Хабарландыру мәтіні:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК бас дәрігерінің бос лауазым орнына орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күні және орны: 010000, Астана қ., Орынбор қ., 2, 1 «В» корпусы, Министрліктер үйі, анықтама арналған телефон 8 (7172) 74-90-28, 74-93-72.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, №2 ғимарат, телефон 8 (7172) 707978
Кәсіпорынның негізгі қызметіне қысқаша сипаттама: денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру, яғни, медициналық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілерге және басқа санаттағы тіркелген азаматтарға медициналық көмекті ұйымдастыру әдістері мен нысандарын әзірлеу, қосымша кәсіби білім бағдарламасы мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру.
Конкурс қатысушылары келесі білікті талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) жоғары медициналық білімнің болуы;
2) «Денсаулық сақтау ұйымы» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның болуы;
3) денсаулық сақтаудың мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
4) денсаулық сақтау, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін алдында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталуы бар адамдар жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
ерікті түрде жазылған автобиография;
білім туралы құжаттардың, соның ішінде, біліктілік санатын беру туралы сертификаттардың көшірмелері;
еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғандығы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтар үзінділерінің көшірмелері;
белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (н. 086У).
Конкурс қатысушысы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуы мүмкін (біліктілікті жоғарлату, ғылыми атақ беру туралы құжаттардың, ғылыми жариялымдардың көшірмелерін, сондай-ақ, алдындағы жұмыс орны басшысының ұсыныстарын және т.б.)
Құжаттар хабарландыру шыққаннан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Астана қ., Орынбор көшесі, 2, 1 «В» корпус, Министрліктер үйі, № 301 каб. мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс, анықтама арналған телефон 8 (7172) 74-90-28, 74-93-72.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында сұхбаттасудан өтеді.
Текст объявления:
Медицинский центр Управления Делами Президента Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности главного врача РГП на ПХВ «Больница Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан».
Дата и место проведения конкурса: 010000, г. Астана, ул. Орынбор, 2, корпус 1 «В», Дом министерств, телефон для справок 8 (7172) 74-90-28, 74-93-72.
Местонахождение предприятия: 010000, Республика Казахстан, город Астана, район Есиль, улица Е 495, здание №2, телефон 8 (7172) 707978
Краткое описание основной деятельности предприятия: осуществление деятельности в области здравоохранения, в т.ч. оказание медицинской помощи, разработка методов и форм организации медицинской помощи государственным служащим и другим прикрепленным категориям граждан, реализация программ дополнительного профессионального образования и научно-исследовательских программ.
Участники конкурса должны соответствовать следующим квалификационным требованиям:
1) наличие высшего медицинского образования;
2) наличие первой/высшей квалификационной категории по специальности «Организация здравоохранения» («Общественное здравоохранение», «Менеджмент здравоохранения») или наличие магистратуры по специальности «Общественное здравоохранение» («Менеджмент здравоохранения», «Менеджмент»);
3) наличие опыта работы на руководящих должностях в органах государственного управления здравоохранения или в организациях здравоохранения не менее 5 лет;
4) знание нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере здравоохранения, деятельности государственного предприятия.
Для участия в конкурсе не допускаются лица, ранее совершившие коррупционное правонарушение, имеющие непогашенную или не снятую в установленном законодательством Республики Казахстан порядке судимость.
Для участия в конкурсе, необходимо представить следующие документы:
заявление об участии в конкурсе;
резюме на государственном и русском языках;
автобиографию, изложенную в произвольной форме;
копии документов об образовании, в том числе сертификатов о присвоении квалификационной категории;
5) копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора с последнего места работы;
6) справку о состоянии здоровья по установленной форме (ф. 086У).
Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых званий, научных публикациях, а также рекомендации от руководства с предыдущего места работы и т.п.).
Документы должны быть представлены в течение 15 календарных дней со дня опубликования объявления, по адресу: г. Астана, ул. Орынбор, 2, корпус 1 «В», Дом министерств, каб. № 301, телефон для справок 8 (7172) 74-90-28, 74-93-72.
Кандидаты, допущенные к конкурсу, проходят собеседование в Медицинском центре Управления Делами Президента Республики Казахстан.
____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |