Конкурс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі



жүктеу 275,9 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі275,9 Kb.
#12649
түріКонкурс


Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазынашылық комитеті


Қазақстан Республикасы ІІМ
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 71 74 58, электронды мекен-жайы: kadry_kk@minfin.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

  1. Түсімдерді есепке алу басқармасының бас сарапшысы - бас қазынашысы, С-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор және Кеден Одағына мүше мемлекеттердің ҚБШ арасында түсімдерді бөлу және есепке алу; түсімдер бойынша есеп-қисаптарды уақтылы дайындау жөнінде жұмысты ұйымдастыру; ҚР Ұлттық қорына ақшалай түсімдерінің және пайдалануының мониторингін жүргізу; ҚР Ұлттық қоры және барлық деңгейдегі бюджеттерге түсімдерді бөлу нормативтері бойынша базаны жүргізу; түсімдерді бөлуді қайта есептеу; Кеден одағына мүше мемлекеттердің ҚБШ және ҚР Ұлттық қорының ҚБШ-нан түсімдер сомаларын аудару; Қаржы министрлігінің құрылымдылық бөлімшелерімен хат алмасу; аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен, басқа ұйымдардан, ведомствалардан, екінші деңгейдегі банктерден түскен хат-хабарлар, жеке және заңды тұлғалардың жазба және ауызша өтініштерін қарастыру және жауап дауындау; нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн.



  1. Қарыздар мен несиелерді есепке алу басқармасының бас сарапшысы - бас қазынашысы, С-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік кредиттеу нәтижесінде пайда болған үкіметтік және кепілдік берілген қарыз міндеттемелерін, үкіметтік талаптарды есепке алуды, үкіметтік сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар шоттарынан қаржыларды алу жөніндегі қаржы процедураларын іске асыруды, республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаржысын алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімін қарастыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қарыздарын, несиелерін, кепілдіктерін және мемлекеттік кепілгерлігімен тартылатын қарыздарын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар жобалар бойынша шарттарын тіркеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру, үкіметтік сыртқы қарыз және байланысты гранттар қаржыларын шығындау және есепке алу тәртібі мен процедуралары, қарыздарды және кредиттерді есепке алу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар саласында (халықаралық қатынастар).

Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн.



  1. Ведомстволық бақылау басқармасының бас сарапшысы-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне, 05.07.2019ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қазынашылық комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтеріне ведомстволық бақылауды жүргізеді және материалдарға талдау жасайды. Бюджетті атқару, ведомстволық бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, Қазынашылық комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасайды. Нормативтік құқықтық актілердің және Қазынашылық комитетінің басқа да құжаттары жобаларын дайындау және жетілдіруге құзіреті деңгейінде қатысады. Құзіреті деңгейінде Қазынашылық комитетінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).
II. Қазақстан Республикасы ІІМ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1, анықтамалар үшін телефондар: 8 (7172) 71-52-29, 71-56-06, 72-20-46 электрондық мекенжай g.zhazenova@mvd.gov.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының және оның ведомстволарының, аумақтық бөліністерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Медиа-аналитика басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік).



Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру және оның жұмысына басшылық жасау, сондай-ақ басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына, өзінің функцияларын жүзеге асыруына, заңдылық пен құпиялылық режимінің сақталуына, жеке құрамның қызметтік тәртібінің және кәсіби даярлығының жай-күйіне дербес жауапкершілікте болу. Ішкі істер органдары қызметтерінің ақпараттық қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу, дағдарысты жағдайларға және резонансты оқиғаларға ден қою бойынша БАҚ және Интернет желісі арқылы ұсыныстар енгізу, ақпараттардың ішкі істер органдарының беделіне әсерін минимализациялау, сонымен қатар олардың туындау себебін анықтау. PR-материалдар, әлеуметтік желілердегі негативті қолданушыларды бейтараптандыру, танымал блогерлер мен лидерлердің пікірін пайдалану арқылы қоғамдық пікірге әсер ету бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қазақстан полициясының брендін көтеру бойынша медиа жобалар әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде имидждік және профилактикалық видео өнімдерді дайындау. Бөлінген бюджеттік қаражаттардың уақтылы және сапалы игерілуіне бақылау жасау. ІІМ қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау. Елдегі криминалдық жағдай, ІІО қызметтерінің негізгі нәтижелері туралы ақпарат жинауды ұйымдастыру және тиісті материалдардың БАҚ-та жариялануы бойынша шаралар қолдану. ІІМ басшылығына ақпараттық-аналитикалық шолулардың дайындалуына бақылау жасау. ІІМ-нің министрлік қызметтерімен және оның аумақтық бөліністерімен өзара іс-әрекет жасаудағы ақпараттық саясатын үйлестіруді қамтамасыз ету. Департамент басшысына топ қызметкерлерін тағайындау, орнын ауыстыру, қызметтен босату, марапаттау, жазалау туралы ұсыныстар енгізу, оларды аттестаттау бойынша материалдар әзірлеу. Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын дайындауды қамтамасыз ету, министрліктің нормативтік актілерін әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы Презиндент Әкімшілігіне және басқа да мемлекеттік органдарға есептік құжаттарды дайындауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, гуманитарлық ғылымдар (филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), құқық салаларында (құқықтану). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Тыл департаменті Медициналық басқарманың басшысы-дәрігер, С-3 санаты (1 бірлік).



Функционалдық міндеттері: Медициналық қызметтердің, емханасы бар госпитальдердің және емханалардың, медициналық-санитариялық бөлімдердің, оқу орындарының медициналық пункттерінің, УҰИ медициналық кабинеттерінің және қабылдау-тарату орындарының медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерін бақылауды жүзеге асыру. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыстарды үйлестіру. ІІД медициналық қызметтерінің есептері мен тексеру материалдары негізінде емдеу-профилактикалық көмек көрсетудің жай-күйін үйлестіру. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ІІД, «Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар орталық госпиталі» мемлекеттік мекемесінің медициналық қызметтерінің қорытындысын шығару жөніндегі комиссия жұмысына қатысу. Емдеу-диагностикалық жұмысына басшылық етеді, профилактика, диагностика және ауруларды емдеудің жаңа әдісін емдеу мекемелерінің жұмысына енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Ведомстволық медицина бөліністерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты, оның ішінде бюджетті қалыптастыруды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс).

Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Тыл департаменті Медициналық басқарманың бас сарапшы-дәрігері, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бекітілген контингенттерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлігінде кешендік және басқа да жоспарларды әзірлеуге қатысу. Ведомстволық денсаулық сақтау қызметін ретке келтіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. ІІМ жеке құрамына және бекітілген контингентке медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру. Жылдық статистикалық есептер негізінде емдеу-профилактикалық көмек көрсетудің жай-күйіне талдау жасау және жинақтау, оны жақсарту бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу. Шығарылған нұсқаулардың, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, жоспарлардың және ережелердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. МБ құрылымдары мен штаттарын оңтайландыруға, көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Денсаулық сақтау ұйымдарының, емдеу мекемелерінің, ғылыми-зерттеу және медициналық ұйымдардың мамандарымен бірге оның құзырына кіретін мәселелер бойынша қарым-қатынасты жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Басқарма басшысы-дәрігер - Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы, С-3 санаты (1 бірлік).



Функционалдық міндеттері: Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және оны жүргізуді қамтамасыз ету. ОӘДК жұмысын жоспарлауды іске асырады, медициналық куәландыру нәтижелерін жинақтау және талдау, жылдық есепті жасауды бақылау, әскери-дәрігерлік сараптаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасы ІІМ ӘДК қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату жөнінде іс-шаралар жүргізу. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына түсетін үміткерлерді соңғы куәландыру кезінде оны ұйымдастыру және практикалық көмек көрсету. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың және әскери қызметшілердің зақымдануларының (жаралану, контузия, жарақаттану) ауруларының себеп байланысын анықтайды. Өтініштерді, ұсыныстарды, шағымдарды қарау, әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, осы жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және оны жинақтау. Әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін және оны ішкі істер органдарында және Ұлттық ұланда іс жүзінде қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. Жоғарғы басшы құрамдағы адамдардың, лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы ІІМ номенклатурасына енетін адамдардың аурулары туралы куәліктерін қарау және бекіту. Бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың және әскери қызметшілердің ішкі істер органдарынан, Ұлттық ұланнан қызметтен босатылу мерзіміндегі олардың көрсетілген мерзімдегі медициналық сараптама құжаттамасы бойынша жарамдылық санаты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында (медицина). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік).



Функционалдық міндеттері: ІІМ жүйесінде іс жүргізу бойынша қолданыстағы талаптардың сақталуын бақылау. Басқарма қызметкерлерінің арасында моральдық-психологиялық ахуалды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің, ІІМ басшылығының бұйрықтары мен жарлықтарын, Президент Әкімшілігінің. Қауіпсіздік Кеңесінің, Премьер-Министрдің Кеңсесінің құжат айналымы бойынша түсіндірмелерінің орындалуын қадағалау.Қазақстан Республикасы ІІМ-не келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізіп, атқарылған жұмыс туралы Министрге және оның орынбасарларына баяндау. Бекітілген кестеге байланысты ІІМ басшылығымен азаматтардың қоғамдық қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру. ІІМ нормативтік құқықтық актілерін электрондық архивке ауыстыруды ұйымдастырып бақылау. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін және Мемлекеттік органдардың интранет-порталын енгізу, дамыту және толыққанды пайдалану бойынша ұйымдастырушылық жұмыс жүргізу. Бағынысты құрылымдық бөліністердің орындауы міндетті ішкі істер органдары жүйесінде құпия және құпия емес іс жүргізуді, сонымен қатар жеке және заңд тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру. Іс жүргізу мәселелері бойынша нұсқаулықтар және әдістемелік ұсынымдар, шолулар мен анықтамалар әзірлеу, Басқарма жұмысының стилі мен әдістерін, құжат айналымын оңтайландыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдау. Басқармада құпиялылық режимін, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен заңдылығын сақтау. Ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністеріндегі құжат айналымын талдау, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру. Басқарманың жұмыс жоспарын әзірленуін және оның орындалуын бақылау. Министрлік аппаратында іс жүргізу бойынша Басқарма қызметкерлерінің, кеңсе бастықтарының, инспекторлардың және мамандардың қызметтік біліктілігін арттыру. Облыстардың ІІД, Көліктегі ІІД, ҚАЖД, ТЖК бөліністері мен ІІМ оқу орындары бастықтарын және қызметкерлерін тағылымдамадан өткізу. Басқарманың құпия құжаттардың бар-жоғын тексеру жөніндегі комиссиясына басшылық ету, сақтау мерзімі өткен істерді, бұйрықтар мен басқа да құжаттаманы іріктеу және жою жөніндегі комиссияны басқару. Қызметтік іс-сапар шеңберінде құжаттамалық қамтамасыз жұмыстары бойынша лекциялар, семинарлар жүргізілуін ұйымдастыру. Басқармада құжаттардың жоғалу фактілері бойынша қызметтік тергеу ұйымдастырып, жүргізу және құжаттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзған кінәлі қызметкерлердің жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу. Басқарманың сараптама-тексеру комиссиясының жұмысына қатысу. Басқарманың қызметкерлеріне сыйақы беру бойынша белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу. Министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, құқық саласында (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), білімі (қазақ тілі және әдебиет) және әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжат істерін жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Заң департаменті Шарттық және наразылық-талап жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1бірлік, негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 06.09.2020 ж. дейін).



Функционалдық міндеттері: ІІМ Заң департаментінің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысужәне оның іс-шараларын іске асыру. Қызметтік хат хабар жазысун жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ ІІМ-нің басқа құрылымдық бөліністері әзірлеген нормативтік құқықтық (құқықтық) актілердің жобаларын келісу. Шарттық және наразылық-талап жұмысын іске асыру. Барлық инстанциялардағы сот инстанцияларында, өзге де мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ІІМ мүддесін білдіру. Сот актілерін орындау бойынша органдармен өзара іс-қимыл жасасу. Сот және құқық қолдану практикасын талдау, оның нәтижелері бойынша ішкі істер органының құрылымдық бөліністері, бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін әдістемелік шолулар дайындауды жүзеге асыру. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауды жүзеге асыру. ІІМ-нің басқа құрылымдық бөліністерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасасу. Бекітуі бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің заң қызметтеріне жетекшілік ету. ІІМ-нің құрылымдық бөліністерімен бірлесіп құқықтық жалпы оқытуды өткізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіруді дайындау. Норма шығармашылық және құқық қолдану практикасының, ішкі істер органдары заң қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша республикалық семинар-мәжілистердің, ғылыми-практикалық конфренциялардың, дөңгелек үстелдерді өткізуге қатысу. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. ІІМ және Заң департаментінің басшылығының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Жоспарлау және қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (2 бірлік).



