Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;
9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-О-1 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.
-
С-3
|
154 071
|
208 205
| С-4 |
138 248
|
186 551
| С-О-1 |
182 387
|
246 515
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы көшесі, 19 А, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 78-68-91, 78-68-92, электрондық мекен-жай: m.nazhmedenova@energo.gov.kz «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы жариялайды.
1. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау
комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (негізгі қызметшінің оқу демалысы кезінде 2021 жылғы 30 мамырға дейін), С-0-1 санаты, 1 бірлік, № 31-26-1, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, С-0-1 санаты, 1 бірлік, № 31-32-1.
Функционалдық міндеттері: Департаментке жалпы басшылық ету. Өңір бойынша бақылау-қадағалау жұмысын жүргізу жоспарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау энергетикалық жабдығының. Электр станциялары, электр және жылу желілері, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық технологиялық бұзушылықтарды талдау. Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің қысқы маусымдағы жұмысқа дайындығын, электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аварияларды, жазатайым оқиғаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының өзге де өрескел бұзушылықтарын жіберген кінәлі жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізу немесе электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды бұзуға кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға материалдар жіберу. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және тұтынуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік тексерулерді ұйымдастыру. Тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес аумақтық бөлімшенің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Энергияны өндіру, беру, бөлу және тұтыну кезіндегі электр энергетикасы саласы субъектілерінің сенімді, қауіпсіз және үнемді жұмыс істеуіне мониторинг жүргізуді және талдауды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, техникалық физика, автоматтандыру және басқару).
2. Жаңартылатын энергия көздері департаменті Жаңартылатын энергия көздері объектілерін мониторингі және іске асыру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 15-2-1.
Функционалдық міндеттері: Жаңартылатын энергия көздерін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау, мемлекетаралық және республикалық көрмелерді, жәрмеңкелерге бастамашылық ету, өткізуді ұйымдастыру және қатысу, Қазақстан Республикасының аумағында көрмелік-жәрмеңкелік және басқа да іс-шараларды ұйымдастырған және өткізген кезде туындайтын қатынастарды реттеу әдістерін жетілдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне талдау жасау және қарау, басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру; бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру; өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; реттелетін аяда өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын келісуге қатысу; қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; Басқарма қызметін жедел басшылық етуді және үйлестіруді жүзеге асыру; азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету; Басқарма қызметшілерінің тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру және олардың өзара алмасушылықтарын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай-газ ісі, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс), жаратылыстану ғылымдары (математика, химия, физика, экология), гуманитардық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), білім (химия, биология, математика, физика), ауыл шаруашылығы ғылымдар (су ресурстары және суды пайдалану, мелиорациялау, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және қорғау), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
3. Климаттық саясат пен жасыл технологиялар департаменті Жасыл технологиялар мен халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмыс бойынша басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 18-2-1 (негізгі қызметшінің әлеуметтік демалысы кезіне дейін)
Функционалдық міндеттері: «Жасыл» технологияларды дамытуда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, енгізу және мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «жасыл» технологияларды және төменкөміртекті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асырады; «жасыл» технологияларды трасферттеу және ендіру бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; «жасыл» технологияларды дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және орындалуын ұйымдастырады; «жасыл» технологияларды ендіру және трансферттеуді қолдау бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады; «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг және үйлестіруді жүргізеді; ең озық қолжетімді технологиялардың тізбелерін әзірлейді және олардың тізілімін әзірлейді; «жасыл» технологиялар саласындағы ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамытуға қатысады; «жасыл» технологияларға инвестициялауға қатысты бизнесті ынталандыру бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысады; ЖКСБ шеңберінде «жасыл» технологияларды енгізу және олардың трансфертіне талдау және мониторинг жүргізеді; өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;өз құзыреті шегінде реттелетін облыстарда өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын келісуге қатысады;экологиялық, төмен көміртекті жасыл жобаларды іске асыру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысын үйлестіреді;өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді; Басқарма қызметін жедел басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады; азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді; Басқарма қызметкерлерімен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қадағалайды және олардың өзара алмасуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: жаратылыстану ғылымдары (экология), техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнайгаздықіс, металлургия, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану, ауыл шаруашылығы технологиясы және технологиясы, орман ресурстары және орман шаруашылығы, жерді қалпына келтіру, жерді қалпына келтіру және жерді қорғау).
4. Жер қойнауын пайдалану департаменті Мониторинг басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 10-2-2 (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 2021 жылғы 27 наурызға дейін)
Функционалдық міндеттері: Жұмыс бағдарламасы бойынша келісімшарттық міндеттемелерді сондай-ақ, жергілікті қамту міндеттемелерін орындауды жүзеге асыру; жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың әрекеттерін талдау; лицензиялық және келісімшарттық міндеттемерді орындау бойынша ақпаратты зерделеу және жалпылау; талдамалық материалдарды дайындау; Үкіметтің, Президент Әкімшілігі және мемлекеттік ұйымдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және басқа да жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларымен жұмыс істеу; өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілер дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалардың кен орнын іздеу, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, геодезия және картография, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
5. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 17-1-3 (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 2020 жылғы 31 наурызға дейін)
Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде халықаралық конвенциялар мен келісімдерді іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен келісімдер мен меморандумдардың жобаларын әзірлеуге қатысу; өнеркәсіптік қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарды қарау мен келісу. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау, Министрлік, Департамент басшыларының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалардың және жоспарлардың, кіріс хат-хабарлардың және бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындау. Департаментте іс жүргізуді қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық затардың химиялық технологиясы (салалар бойынша), өндеу өндірістердің технологиясы (салалар бойынша)) тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, стандарттау, сертификаттау және метрологя (салалар бойынша)), жаралыстану ғылымдары (химия, биология, экология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, дүниежүзілік экономика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), ауыл шаруашылығы ғылымдар (балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау кәсібі, су ресурстары және суды пайдалану, топырақ зерттеу және агрохимия, мелиорациялау, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және қорғау), білім саласында (химия, биология)
6. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 17-1-4

7. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жобаларды іске асыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 17-3-2
Функционалдық міндеттері: Халықаралық ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру; Министрліктің бағдарламалық құжаттарын, Министрліктің, Департаменттің жұмыс жоспарларын орындауды қамтамасыз ету; өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын қарау; Министрліктің жұмыс регламентін сақтау; Департаменттің жұмысын регламенттейтін құжаттарды дайындауға, қалдықтар бойынша жаңа технологияларды басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысу; Министрліктің басқа бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен Департаменттің өзара әрекет етуін жүзеге асыру; құпиялықты сақтау режимі; орындаушылық және еңбек тәртібін, Министрлік, Департамент басшыларының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалардың және жоспарлардың, кіріс хат-хабарлардың және бақылаудағы құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық затардың химиялық технологиясы (салалар бойынша), өндеу өндірістердің технологиясы (салалар бойынша)) тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, стандарттау, сертификаттау және метрологя (салалар бойынша)), жаралыстану ғылымдары (химия, биология, экология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, дүниежүзілік экономика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), ауыл шаруашылығы ғылымдар (балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау кәсібі, су ресурстары және суды пайдалану, топырақ зерттеу және агрохимия, мелиорациялау, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және қорғау), білім саласында (химия, биология)
8. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Өңдірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін дамыту басқармасының ба сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 17-4-2

9. Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 26-0-4
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерді тағайындау, босату бойынша бұйрықтарды рәсімдеу; бос әкімшілік мемлекеттік қызметке кадр резервінен ауыстыру және тағайындау бойынша құжаттарды рәсімдеу; біліктілік талаптар жинағын әзірлеу; қызметкерлердің еңбек демалысын жоспарлау және еңбек демалысы туралы бұйрықтарды рәсімдеу; міндетті арнайы тексеруге құжаттарды рәсімдеу және бақылау; іссапарларды жоспарлау және қызметкерлердің іссапары туралы бұйрықтарын дайындау; жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау; министрлік қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметтік куәлікпен қамтамасыз ету; ҚР Президентінің Әкімшілігіне жіберу үшін мемлекеттік наградаларға және марапаттауға материалдарды әзірлеу; аппарат қызметкерлерінің біліктігін арттыруды ұйымдастыру және оқыту кестесін әзірлеу; Министрліктің қызметкерлерінің ай сайынғы бағалауын ұйымдастыру; жеке істерді қалыптастыру және жүргізу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру және өткізу; қызметкерлердің әскери қызметі туралы есеп жүргізу; тағылымдама, тәлімгерлік ұйымдастыру және қызметкерлердің жеке мағлұматтарын есепке алуды жүзеге асыру; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне статистикалық есепті құрастыру, ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет агентігіне мемлекеттік қызметкерлердің құрамы және алмасуы туралы есеп беру;
ҚР Президент Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Высшее и (или) послевузовское образование: құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, әлеуметтану, саясаттану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |