12
3) басқа ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми
зертханалар, өзге де зертханалар, басқа да ұйымдар көрсететін, зерттеулерді орындауға
қажетті қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдық жарналар.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды қамтитын (аутсорсинг) басқа да ұйымдар
көрсететін қызметтер жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері бойынша
жұмыстың орындаушыларын және шифрды ашумен ұсынылады;
4) материалдар сатып алу – зерттеулерді жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды
сатып алу.
5) жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу (заңды тұлғалар үшін).
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында
жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау,
оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық
қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны
іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін
ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың балансына береді;
6) ғылыми-ұйымдастырушылықты сүйемелдеу – жарияланымдарды және іске
асырылатын жобаның ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін дайындауға жариялауға шығыстар,
іске асырылатын жоба бойынша алынған нәтижелерді патенттеу; талдау материалдарын сатып
алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтерге арналған шығыстар;
7) егер өтініш беруші жеке тұлға болып табылған жағдайдаүй-жайларды жалға алу;
8) зерттеулерді жүргізу үшін жабдық пен техниканы жалға алу;
9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканы ұстауға
арналған пайдалану шығындары.
Шығыстар құжатының үлгісі
Шығыстар құжатының атауы
2019
жылға
шығыстар,
мың теңге
2020
жылға
шығыстар,
мың теңге
2021
жылға
шығыстар,
мың теңге
Жобаны іске асырудың
барлық мерзіміне
шығыстар
(мың теңге)
Жалақы
Ғылыми іссапарлар
Басқа ұйымдар көрсететін
қызметтер
Материалдар сатып алу
Жабдық пен бағдарламалық
қамтамасыз етуді сатып алу
(заңды тұлғалар үшін)
Ғылыми-ұйымдастырушылық
сүйемелдеу шығыстары
Үй-жайларды жалға алу (жеке
тұлғалар үшін)
Жабдық пен техниканы жалға
алу
Жабдық пен техниканы
пайдалану шығыстары
Қорытынды
5. Зерттеу тобы (1000 сөзден артық емес)
15. Бөлім ғылыми жетекші және жобаның негізгі орындаушылары (бірлесіп
орындаушылары) туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
13
1) түйіндеме және ғылыми негіз (ғылыми жетекшінің және жобаның негізгі
орындаушыларының (бірлесіп орындаушыларының) қысқаша түйіндемесі беріледі және
мәлімделген зерттеудің бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен қандай байланысы бар екені
сипатталады);
2) жобаның ғылыми жетекшісінің жобаның тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары
туралы мәліметтер;
3) қолда бар патенттер және басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер;
4) зерттеу тобының жобаның тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін),
патенттер, авторлық куәліктер және басқа да қорғау құжаттары;
5) жобадағы жұмыстар мен жұмыспен қамту мерзімдерінің сипаттамасы;
6) жобаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының кемінде 70 % жоспарланып отырған
штатының (негізгі персонал) дербес деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші
персонал) грантты алғаннан кейін жобаға тартылады.
6. Зерттеу ортасы (500 сөзден артық емес)
16. Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өтінім берушіде бар материалдық-техникалық базаның сипаттамасы (зерттеу жүргізу
үшін қажетті жабдықтың, аспаптардың, мүкәммалдың, сондай-ақ ғылыми персоналдың бар
болуы);
Өтінім берушіде бар материалдық-техникалық базаны сипаттаудың үлгісі
2) отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың және т.б.)
пайдаланылуы, түсіндірмелермен;
3) негізгі отандық және халықаралық байланыстар, шетелдік ғалымдардың жобаға
қатысуы;
4) жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда), PhD-докторанттардың,
өндірістен инженерлердің жобаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: жобаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және
оның кезеңдерінің ықпал етуі.
7. Күтілетін нәтижелер (250 сөзден артық емес)
17. Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру
(жоба шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжанады ма
және қандай журналда жарияланады);
2) шетелдік басылымдарда кітаптарды/кітаптардағы тарауларды жариялауды жүзеге
асыру;
3) қазақстандық басылымдарда кітаптарды/кітаптардағы тарауларды жариялауды жүзеге
асыру;
4) монографияларды жариялауды жүзеге асыру;
5) шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, америкалық, жапондық) алынған
нәтижелерді патенттеу, басқа да қорғау құжаттарын алу мүмкіндіктері;
Р/с
№
Жабдықтың,
аспаптың
мүкәммалдың
түрі
Жабдықтың,
аспаптың,
мүкәммалдың
арналуы
Моделі және
шығарылған
жылы
Қолда бар
бірліктер
саны
Жай-күйі
(жаңа, жақсы,
нашар)
Меншікті,
жалға алынған
(кімнен)