Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
12 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ҚАЛДЫҚТАР
12.1 ЗАҢНАМА
Қолданылатын заңдар,директивалар мен нұсқаулықтар төмендегі кестеде берілген
Кесте 26- Заңнама, директива және материалдық ресурстар мен қалдықтарға қатысты саясат
Атауы
Жыл
Заң
Қазақстан Республиккасының № 212 Экология Кодексі.
2007
ЕО Директивалары
Қалдықтар туралы нобайлы директивалар
2006
Талаптар
ЕБРР.Жүзеге асырылуына қойылатын талаптар 3: Ресурстарды қолдану тиімділігі және
ластанудың алдын алу және бақылау.
2014
Англияның автожолдары.Аралық нұсқаулықтар 153/11 (IAN 153/11): Материалдық ресурстарды
экологиялық бағалау бойынша нұсқаулық.
2011
12.2 ӘДІСНАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Англияның автожолдарының Аралық нұсқаулығынан IAN153/11 Ұлыбританияның үздік тәжірибесіне
сәйкес бағалау үдерісін нақтылау үшін Англияның автожолдары бойынша Агенттікте жарияланған одан
арғы жаңартылған нұсқаулықтарға сәйкес келесі әдіснама алынды. Ол Қапшағай – Курты жобасына
сәйкес келеді және осы бағалау тәсілі түсіндіру мен талдауға дайын ақпарат пен мәліметтердің болуы
мен берілуі жағдайында қолданылады деп есептейді.
Бағалауда материалдарды тұтыну нәтижесінде, сонымен қатар Жоба бойынша өндірісте және
қалдықтарды пайдалануда пайда болған салдар мен тікелей ықпал етуі (қалдықтарды кәдеге асыру
бойынша талаптары қолданылмайтын қайта қалыпқа келтіру операциялары, яғни олар полигонға
шығарылмайды) қарастырылады.
12.2.1 БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ, ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЗАРДАПТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
12.2.1.1 МАТЕРИАЛДАР
Нысан құрылысына(2022/23 дейін) қажетті табиғат және басқа да ресурстарды тұтынудың әсерін
бағалау материалдардың тегі және шикізат көзі, оның ішінде жалпы қолдағы бар қоры (өндіру, қор,
сатылымы) және құрамындағы пайдалы материалдарды алудың (қайта қолдану немесе қайта өндіру
үшін) ескерілуімен жүргізіледі.
Қазылған және басқа да материалдарды (қалдықтар критерийлеріне сәйкес келетін) қайта пайдалану,
алғашқы ресурстарды пайдалануымен байланысты жайсыз зардаптары азаюы мүмкіндігін анықтау үшін
материалдарды бағалау аясында бағаланатын болады.
Бағалау барысында материалдардың ықпал ету сипаты (қолайлы/пайдалы, тұрақты/уақытша,
тікелей/жанама) ескеріледі және нәтиженің маңыздылығын анықтау үшін кәсіби пікір қабылданды.
Сонымен қатар, осы тәсіл үшін IAN 153/11 қолданылды.
Бағалау үшін төменде кестеде берілген маңыздылығы критерийі бойынша материалдарды бағалау
арқылы анықталады.