@ksu.kz. Мемлекеттік аралық бақылауға (МАБ) дайындықты және оны өткізуді жүзеге асырады, студенттер үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізеді, студенттерге әлеуметтік сауалнама ұйымдастырады.

Ғылыми кітапхана: телефон 8(7212)77-04-16, е-mail: rootlib@ksu.kz. Кітапхананың жұмысы туралы ақапарат (www.library.ksu.kz) Web-сайтында орналасқан, онда электрондық каталог, мерзімді басылымдар бюллетені және студенттерге қажетті басқа да ақпараттар бар.

Инновациялық-технологиялық орталық: 233 кабинет, телефон 8(7212)77-04-25, e-mail: itc@ksu.kz, aldaberge@mail.ru. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, ғылыми конференциялар, көрмелер, конкурстар, олимпиадалар дайындығы мен өткізуді, ғылыми мақалалар жинақтарын шығаруды жүзеге асырады.

Стратегиялық даму және халықаралық қызметтестік орталығы (СДХҚО): 231 кабинет, телефон 8(7212)77-04-22 e-mail: sdicc@ksu.kz. Халықаралық қызметті іске асырады, ҚР және шетелдердегі білім жүйелері мен құрылымдарындағы жұмыс үрдістерін, түрлері мен әдістерін зерттейді. СДХҚО-да Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы жөніндегі толық ақпаратты алуға болады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы (ЖООКББ): 234 кабинет, телефон 8(7212)77-01-36, e_mail: upo@ksu.kz. Магистратура, докторантура аясындағы оқу үдерісін ұйымдастыруды басқарады.

Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК): 103 кабинет, телефон 8(7212)77-03-90, e-mail: kdm@ksu.kz. Жатақханалардың студенттік кеңестерінің, факультеттердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің, клубтардың, студенттік қоғамдық бірлестіктердің, үйірмелердің жұмысын басқарады. ЖІК жанында студенттік парламент, ұлтаралық мәдени орталық, баспасөз клубы, «Қауымдасқан студенттер» атты пікірталас клубы, пікірсайыс клубы, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық клуб, «СҚЖ» студенттік құрылыс жасақтары, еңбек биржасы қызмет етеді.

Студенттер мәдениет сарайы (СМС): бас ғимарат, телефон 8(7212)77-03-93. СМС – заманауи дыбыс аппараттарымен жабдықталған, жайлы студенттік кафетерийі, дыбыс жазу студиясы, хореографиялық залдары, дайындық бөлмелері, 514 орындық залы бар бірегей сәулет туындысы. СМС жанында 18 шығармашылық ұжым қызмет етеді: «Жарқын» халық би ансамблі, «Сарын» фольклорлық ансамблі, «Шабыт» ақындар клубы, «Әуен» вокалдық тобы, эстрадалық ән айту студиясы, студенттік драма театры және т.б.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы (МЖОО): 113 кабинет, телефон 8(7212)77-03-85, e-mail: zentr_kit@ksu.kz. Түлектерге түйін құрастыру бойынша, жұмыс берушілермен әңгімелесуден өту бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетеді, түлектердің Мансап күнін өткізеді, кәсіпорындардың, фирмалар мен ұйымдардың тұсаукесерін ұйымдастырады, «Түлектер» мәліметтер банкін құрады.

Студенттер жұмыс жөніндегі бухгалтерия: 211 кабинет, телефон 8(7212)77-03-94. Студенттердің оқу ақысы үшін ақшалай қаражаттың келіп түсуі мен қозғалысы бойынша есептік қызметті, сонымен қатар стипендия төлеуді жүзеге асырады.

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі (ҚҚжІАБ): 226 кабинет, телефон 8(7212)77-03-65. университеттің қызметін реттейтін заңнаманы қолдану, ҚР азаматтары және шетелдік азаматтар үшін білім қызметтерін көрсету шарттарын жасау мәселелері бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді, университетке түсушілермен және білім алушылармен кездесулер өткізу арқылы студенттердің құқықтық санасын қалыптастырады. Сенім телефондары: 8(7212)77-03-65, 77-04-07.

Тұрғын үй-тұрмыстық кешені:

Университетте 6 студенттік жатақхана қызмет етеді:

- №1, 2 жатақханалар – телефон: 8(7212)77-00-10, мекен-жайы: Университет к-сі, 14/1;

- №3, 4 жатақханалар – телефон: 8(7212)77-00-58, мекен-жайы: Университет к-сі, 16/1;

- №5 жатақхана – телефон: 8(7212)77-04-41, мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

- №6 жатақхана – телефон: 8(7212)77-04-43, мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

Университеттің студенттік емханасы, санаторий-профилакторийі бар. Телефон: 8(7212)77-04-29 (бас дәрігер), 8(7212)77-04-29 (вахта), мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1б.

Барлық оқу ғимараттарында медициналық пункттер, буфеттер, асханалар (1, 4, 6 оқу ғимараттары) бар; «Университет» асханасы қызмет етеді (мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1).

ҚарМУ-дың студенттік тұрмыстық кешені бар, онда монша, кір жуатын жер, сауна, телефон: 8(7212)77-00-22, сонымен қатар кондитерлік цех жұмыс істейді, телефон 8(7212)77-04-06.

Студенттерді қолдау қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады:

Ректор – Көбеев Еркен Қинаятұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212) 77-03-89, e-mail: rector@ksu.kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Бірінші проректор - Жұмашев Рымбек Мұратұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-03-86, e-mail: zhumashev@ksu.kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Оқу ісі жөніндегі проректор - Каргин Серғали Төлеубекұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-00-54, e-mail: kargin@ksu.kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, 222 кабинет).

