Конкурс туралы хабарландыру Алматы қаласы Білім басқармасы Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны


Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету



жүктеу 365,5 Kb.
бет2/3
Дата11.01.2020
өлшемі365,5 Kb.
#26310
түріКонкурс
1   2   3

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету



4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша http://www.ped1.kazobr.kz/ интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері http://www.ped1.kazobr.kz/ интернет-ресурста орналастырылады және 2017 жылдың 16 қараша айынан бастап 16 желтоқсан айының сағат 16.00 ғе дейін ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

Алматы қаласы, Шемякин 131.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:

Алматы қаласы, Шемякин 131 үй

Алматы қаласы Білім басқармасы Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі»

Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09-00-дан 16-00 дейін 2017 жылғы 16 желтоқсан айын қоса ала отырып қабылданады.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы 2017 жылы 18 желтоқсан сағ. 09.00 Алматы қаласы, Шемякин 131. КМҚК «Алматы технология және флористика колледжі» конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей_____________интернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей http://www.ped1.kazobr.kz/ интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.



26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының

5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы http://www.ped1.kazobr.kz/ интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға

7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотынаенгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған; 

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді: 

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

Кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі» оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс

(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)




Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметті алушылар

дың жалпы саны


Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар



Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома


1

2

3

4

5

6

7




Алматы қаласы, Білім басқармасы

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі»



23

оқушы


23 оқушы


01.01.2018 30.06.2018


Алматы қаласы, Шемякин 131,

КМҚК «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі»



1 187 904

(ҚҚС есебімен)



Күні ____._________.2017ж


КМҚК «№1 АҚМГПК» директоры ______________ Джунисалиев Ж.С.

М.О. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

бойынша конкурстық құжаттамаға

техникалық тапсырма

КМҚК «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі» оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет Алматы қаласы Шемякин 131 үй мекен– жайы бойынша орналасқан кәсіптік білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 23 ,оның ішіндегі 23 оқушы– оқушыларын 01.01.2018 – 30.06.2018 ж. мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.

Ас мәзірі кел- әлеуетті жеткізушінің сәйкесімен натурал шамалармен № 7 аддендумнің үкіметтің РК №320 қарарына 2012жылдың 12 наурызынан болуы тиіс.

Апта сайын ас мәзірін жұғымдылық, теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде тағамдарды дәрумендерімен конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық – эпидимиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

Күн сайын дайындалатын ас мәзірі КМҚК №1АҚМГПК мәзіріне сәйкес тағам мөлшері, салмағы және бағасына сәйкес болуы керек.

Әлеуетті қызмет көрсетуші келесі талаптарды орындап, құжатпен қамтамассыз етуі тиіс (конкурсқа өтініш берілген құжаттармен бірге тапсырылуы тиіс).

- тұтынушыларға кепіл болатын тағамдар мен тамақтану кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- денсаулығының жағдайы бойынша рұқсаттары бар, кәсіби, гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау;

- әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;

- жұмысқа тұру кезінде алдын ала және барлық қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден уақытында өтуі (медициналық мекемелермен келісі);

- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераждық журналдар, персоналды ірің және тыныс органдарының өткір ауруларына қарау журналы және басқа құжаттар);

-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары;

- қызметкерлерді үш жиынтықтан кем емес арнайы киіммен және бас киіммен қамтамасыз ету;

-технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі қамтамасыз ету және жұмыстың басталуы алдында жыл сайын тексеріс жүргізу;

- өндірістік құралдардың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдардың (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және материалдық – техникалқ жарақтандырудың басқа да заттарының жеткілікті мөлшерінің болуы;

- қамсыздандыр- ыдыстың жетерлік санын емес кемірек 3 жинақталымның өлшемінде бір отырыстың жеріне( 100 отырыстың жерлері);

- жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша іс – шараларды жүргізу;

- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аптечкалардың болуы және оларды уақытында толтырып отыру;

- семинарлар, әңгімелесулер, лекциялар өткізу жолымен персоналмен санитарлық- ағартушылық жұмыс ұйымдастыру;

- өрт сөндіру құралдарының болуы. Ыстық тамақ қызметтері бойынша бірінші ретте жатқан әлеуетті өнім жеткізушілер кепіл хат ұсынуға құқығы бар;

- азық блогына келіп түсетін азық – түліктер шикізаты мен азық – түлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс және шығарылған күні, өнімнің сақталу мерзімі мен жағдайларын көрсете отырып шығарылғаны, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болуы тиіс.



Ілеспе құжатты өнімді қолданып болғанша сақталуы міндетті.

  • қызметті көрсету барысында қолданылатын өнімдердің сапасына сертификаттар болуы тиіс;

  • дайын тамақты сынама алынғаннан кейін ғана тарату жүзеге асырылады;

  • тағамдарға баға беру бракераждық комиссия органалептикалық көрсеткіштер бойынша (сынама тамақ дайындалған ыдыстан тікелей алынады) жүргізіледі: медициналық қызметкер, тамақ блогының қызметкері және білім беру мекемесі әкімшілігінің өкілі. Бракераж нәтижесі осы санитарлық ережелердің 12 қосымшасына сәйкес «дайын кулинарлық өнімдерді бракераждау журналына» тіркеледі. Тағамды дайындау технологиясы бұзылған кезде, сондай – ақ дайын болмаған жағдайларда, анықталған кулинарлық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам жіберуге босатылмайды.

  • күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының, сондай – ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауын тексереді.

  • сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын азық өнімдерінің сақталу жағдайлары мен сақтау мерзімдерін бақылау мақсатында осы санитарлық ережелердің 11 қосымшасына сәйкес термометрлерді пайдаланумен (сыныптан басқалары) тоңазытқыш жабдықтарында сақтаудың температуралық режимін бақылауды жүргізеді (санитарлық ереженің 5 кесте 10 қосымша бойынша);

  • технологиялық үдерістің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан туәліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы алуды осы санитарлық ережелердің 11 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының (аспаз) қызметкері жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұры алынуына және сақталу жағдайларына бақылауды медициналық қызметкер жүзеге асырады.

  • өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, ыдыс, тара қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс және белгіленген тәртіпте азық өнімдерімен байланыста болу үшін рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс;

  • қандай да бір технологиялық жабдық істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгеріс енгізу керек және дайын тағамдарды өндіру осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек;

  • осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жиынтықтан кем емес есебі бойынша жеткілікті мөлшерде асхана ыдыстарымен және құралдарымен, сондай – ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме хат;

  • азық өнімдерін дайындау, тарату кездірінде өмір қауіпсіздік талаптарына жауап беретін фарфор, фаянс және шыны ыдыстар қолданылуы тиіс. Асхана ыдыстары дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдардан жасалуы тиіс;

  • формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;

  • оқушылардың тамақтану кестесін сақтау;

  • кассалық аппараттардың болуы;

  • азық өнімдерін және азық – түлік шикізатын жеткізу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін санитарлық-эпидемиалық қорытындысы және санитарлық кітапшасы болуы керек және бірінші рет конкурсқа қатысатын ыстық тамақ әзірлейтін әлеуетті қызмет көрсетушілер кепіл-хат беруі тиіс. Оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай – ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификациялық ингридиенттер бар тамақ өнімдерін болдырмау туралы міндеттемені орындау;

  • Оқу орнына тағамдар дайындалатын жерге жыл соңында және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

Күні


КМҚК «№1АҚМГПК» директоры _________________Джунисалиев Ж.С.

М.О.


Кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

3-қосымша


жүктеу 365,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау