43
Іріктеп алынған терминдерді қолдана отырып, жағдаяттық диалог
құрастыру.
Құрастырылған диолагта сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен құрмалас
сөйлем болуы керек.
Іріктеп алынған терминдердің орысша баламасын тауып, олардың
қазақ тіліндегі түсіндірмесін беру
Қойылатын талап:
1) Түсіндірме сөздіктің көлемі - 10 термин мен терминдік бірліктен
тұруы.
2) Жұмыс көлемі – әр сөйлеушіден 15-20 реплика. Диалогтар
ұсынылған кәсіби және қоғамдық-әлеуметтік салаларға байланысты
қатысымдық жағдаяттарға негіздей құрылуы.
3) Диалог барысында сөз әдебі мәдениетін сақтауы.
4) Жағдаяттық
диалогты құрастыру барысында төменде
берілген тұрақты сөйлеу формулалары және диалогтың түрлерін
пайдалану керек.
Тұрақты сөйлеу формулалары:
Сұхбатасуды бастау
Менің ойымша, біз
әңгімемізді
келесі
мәселені
талқылаудан
бастағанымыз дұрыс сияқты...
Бүгін мен белгілі мәселелерді қайтадан талқылауды ұсынамын...
Бүгінгі кездесуіміздің себебін сіз жақсы білетін болғандықтан, бірден
талқылайтын мәселемізге көшсек...
Әңгімемізді біз .... талқылаудан бастасақ. Менің сізбен кездесуге келген
себебім....
Біз әңгімемізді мені көптен
толғандырып
жүрген
....
мәселеден бастасақ.
Осыған
дейін арамызда болған келісімге сәйкес, әңгімемізді
... қарастырудан бастағанымыз дұрыс болар деп ойлаймын.
Келіскенді немесе құптағанды білдіру
Сіздердің шарттарыңыз бізді толық қанағаттандырады. Бұл ойыңызға
біз қарсы емеспіз.
Біз келісімге келе аламыз деп ойлаймын.
Мен сіздің көзқарасыңызды толық құптаймын. Біздің бұл пікіріңізге
қарсы айтарымыз жоқ. Бұл, біздің ойымызша өте жақсы идея. Мен сіздің
пікіріңізбен толық келісемін. ... туралы менің көзқарасым сіздікімен толық
сәйкес келеді. Тұтастай алғанда сіздің шарттарыңызды толық қабылдауға
болады. Жалпы біз келісімге келдік деп есептеуге болады.
44
Өз көзқарасын қорғауға тырысу
Мен бұл бапты басқа көзқарас тұрғысынан қайтадан талқылауды
ұсынамын.
Біз осы мәселені басқа қырынан қарастырып көрейікші.
Мен сізден осы сұраққа қатысты қосымша мәліметтерді алғым келеді.
Біз әңгімеміздің негізгі тақырыбынан біршама ауытқып кеткен
сияқтымыз.
Осындай себептерге байланысты, осыған дейін қарастырған баптардың
бірқатарына қайта оралуды ұсынамын.
Мен бұл мәселені шешудің басқа жолын көріп тұрмын, сол себепті
түсініктеме бере кеткім келеді...
Талқылағалы отырған мәселені шешудің басқа да жолы бар
екендігімен сіз келісесіз деп ойлаймын.
Мен ... туралы мәселені қайта қарастырудың қажеттігі жайында айтқым
келеді.
Мүмкін, осы мәселеге қатысты сарапшылардың қорытындысы сізді
қызықтыратын шығар.
Өтінішті білдіру
Егер келіссеңіз, біз сізге қарыздар болар едік... Сіз осылай істей
алмайсыз ба...
Сізге қиын болмаса... Сізге ауыр тимесе...
Мен сізге риза болар едім, егер...
Біз сіздің көмектесе алатындығыңызға сенеміз...
Мен сізден ... сұрағым келеді
Сіздің тарапыңыздан үлкен көмек болар еді, егер...
Белгісіздікті немесе күдікті білдіру
Бұл мәселеге байланысты пікірім толық қалыптысып болған жоқ.
Кейбір мәселелер мені қатты күдіктендіреді.
Менде айтқандарыңыздың нақтылығына сенімсіздік тудыратын
мәліметтер болғандықтан, сіздің мына мәселелерді анықтауыңызды өтінер
едім.
Кейбір мәселелерге
байланысты
сіздің
ойыңызды
толық
түсіне алмадым. Осының қажеттілігі жайлы үлкен күдігім бар.
Менің ойымша мұндай шешімді қабылдауға әлі ерте сияқты. Мен бұл
мәселенің басқаша шешілгенін қалар едім.
Келіспеушілікті, қабылдай алмауды білдіру
Тұтастай алғанда сіздің ұсынысыңызды қабылдауға болады, бірақ...
45
Біздің көзқарасымыз сіздікінен біршама бөлектеу. Біз бұл мәселеге
басқа түсінік тұрғысынан қараймыз.
Жалпы сіздің ұсыныстарыңыздың көпшілігімен келісеміз, бірақ біздің
бірнеше ұсыныстарымыз бен ескертулеріміз бар.
Сіздің нұсқаңызбен келісу оңай емес, себебі оны іске асырудың
белгілі бір қиыншылықтары бар.
Бізді сіз ұсынған шарттар толықтай қанағаттандыра алмайды.
Өкінішті, біздің қаржылық
жағдайымыз
сіздің
өтінішіңізді
қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.
Өкінішке орай, біз сіздің шартыңызды қабылдай алмаймыз.
Біз сіздің осы мәселені көтеруге көп күш салғаныңызға ризашылықпен
қараймыз, бірақ біз келісе алмайтындығымызды білдіруге мәжбүрміз.
Нақты жауап бермеуге тырысу
Сіздің сұрағыңызға нақты жауап беру қиын, себебі...
Аталған мәселеге тек қана жалпылама түрде ғана жауап беруге болады.
Мен оның жалпы сұлбасын ғана шамалаймын.
Маған ол туралы айту қиын.
Мен сізге толық жауап беруге қиналамын.
Өкінішке орай, ол туралы біздің толық мәліметіміз болмай тұр.
Біз ол туралы білмейміз, сол себепті көтерілген мәселе жайлы нақты
ешнәрсе айта алмаймыз.
Сұхбатты аяқтау
Сонымен, біз әңгімеміздің соңына жақындап келеміз.
Кәне, біздің келісімдеріміздің қорытындысын шығарайық. Сұхбаттың
қорытындысы ретінде менің айтқым келгені...
Менің байқауымша, біз бүгінгі сұрақтардың бәрін қарастырып болдық.
Меніңше ... мәселесін шешілді деп есептеуге болады.
Сіздерге бүгінгі талқылауға қатысқандарыңыз үшін біздің
фирмамыздың атынан алғыс білдіріп, болашақ әріптестігіміздің сәтті
болатындығына сенім білдіруге рұқсат етіңіздер.
Талқылауға қатысуға уақыт бөлгендеріңіз үшін сіздерге шын
жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Менің ойымша сіздер өз
шешімдеріңізге риза боларсыздар.
Диалогтың түрлері:
1) диалогтық сұхбат (разговор) – бір тақырыпқа арналған қысқа
уақыттық әңгіме;
2) диалогтық әңгіме (беседа) – шешім қабылдау мақсатында
мәліметтермен бөлісіп, оқиғаға немесе жағдайға қатысты өз көзқарастарын
Достарыңызбен бөлісу: |