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор - Бүркеев Мейрам Жүнісұлы, химия ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-00-32, e-mail: m_burkeev@ksu.kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор - Кентбек Салауат Қамшыбайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, телефон 8(7212)77-04-07, e-mail: kentbekov@ksu.kz, (1 оқу ғиамараты, Университет к-сі, 28, 223 кабинет).


ФАКУЛЬТЕТТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ
Биология-география факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 3 оқу ғимараты.

Декан – Айтқұлов Айдар Мұратұлы, биология ғылымдарының кандидаты; телефон 8(7212)77-00-69, e-mail: fiziokar@ yandex.ru, № 311 кабинет.

Кафедрлары:

- физиология (№ 211 дәрісхана);

- география (№ 413 дәрісхана);

- ботаника (№ 301 дәрісхана);

- зоология (№ 408 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі - Еселханова Гүлжайна Әбдіғасенқызы, биология ғылымдарының кандидаты; телефон: 8(7212)77-00-69, № 311, 408 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

050113 – Биология;

050607 – Биология;

050116 – География;

050609 – География;

050608 – Экология.


Шетел тілдері факультетіҚарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 9 оқу ғимараты.

Декан – Жетпісбаева Бахытгүл Асылбекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон 8(7212)77-04-13, e-mail: foreign_land@ ksu.kz, № 301 кабинет.

Кафедрлары:

– ағылшын тілін оқыту әдістемесі (№ 216 дәрісхана);

- неміс және француз тілдерінің теориясы мен практикасы (№ 306 дәрісхана);

– ағылшын тілінің теориясы (№ 308 дәрісханасы);

– жаратылыстану факультеттеріндегі шетел тілдері (№ 214 дәрісхана);

– гуманитарлық факультеттердегі шетел тілдері (№ 204 дәрісхана, 10 оқу ғимараты).



Кеңсе-тіркеушісі - Махаева Алтынай Қалыққызы; телефон: 8(7212)77-04-13, IP-телефон: 395, е-mail: foreign_lang@ksu.kz,

№ 302 дәрісхана.



Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050119 – Шетел тілі: екі шетел тілі;

050205 – Филология: шетел филологиясы;

050207 – Аударма ісі.



Тарих факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, №3 оқу ғимараты.

Декан – Сақтағанова Зәуреш Ғалымжанқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор; телефон 8(7212)77-04-09, e-mail: zauresh63@mail.ru, № 508 кабинет.

Кафедрлары:

- археология, этнология және отан тарихы (№ 514 дәрісхана);

- бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар (№505 дәрісхана);

- Қазақстан тарихы (№ 507 дәрісхана).



Кеңсе-тіркеушісі – Абдрахманова Қымбат Қазалықызы, телефон 8(7212)770409, e-mail: kimbat_abd@mail.ru, № 508 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050114 – Тарих;

050202 – Халықаралық қатынастар;

050505 – Аймақтану.


Математика факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №2 оқу ғимараты.

Декан - Абдрахманов Нұрлан Ғалымжанұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты; телефон 8(7212)77-03-95, e-mail: www.math.ksu.kz, № 404, 408 кабинет.

Кафедрлары:

  • математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер (№ 309 дәрісхана);

  • профессор Т.Г. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логики және геометрия (№ 305 дәрісхана);

  • механика (№ 521 дәрісхана);

  • қолданбалы математика және информатики (№ 321 дәрісхана);

  • математика мен информатиканы оқыту әдістемесі (№ 304 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі - Нұрланова Баян Мұхамбетқызы, телефон 8(7212)77-03-95, e-mail: b.nurlanova@mail.ru.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050601-Математика;

050109-Математика;

050602-Информатика;

050111-Информатика;

050603-Механика;

050703-Ақпараттық жүйелер.
Кәсіптік-көркем өнер факультетіҚарағанды қ., Карбышев к-сі, 7, № 11 оқу ғимараты.

Декан - Магавин Сәбит Шамильұлы, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент; телефон: 8(7212)77-03-53, e-mail: SabitMagavin@wf.ksu.kz, № 301 кабинет.

Кафедрлары:

– машинатану (№ 116 дәрісхана);

– бейнелеу өнері және дизайн (№ 220 дәрісхана);

– жалпытехникалық пәндер және еңбекке баулу әдістемесі (№ 306 дәрісхана).



Кеңсе-тіркеушісі – Мастеева Қарлығаш Адылханқызы, телефон 8(7212)77-03-53, e-mail - KarligashMasteeva@wf.ksu.kz, № 209 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050107-Бейнелеу өнері және сызу;

050120 – Кәсіби оқыту;

050421 – Дизайн;

050901 – Көлік тасымалын, қозғаласын ұйымдастыру және пайдалану.
Әлеуметтік-педагогикалық факультет – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 9,10 оқу ғимараттары.

Декан - Шкутина Лариса Арнольдовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-04-33, e-mail: arlarisa@yandex.ru , № 201/9 кабинет.

Кафедрлары:


  • мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындықтың теориясы мен әдістемесі (№ 217/9 дәрісхана);

  • бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (№ 208/9 дәрісхана);

  • педагогика (№ 319/9 дәрісхана);

  • әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика (№ 303/10 дәрісхана);

  • әлеуметтік бейімделу және педагогикалық түзету (№ 304/10 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Абылайхан Салтанат Мұратханқызы, телефон: 8(7212)77-04-33, e-mail: saltok_jan@mail.ru, № 211/9 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050101 – Мектепке дейінгі оқыту жән тәрбиелеу;

050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

050103 – Педагогика және психология;

050105 – Дефектология;

050905 – Әлеуметтік жұмыс;

050906 – Мәдени-бос уақыт жұмысы.
Физика факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 2 оқу ғимараты.

Декан – Сәулебеков Арман Ормашұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, доцент; телефон 8(7212)77-04-03, e-mail physics@ksu.kz, № 202 кабинет.

Кафедрлары:

- жалпы және теориялық физика (№ 201 дәрісхана);

- профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы (№ 316 дәрісхана);

- конденсатталған күй спектроскопиясы (№ 418 дәрісхана);

- радиофизика және электроника (№ 522 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі - Қарабекова Дана Жылқыбайқызы, телефон: 8(7212)77-04-03, e-mail: physics@ksu.kz, № 209 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050110 – Физика (жалпы білім беретін);

050604 – Физика (жаратылыстану);

050716 – Құрал жасау;

050717 – Жылу энергетикасы;

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

050723 – Техникалық физика;

050731 – Өмір қызметінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.


Дене мәдениеті және спорт факультеті –Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 7 оқу ғимараты.

Декан - Рамашов Нұрманбек Рамашұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор; телефон 8(7212)77-04-34, е-mail: nurmambek-ramash@mail.ru, № 202 кабинет.

Кафедрлары:

- дене мәдениеті мен спорттық медицинаның теориясы мен әдістемесі (№ 200 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

- бастапқы әскери дайындық (№ 209 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

- спорттың циклдік түрлері және спорттық ойындар (№ 12 оқу ғимараты);

- жалпы дене дайындығы (бас ғимарат).

Кеңсе-тіркеушісі - Ахметжанова Ұлмекен Андинәбиқызы; телефон: 8(7212)77-04-34, е-mail: Ulmeken 86@rambler.ru, № 103 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050108 – Дене мәдениеті және спорт

050104 – Бастапқы әскери дайындық
Филология факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, №8 оқу ғимараты.

Декан - Әбдуов Мұхамметқали Ілиясұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-04-32, е-mail: abduov_m@mail.ru, № 210 кабинет.

Кафедрлары:

- қазақ тіл білімі (№ 209 дәрісхана);

- қазақ әдебиеті (№ 217 дәрісхана);

- журналистика (№ 220 дәрісхана);

- классикалық және орыс филологиясы (№ 221 дәрісхана);

- қазақ тілінің практикалық курсы (№ 224 дәрісхана);

- орыс тілі мен әдебиетінің әдістемесі және практикасы (№ 407 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі - Ажарбекова Эльвира Нәсіпқұлқызы, телефон: 8(7212)77-04-34, № 210 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050117 –- Қазақ тілі мен әдебиеті;

050118 – Орыс тілі мен әдебиеті;

050205 – Филология;

050504 – Журналистика.
Философия және психология факультетіҚарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 8 оқу ғимараты.

Декан - Сабирова Райхан Шайхышқызы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212)77-03-88, № 312 кабинет.

Кафедрлары:

- психология (№ 317 дәрісхана);

- философия және мәдениет теориясы (№ 315 дәрісхана);

- саясаттану және әлеуметтану (№ 313 дәрісхана, телефон 8(7212)77-03-73).



Кеңсе-тіркеушісі - Ермекбаева Анна Шапиковна, телефон 8(7212)77-03-88, е-mail: bakir72@mti.ru, № 312 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050503 – Психология;

050502 – Саясаттану;

050501 – Әлеуметтану;

050201 – Философия;

050204 – Мәдениеттану;

050206 – Дінтану.
Химия факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 4, № 6 оқу ғимараты.

Декан – Тәжбаев Еркебұлан Мұратұлы, химия ғылымдарының докторы, доцент, телефон: 8(7212)77-03-74, е-mail: tazhbaev@mail.ru, № 307 кабинет.

Кафедрлары:

- органикалық химия және полимерлер (№ 20 дәрісхана);

- химиялық технология және экология (№ 210 дәрісхана);

- анорганикалық және техникалық химия (№ 310 дәрісхана);

- физикалық және аналитикалық химия (№ 410 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Сұлтанова Лилия Минулловна, телефон: 8(7212)77-03-74, е-mail - Sultanova-Liliya@mail.ru, № 307 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

050112 – Химия;

050606 – Химия;

050720 – Анорганикалық заттардың химиялық технологиялары;

050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы.
Экономика факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 1 оқу ғимараты.

Декан – Есенгелдин Бауыржан Сатыбалдыұлы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212)77-03-58, е-mail: yessen_baur@inbox.ru, № 308 кабинет.

Кафедрлары:

– бухгалтерлік есеп және аудит (№ 303 дәрісхана);

– маркетинг (№ 317 дәрісхана);

– менеджмент (№ 314 дәрісхана);

– қаржы (№ 320 дәрісхана);

– экономика және халықаралық бизнес (№ 421 дәрісхана);

– экономикалық теория (№ 448 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Қалықов Абай Қобландыұлы, экономика ғылымдарының кандидаты; телефон: 8(7212)77-03-58, е-mail: kalykov_abay@inbox.ru , № 310 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

050115 – Құқық және экономика негіздері;

050506 – Экономика;

050507 – Менеджмент;

050508 – Есеп және аудит;

050509 – Қаржы;

050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;

050511 – Маркетинг;

050902 – Туризм;

050904 – Тұрмыстық қызмет және сервис;

050908 – Бағалау.
Заң факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №1 оқу ғимараты.

Декан – Қожахметов Ғалым Зейнекенұлы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор; телефон: 8(7212)77-03-91; № 332 кабинет.

Кафедрлары:

- мемлекет және құқық теориясы мен тарихы (№ 324 дәрісхана);

- азаматтық және еңбек құқығы (№ 326 дәрісхана);

- қылмыстық құқық және криминология (№ 427 дәрісхана);

- қылмыстық процесс және криминалистика (№ 327 дәрісхана);

- конституциялық және халықаралық құқық (№ 333 дәрісхана).



Кеңсе-тіркеушісі - Тұрғанбаева Сәуле Маратқызы, телефон: 8(7212)77-03-91, е-mail: sturganbaeva@mail.ru, № 329 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

050301-Юриспруденция;



050302-Халықаралық құқық.



Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ 1


  1. Жалпы ережелер

1.1. Ішкі тәртіптің осы Ережелері (бұдан әрі - Ереже) ҚР БҒМ РМҚК «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі» (бұдан әрі - Университет) еңбек және оқу тәртібін регламенттейтін негізгі жергілікті нормативтік акт болып табылады.

Университет қызметкерлеріне қатысты бұл Ережелер қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару тәртібін, еңбек шарты тараптарының құқықтық жағдайларын, жұмыс уақытын, демалыс уақытын, қызметкерлерге мадақтау және шара қолдануды, сонымен қоса еңбек қатынастарының басқа да мәселелерін анықтай отырып, ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережелері болып табылады.

1.2. Еңбек және оқу тәртібі – бұл еңбек/оқу үдерісіндегі сияқты Университет аумағында, яғни Университетке тиесілі ғимараттарда, құрылыстарда, бөлмелерде, жер телімдерінде және басқа да нысандарда болған кезеңдегі қызметкерлер мен білім алушылардың тәртіп ережелері.

1.3. Осы Ережелер таралатын Университет қызметкерлерінің қатарына Университетте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін және профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және бекітілген тәртіпте тағайындалатын, немесе белгілі бір мамандық, кәсіп бойы нша жұмыс атқаратын, немесе белгілі бір жұмыс түрін істеуге жалданған штаттық кесте бойынша басқа да қызметкерлер жатады.

1.4. Осы Ережелер таралатын білім алушыларға Университеттің негізгі және қосымша білім бағдарламалары бойынша оқу үшін Университетке білім алушылар, студенттер, тыңдаушылар, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және ізденушілер ретінде қабылданған, соның ішінде ақылы негізде білім алатындар да жатады. Егер басқалары заңнамада, Университет Жарғысында, басқа да жергілікті нормативтік актілерде қарастырылмаған болса, білім алушылардың барлық топтары тең құқылы және оларға тең міндеттер жүктеледі. Ақылы негізде білім алатын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттері тиісті оқу келісімшарттарымен белгіленеді.

1.5. Университет әкімшілігі ректордың немесе ол бекіткен өкілетті тұлғаның тарапынан Университет қызметкерлеріне қатысты жұмысқа қабылдаушы ретінде, сонымен қоса оқу үдерісін ұйымдастырушы және бақылаушы тұлға ретінде болады.

1.6. Университет қызметкерлерінің еңбек қызметі Университет Жарғысында бекітілген мақсаттарға жетуге және міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Университет қызметкерлері мен әкімшілігінің олардың оқу, ғылыми және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері еңбек туралы, білім туралы нормативтік актілермен, Университет Жарғысымен, осы Ережемен және басқа да жергілікті нормативтік актілермен, сонымен қоса жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымы және білім алушылар (бұдан әрі – Ұжымдық келісімшарт) арасындағы келісімшартпен және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы келісімдермен анықталған.

1.7. Университеттегі білім беру білім алушылардың тиісті білім бағдарламасының мазмұны болып табылатын кәсіби дағдыларды және кәсіби білімді толық меңгеруіне бағытталған. Университеттегі білім алушының құқықтық мәртебесінің негізін білім туралы заңнамада, Университеттің Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелерінде, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінде бекітілген оның құқықтары мен міндеттері құрайды.

1.8. Еңбек және оқу тәртібі Университет әкімшілігінің қалыпты жоғары өндірісті жұмыс, еңбек және оқу міндеттерін саналы орындау үшін дәлелдеу, тәрбиелеу әдістерімен, сонымен қоса адал еңбегі және оқуы үшін мадақтаулар арқылы қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі. Тәртіпті бұзушыларға тәртіптік шаралар қолданылады.

1.9. Ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қоса оған енгізілген барлық өзгертулер мен толықтыруларды ректор бекітеді.

1.10. Бұл Ережелер Университет құрамына кіретін барлық құрылымдық бөлімшелер үшін бірыңғай және міндетті болып табылады. Еңбек заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жұмыскерлердің жеке тоаптарының жұмыс уақыты мен демалыс уақытының жұмыс тәртібі ерекшеліктеріне байланысты Университеттің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде осы Ережелерге қарама-қайшы болмайтын ішкі тәртіп ережелері әзірлене алады. Жекелеген құрылымдық бөлімшелердің аталған ішкі тәртіп ережелерін жұмыскерлер мен білім алушылардың өкілетті органдарының пікірін есепке ала отырып, Университет әкімшілігі бекітеді.

1.11. Университеттің ішкі тәртіп ережелері еңбек және оқу трәтібін нығайтуды, жұмыс және оқу уақытын тиімді қолдануды, оқу үдерісінің сапасын арттыруды мақсат етеді.

1.12. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға байланысты барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес берілген құқықтар аясында Университет әкімшілігі шешеді.


2. Университет қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі
2.1. Қызметкерлер Университетпен ректор немесе ол бекіткен өкілетті тұлға тарапынан еңбек шартын жасау жолымен өздерінің еңбекке құқықтарын жүзеге асырады. Еңбек келісімшартының шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен, заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, Ұжымдық келісімдермен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатпауы қажет және онда құқық пен кепілдіктің деңгейін төмендететін шарттар болмауы керек.

2.2. Еңбек келісімшартын жасау үшін келесі құжаттар қажет:

1) жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;

2) азаматтығы жоқ тұлғалардың тұруға рұқсат қағазы немесе жеке бас куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

3) тиісті білім мен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек келісімшартын жасау кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бар екендігін растайтын құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) әскери тіркеуге алу құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақыртылуға жататын тұлғалар үшін);

6) алдын-ала медициналық тексерістен өту туралы құжат (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес осындай тексерістен өтуге міндетті тұлғалар үшін);

7) салық төлеушінің тіркеу номері мен әлеуметтік жеке код номерін беру туралы куәліктердің көшірмелері.

2.3. Университетте профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер лауазымдары қарастырылған.

2.4. Азаматтық қызметкер лауазымына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2.5. Үздіксіз оқу үдерісін сақтау мақсатында бір оқу жылынан артық емес мерзімге қос қызметтілік бойынша жұмысқа қабылдау кезінде азаматтық қызметкер лауазымын атқаруға Университетте конкурс бойынша іріктеусіз тиісті лауазымды атқаруға еңбек шартын жасауға рұқсат беріледі, ал заңға сәйкес жұмыс орны сақталатын уақытша жұмыста жоқ қызметкердің жұмысын атқаруға қабылдау бойынша еңбек шарты негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін жасалады.

2.6. Қызметкер Университетте (ішкі қос қызметтілік) және (немесе) басқа жұмыс берушіде (сыртқы қос қызметтілік) негізгі жұмыстан бос уақытында басқа үнемі төленетін жұмыс атқару туралы еңбек шартын жасауға құқылы. Қызметкерлер Университет әкімшілігін қос қызметтілік бойынша жұмыс орны, жұмыс көлемі және атқаратын лауазымы жөнінде міндетті хабардар еткен жағдайда ғана басқа жұмыс берушіде заңмен бекітілген тәртіпте қос қызметтілік бойынша жұмыс атқара алады.

2.7. Жұмысқа қабылдау университет ректорының бұйрығымен ресімделеді, ол қызметкерге қол қою арқылы беріледі.

2.8. Жұмысқа қабылдау кезінде Университет әкімшілігі қызметкерді осы Ережелермен, қызметкердің еңбек қызметіне қатысты басқа да Университеттің жергілікті нормативтік актілерімен (соның ішінде тиісті құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықпен, еңбекті қорғау нқұсқаулығымен, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерімен де) және Ұжымдық келісімшартпен таныстыруға міндетті.

2.9. Еңбек келісімшартын тоқтату еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

2.10. Қызметкер өзінің еңбек шартын бұзатыны туралы Университет әкімшілігін алдын-ала ескертуі керек. Ескерту мерзімдері еңбек заңнамасымен анықталады. Аталған мерзімдерді есептеу жазбаша түрде тиісті өтініш берген күннен кейінгі күннен басталады. Ескерту мерзімінің аяқталу күні соңғы жұмыс күні, яғни жұмыстан шығу күні болып табылады. Егер ескерту мерзімінің соңғы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда одан кейінгі жұмыс күні соңғы болып есептеледі.

2.11. Мерзімді еңбек шарты әрекет ету мерзімі аяқталғанда бұзылады. Университет әкімшілігі оның еңбек шарты мерзімінің аяқталатыны туралы жазбаша түрде жоқ қызметкердің міндетін атқару уақытына жасалған мерзімді еңбек шартының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайлардан басқа жағдайларда жұмыстан шығаруға үш күнтізбелік күн қалғаннан кешіктірмей ескерту керек.

2.12. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты ескерту мерзімі өткенге дейін тоқтатыла алады. Еңбек шартының тоқтатылуы университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.

2.13. Қызметкердің талабы бойынша Университет әкімшілігі оған аталған бұйрықтан тиісті түрде расталған үзінді беруге міндетті. Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықты қызметкердің назарына жеткізу мүмкін мес немесе қызметкер онымен қол қойып танысудан бас тартқан жағдайларда бұйрыққа тиісті жазба жазылады.

2.14. Қызметкер тиісті міндеттерді орындағаннан кейін жұмыстан шығару күні әкімшілік қызметкерге жұмыстан шығару туралы жазба жазылған оның еңбек кітапшасын тапсырып және онымен есеп айырысуы керек.

3. Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері
3.1. Еңбек заңнамасында, білім туралы заңнамада, Университет Жарғысында, осы Ережелерде, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінде, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінде, лауазымдық нұсқаулықтарда, еңбек шартында бекітілген міндеттерді орындау.

3.2. Дұрыс және адал ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін – Университеттегі тәртіп негізін сақтау, Университет әкімшілігінің өкімдерін уақытында және нақты орындау, барлық жұмыс уақытын өндірісті еңбекке пайдалану.

3.3. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы және өртке қарсы күзет бойынша, тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған талаптарды сақтау.

3.4. Адам өміріне немесе денсаулығына, Университет мүлкінің сақталуына зиянды жағдайлардың пайда болуы, сонымен қоса қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін немесе қиындық туғызатын басқа да жағдайлар (апат, басқа да төтенше жағдайлар) туралы Университет әкімшілігіне, немесе тікелей басшылығына хабарлау және оларды жою үшін қажетті шаралар қолдану.

3.5. Университеттің интеллектуалдық меншігіне қатысты оның заңмен қарастырылған барлық құқықтарын сақтау.

3.6. Жұмыс жабдықтарын, тхника мен құралдарды жарамды жағдайда сақтауға, өз жұмыс орнында тазалықты сақтауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың бекітілген тәртібін ұстануға.

3.7. Университет мүлкін қорғауға, жабдықтар мен техниканы тиімді пайдалануға, құралдарға, өлшеу құрылғыларына, арнайы киімдерге және басқа да қызметкерлердің қолдануына берілетін заттарға ұқыпты болуға. Шикізаттар, материалдар, энергия, отын және басқа да материалдық ресурстарды ұқыпты және тиімді шығындау. Университетке үдеріс уақытында немесе еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты материалдық шығын келтірген жағдайда қызметкер еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартылады. Басқа жағдайларда шығын азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіпте өтеледі.

3.8. Өзін-өзі дұрыс ұстау, басқа қызметкерлерге оалрдың еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді жасамауға, Университеттегі қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды сақтауға, Университеттің іскерлік мәртебесіне нұсқан келтірмеуге, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға.

3.9. Университетте оқытушылық қызметпен айналысатын қызметкерлер, сонымен қатар міндетті:

- оқу, әдістемелік жұмысты орындауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және білім алушылардың өздік оқу және ғылыми жұмыстарын бақылауға;

- педагогикалық және ғылыми үдерістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге, білім алушылардың терең білім алуына себептесуге;

- білім алушылардың бойында таңдаған дайындық бағыттары (мамандықтары) бойынша кәсіби сапаларын қалыптастыру;

- білім алушыларда өз бетімен жұмыс істеуді, бастамашыл болуды, шығармашылық қасиеттерді дамытуға;

- Университет беделін сақтау және арттыру жөнінде қам жеуге;

- өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі арттырып отыруға, Университетте бекітілген формаларға сәйкес бес жылда бір реттен кем емес өзінің біліктілігін арттыруға;

- Университеттің рухани құндылықтарына ұқыппен қарауға;

- ғалымдар ортасында жалпы қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды ұстануға.

3.10. Әрбір қызметкердің өзінің мамандығы немесе лауазымы бойынша орындайтын міндеттерінің шеңбері лауазымдық нұсқаулықтармен және ережелермен анықталады.

3.11. Жұмысқа келмеген жағдайда қызметкер мүмкіндігіне қарай Университеттің әкімшілігін жұмыс орнында болмауының себебі туралы хабардар етуге және жұмысқа келген алғашқы күні жұмыста болмау себебін түсіндіретін бекітілген үлгідегі құжат (медициналық анықтама, шақыру қағаздары, түсініктеме және т.б.) ұсынуға міндетті.
4. Әкімшіліктің негізгі міндеттері.
4.1. Еңбек заңнамасымен және білім, ғылыми және өндірістік қызметті ұйымдастыру және қамтамасыз ету саласындағы білім және ғылым туралы заңнамамен Университетке жұмыс беруші және білім беру мекемесі ретінде жүктелген міндеттердің барлығын орындауға.

4.2. Профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер жұмысының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

4.3. Денсаулық пен қауіпсіз еңбек жағдайларын, жабыдқтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.4. Университеттің қаржылық қаражаттары аясында білім үдерісін, бөлмелерді жабдықтармен материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтауды жүзеге асыру.

4.5. Білім үдерісінің тиісті әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін шаралар қолдану. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу пәндерінің бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету.

4.6. Университетте бекітілген тәртіп бойынша келесі оқу жылына арналған Университет оқытушыларының педагогикалық жүктемелерінің көлемі мен бөлінуін бекіту.

4.7. Оқу жылының немесе басқа оқу кезеңінің басталуына дейін бір апта қалғаннан кешіктірмей оқытушыларға және білім алушыларға олардың сабақ кестелерін хабарлау.

4.8. Алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен мастанған күйдегі қызметкердің (білім алушының) жұмысқа (оқу сабақтарына) кіруіне рұқсат бермеу.

4.9. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау, зиянды (аса зиянды), қауіпті, ауыр еңбек жағдайларымен жұмыс орындарын анықтау мақсатында жұмыс орындарына үнемі аттестаттау өткізуді қамтамасыз ету; зиянды еңбек жағдайларына байланысты уақытында жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

4.10. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қажетті шаралар қолдану, оқыту өткізу және қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздік техникасы, өндірістік гигиена және еңбек гигиенасы, орт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың барлық талаптарын білуін және олардың сақталуын үнемі қадағалау.

4.11. Бөлмелердің, жылу, жарық, желдеткіш жүйесінің, жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.12. Университет қызметкерлеріне еңбекақыны айына бір реттен сирек емес мерзімде төлеуді қамтамасыз ету.

4.13. Университеттің білім алушыларына стипендияны белгіленген мерзімдерде төлеуді қамтамасыз ету.

4.14. Бекітілген демалыс кестелеріне сәйкес Университет қызметкерлерінің барлығына уақытында демалыс беру.

4.15. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлері біліктіліктерінің жүйелі түрде арттырылуын қамтамасыз ету.

4.16. Ұжымда іскер, шығармашылық қарым-қатынастың орнауына себептесу, қызметкерлердің бастамасы мен белсенділігін барынша қолдау және дамыту; Университеттің және оның бөлімшелерінің қызметін жақсарту, беделін сақтау және арттыру бойынша қызметкерлердің ұсыныстарын уақытында қарастыру.

4.17. Университет басшылығы қызметкерлер мен білім алушылар үшін жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыттарын бекітеді.


  1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

5.1. Жұмыс уақыты дегеніміз қызметкердің осы Ережелерге және еңбек келісімшартының шарттарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауы қажет уақыт, сонымен қоса заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс уақытына жататын басқа да уақыт кезеңдері.

5..2. Әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан артық емес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

5.3. Профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағатты құрайды.


5.4. Қызметкерлерді Университет басшылығының бастамасымен демалыс және мереке күндері жұмысқа шақыру ерекше жағдайларда еңбек заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.

