Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы «___» ____________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің
жұмыс орны стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
тифлокешен – көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль принтерлері.
2. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар
4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.
5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.
6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:
мүгедектің соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;
көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету;
жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын материалдармен, құралдармен тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері көру қабілетінен толық айырылған мүгедек организмінің ерекшеліктері ескерілген жұмыс аймағының шегінде болады;
көру қабілетінен толық айырылған мүгедек үшін жұмыс процесінің тиімділігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс аймағында қоршаған ортаны сәйкестендіру үшін қосымша жабдықтау (акустикалық, тактильді, визуальды).
7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің кедергісіз өту мүмкіндігін қамтамасыз ету ескеріледі. Сондай-ақ жүріп-тұру жолдарында тактильді бағыттаушы көрсеткіштерді (едендегі және қабырғадағы) монтаждау көзделеді.
8. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнындағы жабдықтар мен жиһаздардың орналасуы, оны жарықтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.
9. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедек үшін жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар:
1-сыныпты микроклимат;
шу 80 децибелден аспайды;
локальды дірілдің болмауы;
ультрадыбыс, инфрадыбыстың болмауы;
зиянды заттар ең жоғары деңгейде рұқсат етілетін мәндер шегінде;
қолдардың тоңып қалуына жол берілмейді.
10. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендермен жабдықталады, олар жұмыс орнындағы бағдар жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.
11. Барлық технологиялық құрылғылар тифлобелгілермен жарықтандырылады, ол мүгедекке оларды көру қабілетін бақылаусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл тифлобелгілер құралды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны радионүктелермен жабдықталады. Егер үй-жайда көру қабілетінен толық айырылған бірнеше мүгедек жұмыс істесе, онда ортақ радиохабар тарату көзі орнатылады.
12. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:
жұмысты көру және есту қабілетін бақылаусыз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған компьютерлік тифлокешендер;
компьютерлермен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.
13. Жұмыс орнын жоспарлау қызметкердің еңбек процесінде ең аз кеңістікте қозғалуын ескере отырып жүзеге асырылады.
14. Қызметкер мен цех ішіндегі көліктің қозғалу жолдары бөлінген. Өндірістік үй-жайлар 3-тен жоғары болмайтын қабатта, тура кіреберісте орналастырылады. Едендер мен баспалдақтарды жабу үшін тайып кетуге қарсы материалдар пайдаланылады. Терезелерге, баспалдақтар мен басқа да бағыттаушы тұтқаларға сақтандыратын кедергілер орнатылады.
Жұмыс аймағы және көзі көрмейтіндердің қозғалу жолдары бағдарлар жүйелерімен («дыбыстық маяктар», санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың кіреберісіндегі жұмыс орындары жабдығындағы, лифтілердегі, дәліздердегі және тағы басқа орындардағы бедерлі жазулар) жарақтандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |