1/30/12
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ЖЕЛІ…
1/3
kaznmu.kz/press/2012/01/27/коммуникациялық-технологиялармен-жұ/
М
ақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту үдерісіндегі ерекшелігі жан-жақты баяндалған. Сонымен қатар, коммуникациялық
технологиялармен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерде қарастырылған. Осыған байланысты студенттердің желідегі тәртіп ережелерін
талқылау үшін желілік этикет ережелері ұсынылған.
Қазіргі кезде елімізде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен әртүрлі әлеуметтік, экономикалық және
саяси үдерістерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар компьютерлік желілерді пайдалану арқылы
жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен
пайдаланылу кезеңінде білім мекемелерін білікті мамандардан, аппараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да
ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында
тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу үдерісі, басқару, ғылыми зерттеу)
сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.
Жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін сапалы ақпараттық сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқыту үдерісінің мақсатымен,
студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен, оқытылатын пәндермен, білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен анықталады.
Қазір көптеген ЖОО-да оқыту үдерісінің ақпараттық құралдары мен қорларын, оқу орнының ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқару ісі мен сабақтан тыс
өткізетін жұмыстарын біртұтас ақпараттық білім ортасына біріктіруге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл зерттеулердің негізгі принципі жоғары кәсіби білім
беру жүйесінде мамандар даярлаудың теориясын, әдістемесін және практикасын толық есепке алу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мамандарды дайындаудың мәніне көп әсерін тигізеді.
Қазір оқу мақсатында коммуникациялық технологиялардың әртүрлі тәсілдерін қолдануда білім жүйесімен тығыз байланысты олардың бірнеше ерекшеліктерін
атап өтейік:
1. Коммуникациялық технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту объектісі, оқыту құралы және студенттердің болашақ кәсіптік-педагогикалық
әрекетінің құралы;
2. Коммуникациялық технологияларды оқыту үдерісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір студенттің түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске
асыруға көмектеседі;
3. Коммуникациялық технологиялар оқу әрекетіндегі студенттердің өзіндік іске асыруын, өзіндік ұйымдастыруын, өзіндік, белсенділік, шығармашылық үшін
жаңа мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі;
4. Коммуникациялық технологияларды қолдану студенттердің өз ақпараттық әрекетін бағалау тәжірибесін (таным ақпараттарын таңдау, оның өнегел-
этикалық мағыналылығы, өзінің ақпараттық әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілігі), қазіргі ақпараттық қоғамдағы гуманитарлық, құндылы-мағыналық
бағыттардың тәжірибесін белсенді етеді;
5. Коммуникациялық технологиялар информатиканың жобалау әдісін оқытудағы педагогикалық технологиялардың бірі ретінде қолдануға көмектеседі;
6. Коммуникациялық технологияларды оқытуда, оларды болашақ кәсіптік-педагогикалық әрекетінде қолдану студенттердің білімдегі ақпараттық
технологияларды қолданудың тиімділігі туралы түсініктерін кеңейтеді.
Алайда, мұндай ерекшеліктерімен қатар коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерді атап өткен абзал. Көп жағдайда
компьютерлік желі сервистеріндегі адам тәртібінің эталонды ережелері сақтала бермейді. Осыған байланысты студенттердің желідегі тәртіп ережелерін
талқылау үшін жеке ережелерін «Интернет желісіндегі өнегелі нормалар жинағын (желілік этикет ережесі)» ұсынып отырмыз.
ЖЕЛІЛІК ЭТИКЕТ ЕРЕЖЕСІ
1-ереже: Сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есіңізде ұстаңыз. Сізді балабақшада үйреткен, алтын ереже қандай? Басқаларға олай істеме, әйтпесе оларда
саған соны жасайды. Өзіңізді сөйлесіп отырған адамның орнына қойыңыз. Қоршағандарға тіл келтірмей, өз көзқарасыңызды білдіруден бас тартпаңыз.
Кейбір кеңістікте «Телекоммуникацияны пайдаланған кезде сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есте ұстаңыз, әйтпесе компьютер экранымен жұмыс істейсіз.
!"##$%&!'(&)*+
Қ ,-.%"*"/&)*'0#-% 1Ұ#+2
32,-$43
Ң -0-!5-*3/3 1Ә%- 1-*3*3! 6,&!-, -0-1-23
1/30/12
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ЖЕЛІ…
2/3
kaznmu.kz/press/2012/01/27/коммуникациялық-технологиялармен-жұ/
Сіз қолмен ешнәрсе көрсете алмайсыз, дауыс ырғағын өзгерте алмайсыз, және сіздің бет пішініңіз де ешқандай рөлді білдірмейді. Сіздің сырласыңыз сөз, тек қана
сөз көреді» деп айтылған.
Электрондық почта немесе телеконференция бойынша сөйлесіп отырған кезде сіздің сырласыңыздың сөз түсіндіруінде сіз жеңіл қателесуіңіз мүмкін. Өкінішке
орай сіздің адресатыңыз да өзінің сезімі мен әдеті бар адам болуын ұмытпау қажет.
2-ереже: Шынайы өмірдегі тәртіп стандартын желіде де ұстаңыздар.
Шынайы өмірде біздің көпшілігіміз кейде шектеуге, кейде ұсталып қалмайық деп заңға бағынады. Виртуалды кеңестікте ұсталып қалу мүмкіндігі бар. Кейде
адамдар «экран артында» тірі адам отырғанын ұмытып, желідегі тәртіп ережелері қарапайым өмірдегідей қатал емес деп ойлайды.
Бұл қателік түсіндіріледі, сонда да бұл қателік. Тәртіп стандарттары виртуалды кеңестіктің әртүрлі нүктелерінде әрқалай болуы мүмкін, бірақ шынайы
өмірдегідей олар жұмсақ емес. Қатынас этикетін сақтаңыздар. «Барлық этикет сіздің өзіңіз үшін құрастырылғаннан тұрады» деп айтатындарға сенбеңіздер. Егер
де сіз киберкеңістікте этикалық түрдегі мәселені кездестірсеңіз, онда оны шынайы өмірде қалай шешетініңізді ойлаңыз.
3-ереже: Киберкеңістікте сіз қай жерде екеніңізді есте ұстаңыз. Бір жерде бірден қабылданады, ол бірақ басқаларға дөрекілік деп саналуы мүмкін. Мысалы,
теледидарлық бағдарламалар талқыланатын конференциялардағы әртүрлі сөздер мен өсектер – кәдімгі жағдай. Егер сіз олармен журналистикалық пікір-
таласқа қатысуды шешсеңіз, Сізге ол ешқандай атақ қоспайды. Сондықтан виртуалды кеңістіктің жаңа аясында болсаңыз, алдымен жан-жағыңызға қараңыз.
Уақытыңызды жағдайды түсінуге жұмсаңыз, адамдардың қалай және не туралы айтып жатқанын тыңдаңыз. Осыдан кейін әңгімеге түсіңіз.
4-ереже: Басқалардың уақыты мен мүмкіндігін сыйлаңыз.
5-ереже: Бет келбетіңізді сақтаңыз. Анонимдік ерекшелігін қолданыңыз. Желіде (мысалы конференцияда) сіз шынайы өмірде кездеспеген адамдармен
кездесуіңіз мүмкін. Олардың ешқайсысы да сізді көрмейді. Сондықтан да ешкім сізді теріңіздің, көзіңіздің, шашыңыздың түсі, салмағыңыз, жасыңыз немесе
киіміңіз үшін сөкпейді. Бірақ, сізді жазуыңыз бойынша бағалайды. Желідегілер үшін бұл өте маңызды. Осыдан грамматика ережесі ерекше орын алады.
Қолданушыларды балағаттамаңыз. Және де төзімді, әрі сыпайы болыңыз. Нормативті емес лексиканы пайдаланбаңыз, ұрыс-керіс үшін ұрыс-керіске түспеңіз.
6-ереже: Қай жерде сіз көмектесе аласыз, сол жерде басқаларға көмектесіңіз. Соңында, осы кері жағдайдан кейін, бір жақсы кеңес. Виртуалды кеңістікте неге
сұрақ қою тиімді? Өйткені сіздің сұрағыңыздың жауабын білетін көп адамдар оқиды. Тіпті тек бірнеше адам ғана жауап бергеннің өзінде, білімнің жалпы көлемі
желіде ұлғаяды. Интернет ғалымдардың тәжірибе алмасуын өсіріп отыр. Кейінірек бұл үдеріске басқаларда әуестене бастады. Сондықтан – қатысыңыздар.
Тәжірибе алмасу – әуестенетін іс. Бұл желінің бұрынғы және өте жақсы дәстүрі.
7-ереже: Бәсекелеске түспеңіз және оларды флеймге жіберіңіз. Флейм (flames) – бұл басқа қатысушы әңгімелерінің ойын ескермей айтылған эмоционалды
ескертулер. Флейм – бұл да желінің ескі дәстүрі. Флеймдер шығарушыларға ғана емес, оны оқитындарға да пайдалы болуы мүмкін.
8-ереже: Жеке жазба құқығын сыйлаңыз.
9-ереже: Өз мүмкіндіктеріңізді теріс пайдаланбаңыз. Виртуалды кеңістікте кейбір адамдар өздерін профессионал (білікті маман) сезінеді. Бұл әрбір желілік
ойындардағы шеберлер, әрбір офистегі сарапшылар және әрбір жүйедегі жүйелік адмитистраторлар. Басқа қолданушыларға қарағанда кең білімдері бар немесе
қолдарында кең өкілеттігі бар бұл адамдар атақты тез алады. Бірақ, олар онымен қолданады дегенді білдірмейді. Мысалы, желілік адмистраторлар жеке
почталық хабарламаны оқымауы тиіс.
10-ереже: Басқалардың қатесін кешіруде үйреніңіз. Әрбір адам кезінде жаңа адам болған және әрбірі бұл кітаптан мүддесін алып тастамайды. Сондықтан да
біреу қате – ол сөздегі қате; абайсыз флейм; мағынас сұрақ немесе дұрыс емес ұзын жауап жіберген жағдайда – оған түсініспен қарауға тырысыңыз. Сіздің
сұхбаттасушыңыздың – адам екенін ұмытпаңыз. Желі әкімшілігіне сөгіс жасамаңыз. Қысқаша болыңыз. Өзіңіз туралы ойды қадір тұтыңыз мағыналы тақырыпты
қолданыңыз. Оқитындарды ойлаңыз. Әзілмен абай болыңыз! Кросс-постингке қызықпаңыз. Өз жауабыңызда айтылғандарды біріктіріңіз. және қысқаша жасаңыз.
Конференция емес, электронды почта арқылы жауап беріңіз. Хабарламаға жауап бермес бұрын, алдымен барлығын оқып шығыңыз. Авторлық құқық және
лицензия туралы есте сақтаңыз. Сілтеме туралы ұмытпаңыз. Басқалардың көңілін түсіретін, сөздерді белгілеп қойыңыз. Сөз жолының ұзындығын қысқартыңыз
және арнайы символдарды қолданбауға тырысыңыз.
Қорыта келгенде, ауқымды желіде өздеріне қажет ақпарат іздеп отырып, студенттер «Интернет желісінде жарияланған ақпараттық құқықтық қорғау» мәселесін
кездестіреді. Көптеген студенттер баяндама, реферат, курстық жұмыс жазуда ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады: веб-беттерінде жарияланған
ақпараттарды толығымен немесе таңдап көшіреді, бағдарлама архивін, оларды қызықтыратын жұмысты, суретті, анимация және т.б. көшіріп алады. Соған
қарамастан олар өз істеріне бұл ақпараттың «өзінің жеке құқық иесі бар» екеніне мүлдем есеп бермейді және көп жағдайда оны пайдалану үшін сәйкес рұхсат
алу қажет екенінен хабарсыз болады. Сондықтан студенттер ақпараттың құқықтық қорғау нормасын бұзбай, ақпаратты қолданудың ережелерін меңгеруді,
ақпараттың қайнар көздеріне дұрыс сілтеме жасауды, ақпараттық қорларды қолдануда құқық иелеріне сұраныс құруды үйренуі тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Вестник КазНПУ им.Абая, Алматы, №2(13), 2005г., 161-165б.
2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуындағы ашық қашықтан білім берудің келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның материалдар жинағы, Алматы, 2009ж., 21-22 қазан.
INFORMATIONAL AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES IN EDUCATIONAL PROCESS
Abstract This article is about the specific features of informational – communicative technology in teaching process.
Besides, it is considered the short ages that are met in the usage of communicative technology. In this case it is presented the rules of etiquette for students on behaving in net.
1/30/12
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ЖЕЛІ…
3/3
kaznmu.kz/press/2012/01/27/коммуникациялық-технологиялармен-жұ/
ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ
Резюме В данной статье всесторонне расматриваются особенности информационно-коммуникационых технологии в учебном процессе. Кроме того,
рассматриваются недостатки использования коммуникационных технологий. В связи с этим предлагаются правила для обсуждения этикета студентов в сети.
!"#$% '
ұұ()#*#+ ,ұұ(#"ққ-.-, /.ғғ.0., 1%23$4 *5$1345$ #4ққ#(6"-,
!"#$ #%&'(#
ғ& Қ#)Ұ*+, ,#-./%0#%10# 2ә'3 PhD (45%40#'%10# .'/%.%1%&
,3(.6.'#7&
қ ".48.).5# 2ә'3 9#%39#%.5#7&қ /%#%./%.5# 5#83(0#/&'&ң #ғ# 4қ&%1:&/& ;1/.<"354=#
>47<#' ?073<3/
қ&)&
C.@.!/83'(.A04= #%&'(#
ғ& Қ#)#қ Ұ7%%&қ ,3(.6.'# +'.=30/.%3%B
!"#$: informational – communicative technology, !
қ"!#!$$%қ-&'(()*+&!,+-.%қ $/0*'.'1+-, +*2'#(!,+'**'-&'(()*+&!,+'**%/ $/0*'.'1++, )3/4*%5 "#',/66