Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-2, В-3, С-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-1 |
289629,45
|
391105,46
| С-3 | 154071,85 | 208205,20 |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, С-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Министрліктің құзыреті бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және жоспарлаудың басқа құжаттарын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде әзірлеу, мониторинг жүргізу және орындалуы бойынша есептерді қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау, оның ішінде: Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары; мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар; тұжырымдамалар; аумақтарды дамыту бағдарламалары; Министрліктің стратегиялық жоспары; Министрліктің меморандумы; Министрліктің операциялық жоспары, Министрліктің бір жылға арналған жұмыс жоспары, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарлары мен іс-шаралардың басқа да жоспарлары, жол картасы және т.б.; Министрліктің стратегиялық жоспары қызметінің мақсаттарына, міндеттеріне және негізгі көрсеткіштеріне ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының сәйкестігі бойынша ұсыныстарды қарастыру және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұраныстары бойынша хат жазбаларды әзірлеу және жүргізу бойынша жиынтық жұмыстарды ұйымдастыру және орындалуын бақылау; Министрлік жанындағы қоғамдық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру және олар өздерінің өкілеттіктерін орындауда Министрлікпен іс-қимыл жасау; Үкімет отырысына, Министрліктің алқасына, Үкіметте немесе Президент Әкімшілігінде Министрліктің мәселелері бойынша кеңеске материалдарды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау; Министрліктің басшылығына Министрліктің жетекшілік ететін салалардың ағымдағы жағдайы мен дамуы бойынша талдамалық анықтамалар әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау (қажет болған жағдайда, 2 блоктың және бірнеше Вице-министрдің мәселелерін жинақтау); Тікелей тапсырма болған жағдайда, министрдің аппараттық кеңес хаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікте, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өтетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу; Министрлік жетекшілік ететін салаларын стратегиялық жоспарлаудың сапасын және тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу; Құрылымдық бөлімшелерге Министрліктің стратегиялық даму мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім беру, немесе жаратылыстану ғылымдары. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Қаржы департаменті Мемлекеттік активтерге мониторинг жүргізу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарманы жалпы басқару және қызметін үйлестіру, Басқармаға жүктелген қызметтерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүргізу, Министрлікке бағынысты заңды тұлғаларды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, директорлар кеңесімен, бақылау кеңестерімен, Министрлікке бағынысты заңды тұлғаларды басқару органдарымен қарауға жоспарланып отырған мәселелерді қарастыруды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын білу, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгелік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |