5.4 Конвертерлік болат қорытудың қазақстандық тәжірибесі
Теміртау қаласындағы (Қарағанды облысы) металлургиялық зауыттың оттегілі конвертерлік цехында 300 тонналық 3 ЛД конвертері орнатылған. Конвертер шегенінің жұмыстық қабаты термиялық өңделген периклаз – көміртекті негізді отқатөзімділерден қаланған. Конвертердің негізгі өлшемдері [14]:
– қаптаманың жалпы биіктігі ......................... ... 10625 мм;
– қаптама цилиндрлік бөлігінің диаметрі ......... 8600 мм;
– шегені бойынша конвертердің ішкі диаметрі.. 6610 мм.
Конвертерлік цехта төмен және фосфоры жоғарылау шойыннан төмен, орташа және жоғары көміртекті, коррозияға төзімді, құбырлық, электртехникалық, төмен қоспалы және т.б. болат маркалары қорытылады.
Шикіқұрамдық материалдарға (шойын, скрап, қожтүзгіш материалдар) қойылатын талаптар зауытта қабылданған техникалық шарттарға сәйкес. Жоғары категориялық әкке қойылатын талаптар:Ca090%, SiO22%, MgO3%, S0,04%, P0,02%; қыздыру кезіндегі жоғалтым 7%; реакциялық бейімділік 3% минут. Жұмсақ күйдірілген жоғары категориялық доломитке қойылатын талаптар: CaO58%, MgO35%; қыздыру кезіндегі масса жоғалтымы 3%.
Балқыманы шөмішке ағызып алған соң, конвертерді келесі балқымаға дайындау жұмыстары басталады. Алдыңғы балқыма қожын (70 – 100%) конвертерде қалдырғанда, қожға әк (30% – ға дейін) және доломит салынады. Алдыңғы балқыманың қожынан конвертер қабырғасына гарниссаж жасау көзделсе, әк, доломит, керек болған жағдайда коксик салу арқылы, қожды мына құрамға жеткізеді: CaO40%, SiO221%, FeO12 – 13%, MgO7%. Содан кейін конвертерді вертикаль қалыпқа әкеліп, фурманы 0,91,0 м–ге дейін (тыныш күйдегі металл деңгейінен есептегенде) түсіріп, тазалығы азотты 700 м3/мин шығынмен 7 минуттей үрлейді.
Шеген қабырғасына қождан гарниссаж жасалған соң, 2 совок скрапты (~30%) салып, үстіне шойынды құяды. Скраппен шойынның жалпы салмағы компания басынан шеген төзімділігіне қарай 3255 т. Температурасы 1320–14000С («Positherm» жүйесінің өлшеуіш құралдарымен анықталған) шойынды құйған соң, 4 немесе 5 соплолы фурманы конвертерге түсіріп, техникалық таза оттегіні (99,5%) 1,4 МПа қысыммен үрлеу басталады. 4 және 5 соплолы фурманың межелі қимасы мен бұрышы сәйкес 43; 49 мм және 14; 130.
ЛД конвертерінде болат қорыту бір қожды және екі қожды (аралық қожды ағызу арқылы) үрдіспен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |