Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-6 санаты үшін



жүктеу 99,58 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі99,58 Kb.
#17671
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, анықтама телефоны: 8(7232) 24-46-25, 24-48-68, 24-22-84 факс: 8(7232) 24-46-25, 24-22-84, электронды мекенжайы: m.valikhanova@kgd.gov.kz, «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-6 санаты үшін:

жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.     

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы



Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-6

74 954

101 604


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы С-О-6 (2 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Аса қауіпті карантинді аурулар анықталған кезде, жоғары тұрған ұйымдарға бекітілген тәсім бойынша хабарлама береді, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аумақтық МСЭҚД мен өзара бірлескен жедел жұмыс жоспарын құрады, мемлекеттік органдарға санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың қауіпті кезеңдері, санитарлық ережелердің гигиеналық мөлшерін бұзушылықтары туралы дер кезінде хабарлау, аса қауіпті ауру анықталған кезде індетке қарсы шараларды жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға санитарлық гигиеналық нормативті бұзу неге әкеліп соқтыратының түсіндіреді, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық - карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл қағидасына сәйкес бақылаудағы тауарларды қадағалайды және тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды тексереді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилақтикалық іс) саласындағы білім. Ортадан кейінгі гигиена және эпидемиология немесе емдеу ісі білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бахты» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы С-О-6 (1 бірлік – тұрақты, 1 бірлік - уақытша).

Функционалдык міндеттері: Аса қауіпті карантинді аурулар анықталған кезде, жоғары тұрған ұйымдарға бекітілген тәсім бойынша хабарлама береді, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аумақтық МСЭҚД мен өзара бірлескен жедел жұмыс жоспарын құрады, мемлекеттік органдарға санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың қауіпті кезеңдері, санитарлық ережелердің гигиеналық нормативтерін бұзушылықтары туралы дер кезінде хабарлайды, аса қауіпті ауру анықталған кезде індетке қарсы шараларды жүргізеді, жеке және заңды тұлғаларға санитарлық гигиеналық нормативті бұзу неге әкеліп соқтыратынын түсіндіреді, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық - карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл қағидасына сәйкес бақылаудағы тауарларды қадағалайды және тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды тексереді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилақтикалық іс) саласындағы білім. Ортадан кейінгі гигиена және эпидемиология немесе емдеу ісі білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің жетекші маманы С-О-6 (1 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Тауарларды кедендік тазарту және шығаруға байланысты кедендік шекара арқылы кеден бекетінің қызмет аймағында қызметін жүзеге асыратын тіркелген заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік операцияларды жасау кедендік бақылау объектілерін және түрлерін айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылау жүргізеді, тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырады, транзиттік декларацияны тіркеп, кедендік транзиттің мерзімдеріне, кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуына бақылау жүргізіп, белгіленген тәртіпке сәйкес тауарлар мен көлік құралдарына тексеру жүргізеді, жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі Кеден конвенциясына сәйкес ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын бақылайды, ХЖТ кітапшаларын ашады және жабады, ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін қолданады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық немесе экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама) немесе ветеринария саласында. Ортадан кейінгі құқық немесе экономика және бизнес саласында немесе информатика және есептеу техникасы (есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, техник-бағдарламашы, ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) немесе ветеринария саласындағы білім рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасы пост-кедендік бақылау бөлімінің (уақытша негізгі қызметкердің бала жетекші маманы С-О-6 (1 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Тауар және көлік құралдары шығарылғаннан кейін, сыртқы экономикалық қызметті реттейтін кеден және салық заңнамасын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Кеден Одағының Кеден Кодексінің 19 бабына сәйкес кедендік тексерулерді жүзеге асыру; қосымша кедендік төлемдер мен салықтар есептей отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға хабарлама ұсыну; кеден органына келтірілген шағымдар бойынша жауап беруші ретінде сот отырыстарына қатысу және кеден органының мүдделерін қорғау..

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық немесе экономика және бизнес саласында. Ортадан кейінгі құқық немесе экономика және бизнес саласында білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, анықтама телефоны: 8(7232) 24-46-25, 24-48-68, 24-22-84 факс: 8(7232) 24-46-25, 24-22-84, электронды мекенжайы: m.valikhanova@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:



Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.



Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты ( бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде 2016 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 21 желтоқсанды қоса алғанда тапсырылуы тиіс.


Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер дерпартаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 27 үй өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер дерпартаментінің ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның http://www.kgd.gov.kz/. интернет-ресурсына орналастырылады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
жүктеу 99,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау