32.
|
Мөлдір апай сорпа пісіріп жатыр. Сорпа кішкене ащылау болып шықты. Мұны түзеу үшін Мөлдір апай не істеу керек?
|
33.
|
Мади ағай да сорпа пісіріп жатыр. Ол сорпаға бірінші рет тұз салды, кейін тұзы аз екенін білді де тағы да тұз салды. Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
Ол екінші рет тұз салғанда, тұздың сорпадағы консентрациясы аз болып қалды;
Ол екінші рет тұз салғанда, тұздың сорпадағы консентрациясы көп болып кетті;
|
34.
|
5 % -дық тұз ерітіндісіне тағы да тұз қосты. Төменде келтірілген нұсқалардың қайсысы тұз салғаннан кейін ерітіндінің концентрациясы бола алмайды? Неге?
5,5 %
6 %
4,5%
10%
35 %
|
35.
|
7 % -дық ерітіндіге тағы да су қосты. Төменде келтірілген нұсқалардың қайсысы су құйғаннан кейін ерітіндінің концентрациясы бола алады? Неге?
4 %
7 %
10 %
8 %
7,5 %
|
36.
|
30%-дық және 40%-дық ерітінділерді араластырды. Төменде келтірілген нұсқалардың қайсысы пайда болған ерітіндінің концентрациясы бола алмайды? Неге?
45 %
35 %
37 %
33%
31 %
|
37.
|
Теңіз суының құрамында 8 % тұз бар.Құрамында 4 % тұзы бар су алу үшін 200 кг теңіз суына қанша тұщы су қосу керек?
|
38.
|
16 %-дық 735 г йодтың спирттегі ерітіндісі бар. 10 %-дық йод ерітіндісін алу керек. Бар ерітіндіге неше грамм спирт қосу керек?
|
39.
|
Теңіз суында массаға байланысты 5 % тұз бар. 20 кг теңіз суынан қанша тұз алуға болады? Тұз концентрациясы 1,5% болу үшін 15 кг теңіз суына қанша тұщы су қосу керек?
|
40.
|
15% -дық 80 г тұз ерітіндісіне 20 г су қосты. Пайда болған ерітіндінің концентрациясын анықтаңыз.
|
41.
|
4 %-дық ерітінді алу үшін тұздың судағы 5 %-дық 40 г ерітіндісіне қанша су қосу керек?
|
42.
|
36 кг мыс пен мырыш қоспасы құрамында 45 % мыс бар. Пайда болған жаңа қорытпа құрамында 60 % мыс болу үшін осы қорытпаға мыстың қандай массасын қосу керек?
|
43.
|
24 кг мыс пен қалайы қоспасы құрамында 45 % мыс бар. Пайда болған жаңа қорытпа құрамында 60 % мыс болу үшін осы қорытпаға таза қалайының қандай массасын қосу керек?
|
44.
|
16 кг мыс пен қалайы қоспасы құрамында 55% қалайыбар. Пайда болған жаңа қорытпа құрамында 60 % қалайы болу үшін осы қорытпаға таза қалайының қандай массасын қосу керек?
|
45.
|
10 пайыздық сіркесу қышқылы ерітіндісінің 2 литріне 8 л таза су қосу. Алынған ерітіндідегі сіркесу қышқылының пайыздық құрамын анықтау.
|
46.
|
3кг суға 9кг күкірт қышқылының 70% пайыздық ерітіндісін қосты. Алынған ерітіндінің концентрациясын анықтау.
|
47.
|
2кг 18%-дық тұз ерітіндісін бір стақан сумен араластырды (0,25кг). Алынған ерітіндінің концентрациясы (%) неше пайызды құрады?
|
48.
|
100г ерітіндіде 1% тұз бар. Буланғаннан кейін тұздың құрамы 2% болды. 2% - пайыздық тұз ерітіндісінің массасын табыңдар.
|
49.
|
95% пайыздық күкірт қышқылын алу үшін 50г 80% -дық күкірт қышқылына 100% -дық күкірт қышқылын қосу керек. Қосу керек болатын 100%-дық күкірт қышқылының массасы нешеге тең.
|
50.
|
Түймедағы (ромашка) кептірген кезде массасының 84% -ын жоғалтады. Құрғақ түймедағының 8кг алу керек. Онда жинау керек болатын түймедағының массасы нешеге тең болады?
|
51.
|
Тұздың концентрациясын 3% -дан 2%-ға дейін азайту үшін 20 кг теңіз суына неше килограмға тең тұщы судың массасын қосу керек?
|
52.
|
Теңіз суының құрамында 5% (массасы бойынша) тұз бар. 40 кгтеңіз суына тұщы суды қосты және алынған судағы тұздың құрамы 2% құрады. Қосылған тұщы судың массасы нешеге тең?
|
53.
|
Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз бар. Концентрациясы 1,5%-ды құрау үшін 15 л теңіз суына қанша тұщы су қосу керек?
|
54.
|
Жаңа піскен таңқурайдың құрамында 85% су болады, ал құрғақ таңқурайдың құрамында – 20%. Егер жаңа піскен таңқурай 36 кг болса, кепкен таңқурайдың массасын табыңдар.
|
55.
|
Қоймада сақталған астықтың ылғалдығы 20% болды. Кептіргеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Бастапқы ылғалдықта қоймада 51т астық болды. Кептіргеннен кейін астықтың массасы нешеге тең?
|
56.
|
Массалары 80 г және 120 г тұз ерітінділері бар. Бірінші ерітіндіде 12 г, екіншісінде 15 г тұз ерітілген. Екеуін араластырғанда пайда болған ерітіндінің концентрациясын табыңыз.
|
57.
|
Массалары 110 г және 130 г тұз ерітінділері бар. Бірінші ерітіндіде 33 г, екіншісінде 58,5 г тұз ерітілген. Екеуін араластырғанда пайда болған ерітіндінің концентрациясын табыңыз.
|
58.
|
366 г 24 %-дық қышқыл ерітіндісімен 234 г 36 %-дық ерітіндіні араласырғанда пайда болатын ерітіндідегі қышқылдың пайыздық мөлшерін табыңыз.
|
59.
|
200 г 10% -дық қант шәрбатын 300 г 20% - дық қант шәрбатымен араластырғанда шығатын ерітіндінің концентрациясын (%-бен) табыңыз.
|
60.
|
300 г 50 %-дық және 100 г 30 %-дық қышқыл ерітінділер араласты. Жаңа ерітіндіде қышқылдың пайыздық мөлшерін табыңыз.
|
61.
|
|