Конкурс өткізу туралы «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты»



жүктеу 257,5 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі257,5 Kb.
#19091
түріКонкурс



Төменгі лауазым болып табылатын

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының

бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ хабарламасы


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен).

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы


min

max

E-4

77452

104935

E-R-4

71623

99105


«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, кабинет №507, анықтама телефоны: 8(7212) 42-14-15, факс: 8(7212) 42-11-08, электрондық почта: krg_otdelkadrov@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
  1. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты»ММ ұйымдық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №09-01, Е-4 санаты)

Функционалдық міндеттері: аппарат бөлімдерінің және басқармалардың жылдық және жарты жылдық есептерін жинайды, қорытады, талдайды, қала әкімі аппаратының тоқсандық жұмыс жоспарын құрайды, қала әкімдігінің отырысына материалдар дайындайды.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
  1. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімі бас маманы (1 бірлік, лауазымның №16-03, Е-4 санаты)

Функционалдық міндеттері: еңбек ақыны есептеу, талдамалық анализ жүргізу, салық жүйесі және еңбек бойынша есептерді дайындау, қызметкерлердің дербес карточкаларын жүргізу, мемориалдық ордерларды, штат кестесін құру.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (есеп және аудит, қаржы, экономика); Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша (есеп және аудит, қаржы, экономика), білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы - баспасөз хатшысы (негізгі қызметкердің 15.07.2018 ж. дейін жүктілік пен тууна байланысты демалысы кезінде) (1 бірлік, №08, Е-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен қала әкімінің және әкімдігінің қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру. Қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық қолдау. Қала әкімі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында байланысты қамтамасыз ету, қала әкімінің баспасөз конференцияларын өткізу. БАҚ жедел өзара әрекетті ұйымдастыру, әкім аппаратының құзыретіне енетін мәселелер бойынша БАҚ өкілдеріне кеңес беру. Жалпы қалалық маңызы бар қоғамдық маңызды шараларды, мерекелерді және т.б. өткізу кезінде ақпараттық қолдау. Жүйелі баспасөз басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің басшыларымен өзара әрекет, атқарушы және өкілетті билік органдарының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының және облыстың басқа мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтерімен өзара әрекет. Бұқаралық ақпарат құралдары, брифингтер мен баспасөз конференциялары үшін өтініштер мен хабарламалар дайындау. Құттықтау және басқа да телеграммалардың, атаулы және басқа да күндер мен оқиғаларға орай хаттардың, қала әкімінің көпшілік алдындағы байндамаларының, интервьюге арналған тезистер мен мақалалардың және т.б. мәтіндерін дайындау. Республикалық және өңірлік БАҚ мониторинг жүргізу. Қала әкімінің қызметін жария ететін фото және бейне мұрағат, баспалық дайджест қалыптастыру. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ интернет-порталын жалпы бақылау, ақпараттарды уақытылы жаңарту, ресімдеу, жаңалықтар блогына арнап мәтіндерді дайындау. Қала әкімінің жеке блогына келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеу, өтініштерге жауаптарды жариялау. Өтініштердің мониторингін жүргізу, жылына 2 рет аналитикалық жазба дайындау. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ сайтында интернет конференция өткізуді жалпы бақылау. Қала әкімінің төрағалығымен өткізілетін мәжілістерге қатысу, БАҚ арнап ақпараттық хабарламалар дайындау. Қала әкімінің төрағалығымен өткізілетін ашық және көпшелі мәжілістерде БАҚ жұмыс. Ведомстволық жазылым бойынша жұмыс жүргізу. Қала әкімінің патронажы бойынша шығарылатын кітаптар, брошюралар мен басқа да басылымдарды дайындауға қатысу. Республикалық және өңірлік БАҚ сын және негативті материалдар бойынша жұмысты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар» (қоғаммен байланыс, журналистика) мамандықтары бойынша; Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (қоғаммен байланыс, журналистика) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ жекешелендіру және мемлекеттік активтерді пайдалануға беру секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 14.10.2018 ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) (1 бірлік, №4-1-1, Е-R-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттің қатысумен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша әкімдік қаулыларының, қала әкімі өкімдерінің, бұйрықтардың жобаларын әзірлеу. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау. Мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік мүлік тізіліміндегі жұмыстарды іске асыру. Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және үкіметтік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алу), сенімгерлікпен басқаруға беру. Аудандық коммуналдық мүлікті, сонымен бірге мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді іске асыру. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруды келісу. Хаттарды, шағымдарды, өтініштерді уақытында қарастыру, басшылықтың тапсырмаларын сапалы орындау. Іс жүргізу негіздерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық (құқықтану)» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ қаржылық есептілік және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 10.03.2019 ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) (1 бірлік, №2-1-1, Е-R-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Есеп жүргізудің белгіленген ережелерін қатаң сақтау және оперативті басшылық ету талаптарына жауап беретін бухгалтерлік есепті дұрыс және ұтымды ұйымдастыру. Мекеменің бухгалтерлік есеп және есептілігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және шараларды қабылдау, үздік тәжірибені тарату, есеп жүргізу және есептілікті құрастыру. Мерзімді, тоқсандық және жылдық есептілікті құрастыру. Есептілікті құрастыру үшін бухгалтерлік есеп мәліметтерін дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды архивке тапсыру үшін заңнамамен белгілеген тәртіпке сәйкес ресімдеу. Бухгалтерлік ақпараттардың мәліметтер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау, мәліметтерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпараттарға өзгеріс енгізу. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, бюджеттік өтінімдерді құрастыру. Даму бюджеті, қаланың даму бағдарламасы бойынша жылдық есепке бюджеттік бағдарламалар бойынша материалдарды дайындау. Хаттарды, арыздарды, өтініштерді уақытылы қарастыру, басшылықтың тапсырмаларын сапалы орындау. Іс жүргізу негіздерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі бас маманы (1 бірлік, №12-1-3, Е-R-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңын орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қала аумағында тілдерді дамыту мен қолданудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі шараларды жүргізу.Тіл саясатының мәселелері бойынша «дөңгелек устелдерді» ұйымдастырады, мемлекеттік тілді және басқа халықтардың тілдерінің білу деңгейін анықтауға бағытталған қала деігейіндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Мемлекеттік тіл аясында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан, қоғамдық және басқада ұйымдардан ақпаратты сұратады. Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілді үйренуі бойынша орталықтармен қызметін үйлестіру және тіл жағдайына талдау жүргізу. Жергілікті мемлекеттік органдардан және жарнамалық агенттіктерден келіп түсетін мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакциялық (лингвистикалық) сараптамасын қамтамасыз ету. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорында» «Cыртқы-визуалды жарналамаларының эскиздарында мемлекеттік тілді қолдану» рұқсат құжатын беруінде жұмыс жүргізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дәріптеуде жәрдемдеседі, тіл саясатына қатысты видеоматериалдарды және жарияланған мақалалардың мониторингін жүргізеді. Заңнамаға сәйкес, қабылдауы мемлекеттік органның құзырына кіретін нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырыды. Жетекшілік ететін бағыт бойынша келіп түсетін ақпаратты есепке алады, талдау және мониторинг жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша, (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті мамандықтары бойынша) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология) білімі барларға рұқсат етіледі; «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7. Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Мәдениет, тілдерді дамыту және ономастикалық-кадрлық жұмысты қамтамасыз ету секторы ономастика және кадр жұмысы бойынша бас маман (негізгі қызметкердің 16.01.2021 ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) (1 бірлік, №12-1-4, Е-R-4 санаты)

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту сұрақтары бойынша материалдар дайындайды. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған ісшараларды жүзеге асырады, тиісті ісшаралар жоспарын әзірлейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша аймақтық және қалалық ісшаралар жоспарының сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді, жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ әкімнің және әкімдіктің актілерімен жүктелген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік мекеменің құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің мүдделерін сотта көрсету бойынша талап-арыз жұмыстарын жүзеге асырады, сот актілері бойынша уақтылы шағымдану шараларын қабылдайды. Іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан сот азаматтық істерінің мониторингін жүргізеді, сонымен қатар сотқа талап беруге ықпал еткен себептерді анықтау мақсатында істерге талдау жасайды, кейіннен қала әкіміне тиісті ұсыныстармен ақпарат ұсынады. Бөлімнің кадрлық ісін жүргізеді. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне сай заңнамаға сәйкес қабылданатын нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің әзірленетін нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы заңнамада белгіленген әкімшілік рәсімдерге және заңнамаға сәйкестігін тексереді. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарайды. Жетекшілік ететін саласы бойынша келіп түскен ақпаратты есепке алады, талдайды және мониторингін жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих) немесе «білім» мамандықтары бойынша (тарих) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білім. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих) немесе «білім» мамандықтары бойынша (тарих) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (бұдан әрі - сертификат) (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.



Жоғарыда көрсетілген құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрдене «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан
_________________________ (мемлекеттік орган)




Өтініш


Мені________________________________________________________

_________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуғажіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________

_________________________________________________________________

__________                           ____________________________________

   (қолы)                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___» _______________ 20 __ ж.

Форма       



«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)






ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения










































































































































Кандидаттың қолы/


Подпись кандидата

_______________


күні/дата

жүктеу 257,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау