Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
санаттардағы конверсиялауға жатады. Әрбір Жобаны категориялау жобаның сипатымен, орналасқан
жерімен, сезімталдығымен және масштабтарымен анықталатын нақты немесе әлеуетті экологиялық
немесе әлеуметтік салдар сипатына және маңыздылығына байланысты.
Осы жобамен қатынасын белгілейтін А санатты жобалар мысалдарының тізімінде келесілер бар:
6.
Автомагистральдар, халықаралық темір жол қатынасына арналған жылдам жолдар және желілер
құрылысы; 2100 м немесе жоғары базалық ұшу-қону жолағының ұзындығымен әуежайлар; төрт
немесе одан да көп жолақтарымен жаңа авто жолдар немесе жаңа жолдар, немесе қайта құрылған
және/немесе кеңейтілген жол учаскелерінде 10 км және одан да көп үздіксіз ұзындығы болатын төрт
немесе одан да көп қозғалыс жолақтарын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жолдарды қайта
бейіндеу және/немесе кеңейту.
Болжалды инвестициялар қолданыстағы жолды төрт жолаққа дейін 67 км үздіксіз ұзындықпен кеңейту
үшін тағайындалған, бұл мысалда көрсетілгендей 10 км-ден артық. Бұл жоғарыда көрсетілген
критерийлерге сәйкес келеді, сондықтан мұндай Жоба Жобаның бастапқы кезеңдерінде әлеуетті елеулі
қолайсыз болашақ әсерді оңай анықтау немесе бағалау мүмкін емес, және сәйкесінше, ӘЭӘБ дайындау
жөніндегі мүдделі тараптардың бірлескен қатысуына негізделген нысандандырылған процесті орындау
қажет саясат талаптарын орындау қажетті А санатты жоба ретінде жіктеледі. Алайда экологиялық және
әлеуметтік салдарды шолудан кейін қазір әлеуетті қолайсыз әсерлер айқындалды, бағаланды және В
санатты жобаның талаптары үшін сипатты жеңілдететін шаралар көмегімен жойыла алады деп
есептеуге болады. Алайда ЕҚҚДБ талаптарына сәйкес талап етілетін жолдардың ұзындықтары үшін
бұл Жоба кешенді ӘЭӘБ дайындау және дайындалуы, және содан кейін кемінде 120 күнде жариялануы
тиісті ілеспе құжаттарды талдау қажетті А санатты жоба ретінде жіктеледі.
Авто жолды қайта құруға байланысты іс-шаралардың біреуі де 2014 жылғы ЕҚҚДБ Экологиялық және
әлеуметтік саясатындағы (ЭӘС) ерекшеліктер тізбесінде атап өтілгендерге жатпайды.
2.7 ЕҚҚДБ ЖОБАҒА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ
ЕҚҚДБ талаптары келесіден құралады:
•
Жоба келесілерді қамтып (бірақ олармен шектелмей) ЕО экологиялық стандарттарына сәйкес
құрылымдалуы тиіс: белгілі Мемлекеттік және жеке жобалардың қоршаған ортаға әсерін
бағалау туралы 2011/92/ЕО Директивасына түзетулерімен Еуропа парламентінің және Кеңесінің
2014/52/ЕО Директивасы (бұдан әрі ҚОӘБ бойынша Директива деп аталатындар);
•
Кейбір мемлекеттік және жеке жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы
2011/92/ЕО Директивасына түзетулер енгізетін Еуропа парламентінің және Кеңесінің
2014/52/ЕО Директивасы (осы құжатта ҚОӘБ бойынша Директива деп аталады);
•
Табиғи мекендау орындарын және жабайы фауна мен флораны сақтау бойынша Еуропа
парламентінің және Кеңесінің 92/43/ЕО Кеңес директивасы (осы құжатта «Мекендау
орындары туралы директива» деп аталады);
•
Жабайы құстарды сақтау бойынша Еуропа парламентінің және Кеңесінің 2009/147/EО
Директивасы (бұдан әрі «Құстар туралы директива» деп аталады);
•
Экологиялық шуылды бағалау және басқару бойынша Еуропа парламентінің және
Кеңесінің 2002/49/EО Директивасы (бұдан әрі «Экологиялық шуыл туралы директива»
деп аталады);
•
Су саясаты аясында халық іс-әрекеттері үшін шектеулер белгілейтін Еуропа
парламентінің және Кеңесінің 2000/60/EО Директивасы (осы құжатта Су бойынша
шектеу директивасы деп аталады);
•
Жер асты суларын ластанудан және сапасының нашарлауынан қорғау бойынша Еуропа
парламентінің және Кеңесінің 2006/118/EО Директивасы (осы құжатта Жер асты сулары
бойынша директива деп аталады); сондай-ақ
•
Атмосфералық ауа сапасы және Екропаға арналған одан да таза ауа бойынша Еуропа
парламентінің және Кеңесінің 2008/50/EО Директивасы (бұдан әрі Ауа сапасы бойынша
директива деп аталады).