5.5. Университетте жеке құрылымдық бөлімшелерге және қызметкерлердің жеке топтарына басшылықтың шешімімен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс уақытының ерекше тәртіптері бекітілуі мүмкін.

5.6. Жұмыс уақытының аясында оқытушылар қызметтік міндеттерден, оқу жоспарларынан, оқытушылық қызметті жүргізетін педагогикалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларынан туындайтын оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуі керек.

5.7. Басшылық әр қызметкердің жұмыс уақытының есебін ұйымдастыруға міндетті. Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы астрономиялық сағатпен есептеледі.

5.8. Университет қызметкерінің жұмысқа келмеген жағдайында құрылымдық бөлімше басшысы оны басқа қызметкермен алмастыру бойынша шаралар қабылдау керек.

5.9. Университет басшылығының бастамасы бойынша жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегінен тыс қызметкерлерді жұмысқа тарту еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жүзеге асырылады.

5.10. Университет қызметкерлеріне жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыс беру негізі мен тәртібі, ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және мемлекеттік билік органдарының басқа да нормативтік актілерімен, Университет Жарғысымен, осы Ережелермен, Ұжымдық келісімшартпен және Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерімен анықталады.

5.11. Қызметкерге отбасылық жағдайларына және басқа да себепті жағдайларға байланысты, оның өтініші бойынша, Университет ректорының рұқсатымен ақысыз демалыс берілуі мүмкін, ол ректордың бұйрығымен ресімделеді.




  1. Жұмыстағы табыстары үшін мадақтау

6.1. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмысты орындаудың жоғарғы сапасы, соның ішінде ерекше қиындықты және жедел жұмыстарды орындағаны үшін, бастамасы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін

Қызметкерлер мадақтала алады:

- ақшалай сыйақымен;

- алғыс жариялаумен;

- құрмет грамотасымен.

6.2. Ұжымдық келісімшартпен мадақтаудың басқа да шаралары қарастырыла алады.

6.3. Мадақтауды университет әкімшілігі қолданады. Мадақтаулар бұйрықта жарияланып, қызметкер назарына жеткізіледі және қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.




  1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін шара қолдану

7.1. Қызметкердің еңбек тәртібін бұзғаны, сонымен қоса құқыққа қарсы айыпты орындамағаны немесе қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік шара қолданылады.

7.2. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыс беруші келесі тәртіптік шараларды қолдануы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.

7.3. Жұмыс беруші тәртіптік шараны жұмыс берушінің акт шығару жолымен қолданады.

7.4. Жұмыс беруші тәртіптік шара қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік шара қолдануға кедергі бола алмайды. Қызметкердің аталған түсініктемені беруден бас тартуы жағдайында тиісті акт жасалады.

7.5. Тәртіптік шара түрін анықтау кезінде жұмыс беруші тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасау жағдайын, қызметкердің оған дейінгі және одан кейінгі тәртібін, оның еңбекке деген көзқарасын есепке алады.

7.6. Тәртіптік шараның әрекет ету мерзімі оны қолданған күнніен бастап 6 айдан аспауы керек.

7.7. Қызметкерге тәртіптік шара қолданған жұмыс беруші өз бастамасы, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының сұрауы, қызметкерлер өкілілінің сұрауы бойынша оның мерзімінен бұрын күшін жоюға құқылы.


  1. Оқу тәртібі

8.1. Университеттің оқу сабақтары белгілі тәртіппен бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.

8.2. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде оқу сабағының қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

8.3. Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар өткізу үшін әрбір курс топтарға бөлінеді. Топ құрамы факультет деканының өкімімен белгіленеді.

8.4. Әрбір топта анағұрлым үлгеруші және тәртіпті студенттер қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей факультет деканына бағынады.

8.5. Топ старостасының қызметіне мыналар енеді:

- студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуының жеке есебі;

- дәріс барысында және басқа да сабақтарда топтағы оқу тәртібінің сақталуын, сонымен қоса оқу жабдықтарының ұқыпты пайдаланылуын қадағалау;

- студенттерді сабақ кестесіне енгізілетін өзгертулер туралы хабардар ету;

- дәрісхананы сабаққа дайындау үшін күн сайын кезекпен топ бойынша кезекші тағайындау.


8.6. Топ старостасы студенттердің оқу сабақтарына қатысуын есепке алу журналын жүргізеді.

8.7. Университетте студенттер білімін бақылаудың келесі түрлерібелгіленеді:

а) аталған пән бойынша ағымдық үлгерім бақылауы (бақылаудың түрлері мен нысандары пәннің оқу бағдарламасымен белгіленеді);

б) аралық аттестаттау (білім бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар мен емтихандар);

в) қорытынды аттестаттау (мемлекеттік білім стандарттарымен қарастырылған қорытынды мемлекеттік емтихан және дипломдық жұмысты қорғау).

8.8. Аралық немесе қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушы Университет Жарғысында бекітілген тәртіпте академиялық үлгерімінің нашарлығы үшін ректордың немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаның бұйрығымен Университеттен шығарылуы мүмкін.

8.9. Білім алушылардың демалысы тиісті білім бағдарламасының оқу жоспарымен белгіленеді.


  1. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

9.1. Университетте білім алушы құқылы:



- мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

- мемлекеттік стандарттан басқа қосымша ақыға қосымша білім қызметтерін алуға;

- кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және пайдалануға;

- студенттік (оқушылық) өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;

- өзінің пікірі мен сенімін еркін жеткізуге;

- өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге.

9.2. Университетте білім алушылар міндетті:

- Университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын орындауға, міндетті оқу сабақтарына қатысуға және пәндердің оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

- білім саласындағы оқу, ғылыми үдерістерді, олардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін реттейтін нормативтік актілер, Университет Жарғысының, осы Ережелердің, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінің, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінің талаптарын орындауға;

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына және Университет Жарғысына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуге. Жеке оқу жоспары бойынша білім алушылар аттестаттаудан Университет факультеттерінің декандары (басқа да бөлімдердің басшылары) бекітетін жеке кесте бойынша өтеді;

- қатысуға міндетті оқу сабақтарына келмеген жағдайда Университет факультетінің (басқа да құрылымдық бөлімше) басшылығын хабардар етуге және сабаққа келегн алғашқы күні қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық анықтамалар, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға;

- Университет мүлкіне ұқыппен қарауға, осы мүліктердің сақталуын қасмтамасыз етуге шаралар қолдануға. Университетке материалдық шығын әкелген жағдайда білім алушылар азаматтық заңнамаға сәйкес оны өтеуге міндетті;

- әскери есеп ережелерін сақтауға;

- білім беру мекемесінің оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарауға;

- тәртіпті болуға, Университет аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға;

- қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсізідігінің ережелерін сақтауға;

- Университетте бекітілген кіру тәртібін сақтауға, соның ішінде өзінің кіру қағазын (куәлігін) басқа тұлғаларға бермеуге және өзі басқа тұлғаға берілген кіру қағазын (куәлікті) пайдаланбауға.

9.3. Университет қызметкерлері мен білім алушыларына Ғылыми кітапханада қызмет көрсету тәртібі мен шарттары Университет ректоры бекіткен Ғылыми кітапхананы пайдалану Ережелерімен және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасы туралы Ережемен анықталады.

9.4. Университетте шылым шегуге тыйым салынады.

9.5. Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттір Университет жатақханаларында тұру ережелерімен және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау келісімшартымен белгіленеді.

9.6. Жақсы үлгерімі, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар белгіленеді:

- алғыс жариялау;

- грамотамен марапаттау;

- бағалы сыйлықпен марапаттау;

- сыйақы беру.

9.7. Дәрісханалық сабақтарды 60 және одан да көп сағат себпсіз босатқаны үшін студент Университеттен шығарылуы мүмкін.

9.8. Оқу тәртібін (соның ішінде себепсіз сабақ босату), Ішкі тәртіп ережелерін (студенттің теріс қылықтар жасауы: сабаққа алкогольдік немесе есірткілік масайған күйде келуі, қоғамдық тәртіпті бұзуы және т.б.), ҚарМУ Этикалық нормалар кодексін және Жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін студентке келесі тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- университеттен шығару.
10. Университет ғимараттарындағы тәртіп
10.1. Университет ғимараттарындағы тәртіп пен қолайлылыққа (жұмысқа жарамды жиһаздың, оқу жабдықтарының болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) проректор, бұл оның міндетіне лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес енеді, сонымен қоса тиісті бөлімшенің басшысы жауап береді. Оқу зертханалары мен кабинеттердегі жабдықтардың жарамдылығы мен оқу құралдарының сабаққа дайын болуына кафедра және зертхана, оқу кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлер, лаборанттар жауап береді.

10.2. Университет аумағында тыйым салынады:

- тиісті бөлімшенің қалыпты жұмыс жасауын қиындататын әрекеттерге;

- шылым шегуге;

- спирттік ішімдіктерді пайдалануға;

- құмар ойындарға;

- мас күйде, алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен масайған күйде келуге;

- жануарлармен келуге (зерттеулік мақсаттардан басқа).

10.3. Университет ғимараттарында сырт киіммен және бас киіммен жүруге тыйым салынады.

10.4. Қызметкерлерді, білім алушыларды немесе басқа да тұлғаларды, сонымен қоса автокөліктерді Университет ғимаратына және аумағына кіргізу тәртібі, сонымен қоса мүлікті Университет аумағында ауыстыру немесе Университет аумағынан тыс жерге шығару тәртібі белгілі тәртіпте бекітілетін Университеттің нысандарында кіргізу тәртібін ұйымдастыру туралы Ережемен, Университет жатақханаларында тұру ережелерімен, сонымен қоса Университеттің Қауіпсіздік қызметінің келісімімен Университет бөлімшелерінде әзірленетін ережелермен анықталады.

10.5. Университет басшылығы оқу орнының күзетілуін, жабдықтардың, мүліктің және басқа да заттардың сақталуын, сонымен қоса оқу және тұрмыстық бөлмелерде қажетті тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті. Мүліктің сақталуына, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық жағдайына лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жекелеген құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ал қажет болған жағдайларда ректордың бұйрығымен тиісті лауазымдық тұлғалар жауап береді.

10.6. Мереке күндері және демалыс күндері, сонымен қоса төтенше жағдайларда тұрғын үй және тұрмыстық ғимараттарды қоса алғанда Университеттің барлық ғимараттарында Университет басшылығы ерекше жұмыс және мүлікті қолдану тәртібін бекітуі, сонымен қоса қызметкерлердің кезекшілік етуі енгізілуі мүмкін. Жұмыстан тыс уақытта бөлімшелерде жоспарланған сабақтар мен жұмыстарды жүргізуді құрылымдық бөлімше басшылары Университет Қауіпсіздік қызметінің бастығымен келіседі және ол ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.



10.7. Оқу ғимараты бөлмелерінің (кафедралар, дәрісханалар, кабинеттер, зертханалар) кілттері оқу ғимараты күзетінің кезекшісінде болуы тиіс және тиісті бөлімшелер қызметкерлеріне қол қою арқылы берілуі керек.




жүктеу 3,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау