1.
|
20 %-дық 200 г тұз ерітіндісі бар. Осы ерітіндінің құрамында неше грамм тұз бар?
|
2.
|
Ерітіндідегі тұздың концентрациясы 12%. Осындай 120 г ерітіндінің құрамында неше грамм тұз бар?
|
3.
|
Тұз ерітіндісінің концентрациясы 15%. 300 г ерітіндінің құрамында неше грамм тұз бар?
|
4.
|
Шәрбаттағы (сироп) қант концентрациясы 40 %. 300 г шәрбатта неше грамм қант болады?
|
5.
|
Таза суға тұз салды. Концентрациясы 10% 350 г ерітінді шықты. Бастапқыда қанша таза су болды?
|
6.
|
Тұз ерітіндісінің концентрациясы 5%. 1 кг ерітіндіде қанша тұз және таза су барын анықтаңыз.
|
7.
|
Теңіз суында массаға байланысты 5% тұз бар. 20 кг теңіз суынан қанша тұз алуға болады?
|
8.
|
10 г тұзды – суда ерітеді де, 10%-дық тұз ерітіндісін алады. Ерітінді массасын табыңыз.
|
9.
|
9%-дық тұз ерітіндісі бар. Одан барлық суды буландырғаннан кейін, 20,7 г тұз қалды. Суды буландырғанға дейін неше грамм ерітінді болды?
|
10.
|
48 г йод кристаллын спиртте ерітеді және 1200 г йод ерітіндісі шығады. Ерітінді концентрациясын табыңыз.
|
11.
|
200 г қантты сумен араластырады және 1 кг қант шәрбаты шығады. Қанттың шәрбаттағы пайыздық құрамын табыңыз (концентрация).
|
12.
|
Таза суғатұзсалды. Нәтижесінде, 10%-дық 1,5 кг ерітінді шықты. Бастапқыда қанша су болды?
|
13.
|
Суды қантпен араластырды және 300 г шәрбат шықты. Қанттың шәрбаттағы концентрациясы 45%. Бастапқыда қанша су болды?
|
14.
|
130 г суға бірнеше тұз салды. Тұз ерітіндісінің концентрациясы 35% болды. Ерітінді массасы неге тең?
|
15.
|
Шәйға бал салды. Шәй мен балдың жалпы массасы 200 г, ал балдың тәтті шәйдағы пайыздық қатынасы 25%болды. Шәйдің және балдың бастапқы массасы қанша болды?
|
16.
|
30 г тұзды – суда ерітеді. Нәтижесінде, 5%-дық ерітінді пайда болды. Ерітіндінің массасын және судың бастапқы массасын табыңыз.
|
17.
|
45 г тұзды – суда ерітеді. Нәтижесінде, массасы 225 г болатын ерітінді пайда болды. Ерітінді концентрациясы неге тең?
|
18.
|
Егер йод массасы 3 г, барлық ерітінді массасы 15 г болса, йодтың спирттегі ерітіндісінің концентрациясы неге тең?
|
19.
|
50 г балды 200 г шәйда ерітеді. Балдың шәйдағы пайыздық құрамын табыңыз.
|
20.
|
50 г тұзды 450 г суда ерітеді. Пайда болған ерітіндінің концентрациясы неге тең?
|
21.
|
250 г мыс пен 350 г қалайыны балқытады. Мыстың қоспадағы пайыздық құрамын табыңыз.
|
22.
|
Суды сүтпен араластырады. Қоспаның көлемі 1 л болды. Сүттің қоспадағы пайыздық құрамы 80%. Сүттің және судың қоспадағы көлемін табыңыз.
|
23.
|
5 л сүтті сумен араластырды. Егер қоспа көлемі 7,5 л болса, судың қоспадағы пайыздық құрамын табыңыз.
|
24.
|
3 л сүтке 1 л су қосты. Сүттің қоспадағы пайыздық құрамын табыңыз.
|
25.
|
Сүтпен суды араластырған. 1,8 л су бар, ал сүттің қоспадағы пайыздық қатынасы 80%. Қоспада неше литр сүт бар?
|
26.
|
160 г суға 40 г тұз салды. Тұз ерітіндісінің концентрациясын табыңыз.
|
27.
|
50 г суға 2 г тұз салды. Тұз ерітіндісінің концентрациясын табыңыз.
|
28.
|
200 г мыс пен 300 г қалайыны балқытады. Мыстың қоспадағы пайыздық қатынасын табыңыз.
|
29.
|
600 г суға 400 г қант қосты. Қанттың шәрбаттағы (сироп) концентрациясын табыңыз.
|
30.
|
Ерітінді концентрациясы 50 % болу үшін 200 г суға қанша тұз салу керек?
|
|