Функционалдық міндеттері: ІІМ мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасына қаржы есептерді дайындауды жүзеге асыру. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру. Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұйрықтар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асыру. Оған бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) дұрыс және негізді жоспарлануы үшін дербес жауапкершілікте болу. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың лимиттерін бөлуді жүзеге асыру және ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізу. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинау және тексеру, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша лимиттерді әзірлеу және жасау. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігін бағалауды талдау. Есептер дайындау, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша бюджеттік өтінімді жинақтау және әзірлеу. Бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізу. Республикалық бюджет қаражатынан бөлінген кредиторлық берешектері бойынша есеп жиынтығын ай сайын әзірлеуге дербес жауапкершілікте болу. Басқарма бастығының, Департамент басшылығының бір реттік тапсырмаларын орындау. Қаржылық құжаттардың, хат алысу бойынша құжаттардың сақталуын, олардың уақтылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Атқарып отырған лауазымынан босатылған кезде (қызметтен босатылған, басқа лауазымға тағайындалған, ауысуы) заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерге, ал соңғы болмаған кезде мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
III. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-18-45, e-mail: g.kopinova@diakom.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Министрдің кеңесшісі, С-3 санаты, 1 бірлік.



Функционалдық міндеттері: Құзіреті шегінде Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, сонымен қатар тапсырмалар мен хаттамалық шешімдерді, іс-шаралар жоспарларын уақытында орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; құқықтық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдау қызметтерін жүзеге асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жиналысқа дайындалуын, баяндамаларын, таныстыруларын жасау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. анықтамалық, ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету; Министрдің қатысуымен болатын кездесулерді, іскерлік сапарларды, делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру; Министрдің баяндамалары мен сөз сөйлеулерін дайындау; өз құзіреті шегінде жеке бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік хаттардың, анықтамалардың және басқа құжаттардың жобаларын әзірлеу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Министрдің және Министрлік басшылығының басқа тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе қызмет көрсету, немесе білім, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша.
IV. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 4-ші кіреберісі, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 75-02-69, kadry@minfin.gov.kz

1. Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті Жергілікті бюджеттердің шығыстарын талдау басқармасының бас сарапшысы, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің 25.06.2019 ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-4 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттер және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдардың пайдалануы бойынша деректерге мониторинг жүргізу; республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдардың атқаруына мониторинг бойынша ақпаратты қалыптастыру және сыртқы және ішкі тұтынушыларға ұсыну; басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінің жобасын даярлауға қатысу; департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге қатысу; жергілікті атқарушы органдардың үлгі құрылымына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобалары бойынша қорытындылар дайындау; есептілік бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді жергілікті бюджеттер бөлігінде әзірлеу және жетілдіру бойынша міндеттер қою; республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен (құзыреті шегінде) өзара іс-қимыл жасау; бюджеттердің атқарылуы жөнінде жергілікті атқарушы органдармен консультативтік жұмыс жүргізу; жергілікті бюджеттірдің атқарылуы мәселелері бойынша Министрлік басшылығына ақпараттар, анықтамалар дайындау; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қаржы министрлігі басшылығының тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары бойынша жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметінің бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн.

2. Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаменті Өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешендері бюджеті басқармасының бас сарапшысы, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің 30.06.2019 ж. дейін оқу демалысында), С-4 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіп, отын-энергетика кешені, шағын және орта бизнес пен сауданы дамыту салаларындағы стратегиялық құжаттарды, мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілер жобаларын қаржылық қамтамасыз етілу тұрғысынан әзірлеуде, Басқарманың құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, жетекшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету, талдамалық материалдарды дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеуде қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметінің бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 275,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау