Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (070004, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35 үй, байланыс телефоны (7232) 26-47-23, Е-mail: vknedra_common@mid.gov.kz, Sh.Argynkanova@mid.gov.kz) «Б» корпусы уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы кезеңіне, еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Барлық минералдық-шикізат түрлері бойынша ақпараттарды жүйелеу, ақпараттық есеп құрастыру және геологиялық ақпарат пакеттерін дайындау, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша ұсынылған материалдардың сапасын тексеру, оларды Кеңесте немесе қорлар жөніндегі өңіраралық комиссиясында қарауға әзірлеу. Жер қойнауын пайдаланушы-кәсіпорындарға бекітілген жер қойнауын ұтымды пайдалану барысын бақылауға қатысу. Барлық пайдалы қазба түрлерінің қорын есептеу материалдарын қарау және Шығыс Қазақстан өңіраралық қорлар жөніндегі комиссияның хаттамаларын рәсімдеу, кең таралған пайдалы қазбаларды әзірлеу және барлау жөніндегі өңіраралық комиссия үшін жобаларды қарау жөніндегі хаттамаларды дайындау, геологиялық тапсырма жобалары мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын жұмыстар бойынша нақты есептерді қарау, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге сынамаларды әкету бойынша материалдарды ресімдеуге қатысу, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын объектілер бойынша дала және камералды жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу және ағымдағы жұмыстарды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар жəне технологиялар» (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау, геофизикалық іздеу əдістері жəне пайдалы қазбалар кен орындарын барлау) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» РММ-қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не vknedra_common@mid.gov.kz, Sh.Argynkanova@mid.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:
өтініш;
3*4 үлгідегі фотосуретімен уәкілетті органмен бекітілген үлгідегі сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi,
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi,
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама,
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі,
құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі),
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру интернет-ресурста жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ШҚО, Өскемен қ., Тохтаров к., 35, 222 кабинетке ұсынылуы қажет.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» РММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |