ЖЭҚ ты басқару кезінде пайда болатын жүктемелерді – эксплуатациялық жүктемелер деп атаймыз. Олардың бірнеше түрі бар. Жиілікті өзгерту барысында, механикалық тормозды іске қосқанда, генераторды өшіріп және сөндіргенде эксплуатациялық жүктемелер пайда болады. Кез келген жағдайда сипаттамаларды, реакцияларды және жүктемелерді есептеу кезінде жұмыс жүктемелерінің мүмкін болатын өзгеру диапазонын ескеру маңызды. ЖОБАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ ЖҮКТЕУ НҰСҚАЛАРЫ р ЖЭҚ жобалау кезіндегі мақсаты ЖЭҚ өмірлік циклі процесінде туындайтын барлық маңызды жобалық жағдайларды қарастыру болып табылады. ЖЭҚ жобалау кезіндегі мақсаты ЖЭҚ өмірлік циклі процесінде туындайтын барлық маңызды жобалық жағдайларды қарастыру болып табылады. Жүктеудің нұсқалары ЖЭҚ-ты пайдалану процесінде туындайтын мәселелерді ( мысалы, құрастыру, тұрғызу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде туындайтын өзге де жағдайларды) қоршаған орта факторларымен құрамдастыру арқылы айқындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |